Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімнің көңілдесінен қалай кек алсам екен...

  • © qwizz.ru

    © qwizz.ru

Осы айдардың тұрақты оқырманымын. Күн сайын жаңаруын күтіп отырып, оқимын. Ойлана келе өз басымдағы жағдаймен де бөліскім келді. Мен үй шаруасындағы әйелмін. 25 жасымда тұрмысқа шығып, үш баланы қатарынан өмірге әкелдім.


Жақында 30-ға толам, кішкентайым 9 айлық. Басында-ақ қатарынан бірнешеуін жас кезімде туып алсам деген мақсатым болды да, жұмысқа шығуға да талпынбадым. Оның үстіне жолдасым 35 терге кеп қалған соң, баланың басын көбейтіп алсам деген мақсат болды. Қазір де бар мақсатым ауыртпай, осыларды аман-есен өсіріп алсам деген ой ғана.


Аллаға шүкір біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп жатырмыз. Жолдасым жол-патрульдік полициясында бөлім басшысы. Ақшадан айтарлықтай таршылық көрген жоқпыз. Бірақ соңғы 3-4 айда күйеуімнің көңілдесі бар екенін сезінгелі, жиі стреске ұрынатын болып жүрмін. Күйеуім жалтаратын сөз таппай мойындады да. Мен үсті үстіне туып өз-өзіммен әуре болып жүргенде тауып алса керек. Сол үшін «сонда мен кім үшін тезірек бала туып алуға асықтым, кімнің ұрпағым көбейткім келіп жүр» деп талай рет жыладым да. Жұмыс уақыты қалыпты болмаған соң, қадағалай да бермейтінмін. Әлде балабасты болып кеттім бе? Әйтеуір осының барлығы оның тез-ақ көңілдес тауып алуына ықпал еткен секілді. Соңғы рет ұрыс болғанда «қойдым» деп ант-су да ішті. Бірақ қоймағанын сеземін. Кездесіп жүрген бойжеткенін де тауып алдым. Менен бір-екі жас кіші қыз. Менен әлдеқайда сымбатты да көрінді. Әрине әлі өмірге бала әкелмеген бойдақ қыз емес пе?! Өз өзіне қарауға да уақыты мол. Дегенмен соңғы кездері одан кек алу жайлы жиі ойлайтын болып жүрмін.


Ғаламторды ақтарып отырып, кейбіреуердің күйеуінің көңілдесінен бетіне кислота шашып, кек алғанын да оқыдым. Мен де дәл солай кек алғым келеді. Оның сондай түрін көргенде ғана күйеумнің одан бас тартатынын сеземін. Мұның қылмыстық жауапкершілік екенін де білемін. Бірақ осы бір ой басыма тыныштық берер емес. Үйде отырғасын да адам құлазып кетеді екен. Балапандарымның бал қылығына алданып, ұмытқандай боламын да, қайта есіме түссе кек алу туралы ой басымнан шықпай қояды. Сіздермен бөліссем кішкене жеңілдермін деген оймен жазып отырмын. Не істесем болады? Неге біреудің шаңырағын шайқалтқан адам жазасыз қалуы керек? Менің күйеуіммен арамызды суытқан адам неге еш қайғысыз өмір сүреді? Менің балапандарымның обалы кімге? Бүгінде сырты бүтін болғанымен іші түтін отбасымызға тек кінәлі сол емес пе?


Айгүл, Алматы қаласы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 876    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.02.2019, 11:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28