Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімнің ұлы барын 5 жылдан кейін білдім

  • Күйеуімнің ұлы барын 5 жылдан кейін білдім

    Күйеуімнің ұлы барын 5 жылдан кейін білдім

 Менің жан сырымды сайттарыңызға жарияласаңыздар екен. Соңғы бір айда теріме сыймай, жарылып кетердей жүрмін. Осыдан бес жыл бұрын көрші ауылдың бір жігіті мені алып қашты. Өзінің менен 6 жас үлкендігі бар. Танымайтын болғандықтан, қасарысып 1 күн көнбей отырдым, жыладым, жалындым… болмағасын өз туыстарым басу айтып мені осында қалуға көндірді. Не болса да тағдырдың жазуы, бұл өзі жақсы жігіт, бақытты боласыңдар деген ұлкендердің сөзінен соң келісіп аттаған босағамда қалдым.


Негізі осы бес жылда күйеуіме менің тағар мінім жоқ. Үйленген соң бірден бөлек шығып кеттік. Асты-үстіме түсіп менің барлық айтқанымды орындайды, ас пен киімнен таршылық көрсеткен жоқ. Өзі өте балажан, екі қызымды қолынан түсірмей бағады. Мен оны өзім ұнатып тимегендіктен бе, кейде түнде балалар жыласа соған қаратып, өзім ұйықтап жата беретінмін. Ол сонда да маған өкпе артпайды. Кейде бұл неге осынша жуас деп жынымның келген кездері де бар. Ал кейде бәлкім бағыма орай болар деп өзімді ақтап аламын. Менің төркіндегі туыстарымда күйеуімді жақсы көреді. Ол жаққа барса бұл да зыр жүгіріп қызмет қылып, солардың айтқандарын істеп жүгіріп кетеді ғой. Осылай қыздарымызды бағып тып-тыныш өмір сүріп жүргенбіз. Жақында күйеуіме келген бір қағаздардың ішінен оның біреуге алимент төлеп жүргенін біліп қалдым. Басында сенбей, түсініксіз күйде болдым. Осы бес жылда мен ол туралы бәрін білемін деп ойласам, қателескен екенмін. Оның менен бұрын бір әйелге үйленген және 8 жастағы ұлы бар екен. Ол қағазды жыртып, айқайлап шу шығарғанымнан түкте шыққан жоқ. Күйеуім «Кешірші» дегеннен басқа тіл қатпады. Оның осыншалық жуастығынан зығарданым қайнап әлі жүрмін, бірақ ол ештеңе деп қыңқ етпейді. Мұндайда қызып кеткен етім терімді тесіп шығардай болады. Енді не істеймін? Мені бес жыл алдап келген еркекпен бірге тұра беруім керек пе, әлде көзімді жұмып кетіп қалайын ба? Шынымды айтайын, оны кешіре алмай жүрмін. Бірақ шешем онда тұрған дәнеңе жоқ деп тыныштандырып келеді. Ол да шешем болғанымен өз басына түспегесін сезінбейді ғой… Сіздердің ойларыңыз қандай?


ikerim.kz




Көрілген: 3328    Пікірлер: 3

бейсенбі, 21.09.2017, 21:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30