Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімнің досын сүйіп қалдым

  • Күйеуімнің досын сүйіп қалдым

    Күйеуімнің досын сүйіп қалдым

 Сәлеметсіздер ме құрметті  оқырмандары! Сіздермен өз сырыммен бөлісейін деп едім. Тұрмыстамын, күйеуіммен бірге тұрамын. Отау құрғанымызға биыл 3 жыл толады. Алайда арамызда бала жоқ.


Күйеуім күні бойына жұмыста. Үйде күні бойы жалғыз өзім отырамын, жұмыссызбын. Арамызда бала болмағаннан ба, әлде жалғыздықтан жалықтым ба, күйеуімнен мүлде суып кеттім. Үйде жалғыз отырғанымда күйеуімнің жолдас баласы келгіштеп жүретін. Ол маған үйдің кейбір тірлігіне көмектеседі, көңілімді көтеріп, жақсы сырласады. Сөйтіп жүргенде ол екеуміз бір-бірімізді ұнатып қалдық. Бір жылдан бері сол жолдас баласы екеуміз жыныстық қатынастамыз. Басында құмарлық қана шығар деп ойлағам, бірақ арамыздағы сезім махаббатқа ұласты. Күйеуім жоқ кезде үйде емін еркін жүреміз. Бір-бірімізді қатты жақсы көреміз, кейде ол өз күйеуімнен де қызғанады. Күйеуіме мүлде жақындағым келмейді. Не істесем болады? 


Өтінем, қатты сөкпеңіздерші, өзім де іштей қынжылып жүрмін, бірақ жүрекке әмір жүрмейді екем. О баста неге тұрмысқа шыққанымды өзім де білмеймін, жай ғана ұнатқан екенмін, бірақ күйеуімді сүйген жоқпын. Сүю дегеннің не екенін күйеуімнің жолдасы сезіндіре білді. 


Аноним 




Көрілген: 5344    Пікірлер: 9

дүйсенбі, 27.11.2017, 09:42

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
9 Сәуір, 14:44
Күйеуім суып барады

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30