Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімнің бұрынғы әйелі баласын маған тастап кете барды

  • Күйеуімнің бұрынғы әйелі баласын маған тастап кете барды

    Күйеуімнің бұрынғы әйелі баласын маған тастап кете барды

 Мен озім жайлы айтып біраз шер тарқатқым келеді. Жасым 31-де екі баланың анасымын. Мені еріксіз алып қашып кетті, содан не керек қайтып келді деген атқа ілінбейін деп қала бердім. 23 жасымда тұңғышымды босандым күйеуімнің менен алдын əйелі ұлы мен қызы болған екен, мен оны кейіннен білдім.


Біраз уақыттан кейін күйеуімнің бұрынғы əйелі келіп баласын тастап кетті. "Мен тұрмысқа шығып жатырмын бала сенде қалсын, қызды өзіммен алып кетем" деді. Солай ол əйелі тұрмысқа шығып кетті, содан кейін қанша жыл өтті хабарсызбыз. Бала ол кезде 5 жасар еді. Мені жəймен "мама" деп айтқызып үйреттік, содан кейін өз балам туылды. Екі баланы бағып, тату-тәтті тұрып жатыр едік Алайда  баламыз екі жастан асқанда куйеуім жол апатынан қаза тапты. Солайша артында жылап қала бердік. Жылын өткізіп болған соң енем "өз жолыңмен жүре бер жассың" деп шығарып салды. Мен кетіп бара жатқанда үлкен ұл артымнан қалмай мамаммен кетем деп тұрып алды. Оны менде тастап кетуге қимадым. Атам да "біздің жас келіп қалды, бұл баланы да өзіңмен алып кет, арасында көрсетіп тұрсаң жетеді" деді. Солай қолыма азын аулақ ақша беріп шығарып салды.


Сонымен төркініме барып балаларды тастап жұмыс жасап жүрдім. Ол жақта жеңгенің қас-қабағына қарап отырудан шаршап бөлек пәтер жалдап өз тірлігімді жалғастырып жүрдім. Баламның үлкені 13-тен, екіншім 8-ден асты. Атам да қайтыс болды. Балаларды əжесіне апарып тұрамын, енемде қолынан келгенше көмектеседі, оған да рахмет.


Жақында күйеуімнің бірінші əйелін көріп қалдым. Амандасып болып, баласының өсіп қалғанын, куйеуімнің қайтыс болғанын айтып едім,  "Енді маған не дейсің, мен ол баланы бұрын сендерге тастап кеткем, енді маған оны қайтарып беремін деп əуре болма, менің өз балаларым жетеді, деп бұрылды да, кетіп қалды. Мен оған "балаңды алшы "деп айтайын деген ойым да болған жоқ, тіпті тартып алам десе де бірмеймін, өйткені оны өз балам деп санаймын.


Ендігі мəселе, балама мен сенің туған анаң емеспін деп айтсам ба екен, жоқ əлде жасырулы күйде қала бергені дұрыс па? Қазіргі кездері бəрі тағы да тұрмысқа шықсаңшы жалғыздық тек бір Аллаға тəн деп отырады. Ал мен екінші рет тұрмыс құрғым келмейді, бір емес екі баламды басқаға жəутеңдетіп қоя алмаймын. Соңғы кездері тіпті шаршап жүрмін. Неге мені ерте бастан жесір етіп қойды деп жылап та аламын. Екі баланы жалғыз өсіру және олардың тəрбиелеу оңай емес екен, болашақтарына алаңдаймын. Мен барынша махаббатымды аямай жүрмін, улкен баламды жаттығуға жіберіп тұрамын, сəл де болса қаттырақ өз өзін қорғап, бауырына қамқоршы болсыншы деген оймен. Бұйырса нағыз азамат болып өсіп,  кейін мені асырайтын осылар ғой. Сол үшін барынша қолымнан келгенді аянып жатқаным жоқ. Ішімдегіні бөлісу үшін жаздым. Дəл кəзір жабығып жүрмін. Ерлі-+зайыптыларды көріп,  еріксіз көзіме жас келеді. 


Аноним 




Көрілген: 3256    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.04.2018, 08:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31