Күйеуімнің опасыздығын қалай ұмытам...

Күйеуімнің опасыздығын қалай ұмытам...

Сол баяғы ері мен әйелі жайындағы кикілжің жайында ғой... Өзім тұрмыстамын. Екі ұл, бір қызым бар. Мұғалімдік қызметтемін. Үйім бар,балаларым аман, Аллаға шүкір деймін.

Жолдасыммен отасқаныма 9 жыл болды.Екеуміз құрдаспыз. Жасым 33-те. Өмір болған соң ащысы мен тұщысы қатар жүреді емес пе? Сол 9 жылда не көрсетпеді ол маған? Жүргіштік, қыдыру. Әлі де солай. Балаларымыз бола тұра сол әдетін қояр емес.

Осы жақында тағы ұсталды. Мен оның қалта телефонын қарамаушы ем. Уатсап деген керемет болды ғой. Бірде үлкен ұлым мама мынаны кімге жазған деп әкесінің телефонын әкеліп берді. Сол күні өзінен 10 жас кіші қызбен жүретінін білдім. Таңғалмадым,себебі ол маған таңсық жағдай емес еді. Бірақ жүрегім сыздады ,таңға көз ілмедім. Жолдасыма ештеңе айтпадым. Сол қыздың фотоларын, жазған смс-терін оқыдым.

Келесі күні күйеуімнен сұрадым. Ол маған телефонымды неге шұқисың деп өзіме бас салды. Сол кезде айтқан сөзі: "Ол жәй клиент" дейді. Күйеуім такси болып нәпақа табады. Әрине,сенбедім. Қыздың номерін алып қызға телефон шалдым. Екеуі келісіп алғандай ол қыз да мен жәй ғана клиент ретінде мініп жүрмін, оны танитыным рас деді. Отбасы бар екенін біледі екен, арамызда ештеңе жоқ деп айтумен болды. Бұрын тұрмыста болғанын айтты. Жарайды деп өзімді сабырға шақырдым, жолдасым енді оны мінгізбеймін деп айтты.

Арада 1апта уақыт өтті. Содан кейін түнде жолдасыма телефон соғып жатқанын көрдім, жылап жібердім. Сен байланысыңды үздім дегенің қайда дегенімде оның берген жауабы - "Жоқ, мен оны ұмыта алмайды екенмін. Мен сол қызға кетемін, кешір" деп айтты. Көзімнен еріксіз жас домалап, тамағыма өксік тығылды. Қиналдым,кетпек боп бекіндім, ажырасам деп шештім. Бірақ бір сәтке өзімді тоқтатып балаларымды ойладым.

Бәрі өтірік, сұрастырып білгенімде екеуі 1жылдан бері кездесіп, жатып жүр екен. Басынан білген екен отбасы бар екенін. Сөйте тұра кездесіп бірге жатып жүрген.

Сонда менің кім болғаным, нем ұанамады оған деп өзімнен кінә іздедім. Алайда мен өз өзіме қарамайтын әйел емеспін, апта сайын салонға, массажға барамын. Аллаға шүкір сымбатым, келбетім бар.

Күйеуім маған қарамай қойды, сөйлеспей жүрдік. Бірақ мен әйелдік міндетімді атқарудан тынбадым. Оған барсаң бар,мен сенің үйіңді ластамаймын, ешқандай еркекті жолатпаймын балаларыма қадірлі ана болам дедім, тек балаларыңды ұмытпа, бір өкініштісі маған опасыздық жасағаның ештеңе емес, үш балаңа да опасыздық жасап кетіп барасың дедім.

Бір аптадан кейін қатты ұрсысып ол үйден шығып кетті. Шыдый алмай кетем деп телефон соқтым. Қазір барам деп жауып тастады. Үйге келді де, мен сендерді тастамаймын, мен сені жақсы көрем, ешқайда кетпеймін деді. Мен оны кешіргендей болдым балаларым үшін бәрі. Бірақ көп кешікпей қайта бастағандарын білдім.

Күйеуіме ол қыздың жүргіш екенін дәлелдеп берем деп айттым және соны жасадым. Бұл шаруаны қайныма тапсырып едім. Біреуге шын, біреуге өтірік, мен оны қайныммен ұстап бердім. Бірге сүйісіп түскен фотоларын шығарып күйеуімнің алдына лақтырдым. Бар енді өзіңнің ініңнің астына түскен қатынға бар деп жыладым.

Бірақ ол еш таңданбастан мен бәрін білемін сондай екенін білемін деді. Ол өзі-ақ маған сол қыз туралы бәрін басынан аяғына дейін тіпті қалай жатып тұрғанына дейін айтып берді. Сонда біле тұра қалай барды оған. Ана қызға телефон соғып кездесуге шақырдым. Ораза кезі еді. Қасиетті айда маған шындықты айт дедім. Кездестім,көрдім. Сол кезде жаным жәй таппай қойды, менен асып бара жатқан ештеңесі жоқ ол қыздың, мені осыдан кем көрді ме деп жүрегім ауырды. Мен оның бетінен алған жоқпын, табалаған емеспін, сабырлылық танытып, тек шындыққа көз жеткізгім келді.

Ал ол кешірімнен басқа еш нәрсе айтпады, кеш болса да түсіндім деп жылап қоя берді. Енді жоламаймын ораза айы ғой деп ант еткендей болды.

"Кешіру оңай, ал сенімге қайта кіру қиын"дегендей мен әлі күнге сене алар емеспін. Жүрегімнен ойып тұрып орын алған бұл жара жаныма тыныштық берер емес. Өшпей мәңгі дақ болып қала ма деп қорқамын. Күйеуіме сенейін десем бойымды сансыз сұрақ пен күдік билеп алған. Тас түнек қара әлемге еніп кеткендеймін. Жанымды өртеген "неге" деген сұрақтың жалыны басылар емес.

Мен күйеуімді жамандыққа қимаймын оның күнәлары үшін Алладан кешірім сұрадым. Оның амандығын әрқашан тілеп жүремін, отбасымның тірегі деп. Сол үшін дұға оқимын.Осы қадірімді білсе екен деймін. Бірақ ешнәрсені ұмыта алар емеспін, ойымнан шықпайды.

Әбден шаршадым, бұл жағдайды көтеруге шамам жетер емес. Ішімдегін жеткізе алдым деген ойдамын. Ұзақ болса ренжімеңіздер, қысқартып алғаным. Қандай ақыл кеңес бересіздер? Не істесем болады? Ажырасып кетсем бе екен әлде кешіріп жаңа өмірге ұмтылғаным жөн бе? Оқырман қауым кеңестеріңізді асыға күтемін. Ақыл қосыңыздаршы.

Аноним
alashainasy.kz/ 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста