Отбасы - ошақ қасы

Күйеуің жоқ болған соң әркім күйеуін, жігітін қызғанып намысыңа тиеді екен

  • Күйеуің жоқ болған соң әркім күйеуін, жігітін қызғанып намысыңа тиеді екен

    Күйеуің жоқ болған соң әркім күйеуін, жігітін қызғанып намысыңа тиеді екен

 Кеш жарық барлығыңызға. Мен өзім сияқты тағдырлас келіншектер мен өмір көрген әпкелерден ақыл сұрағым келеді. Налымаймын тағдырыма, алайда осы небәрі 23 жасыма дейін біраз сынақ көрдім. Алматыға келіп, оқуға грантқа түсіп, бақыттан басым көкке бір елі жетпей жүрген кезімде бірінші курсты бітірген жылы алып қашты. Жақсы көрмесем де, ешқандай сезім болмаса да, амалсыздан қалдым.


Алғашқы тұрмысқа шыққан жылым тозақ болды, күйеуім себепсіз ұрыс шығарады, ұрады. Сөз қайтармайтынмын, егер аузымды ашсам тірі қоймас еді. Темекісіне менің стипендиямнан ақша сұрайды, ақша болмаса қарызға тауып кел дейді, егер бармасаң ұрады. Осылай ит азаппен өмір сүріп жүріп, бала көтердім. Ол бұған қуанбақ түгілі, мезрет білдірмеді. Өте түсінігі таяз болатынг, бөлмеде темекі шегіп отыра береді. Жұмыс мүлде істемеді, істегісі келмеді.


Ақыры баланы өзің бағып өсір, мен жұмыс істемеймін, бақпаймын, алимент сұрама деді де бізді жіберді. Қайта байланысқым да келмеді, көргім де келмеді.  Ол баладан, мен алименттен бас тарттық. Содан бері 3 жыл өтті, іздеп бір келмеді. Оқуымды бітіріп диплом алдым, жұмысқа да тұрдым. Күйеуің жоқ болған соң әркім күйеуін қызғанып жігітін қызғанып намысыңа тиеді екен. Осы бір жайт шаршатып жіберді. Түсінігі мол, өзіме өмірлік серік, балама қамқор болатын азаматқа тұрмысқа шығып, жұрттың көзінен де, сөзінен де құтылсам деймін. Бірақ ондайға менде уақыт та жоқ (танысуға) әрі ер адаммен сөйлесуге қорқақтаймын, сенім жоқ. Оның үстіне қызымды қатты уайымдаймын, оның болашағы не болмақ? Сіздер не кеңес бересіздер? Жалақың жақсы болғанымен төркініңде отырған да қиын екен. Әр қадамымды аңдып, ата-анам да маған сенбей ме деген ой мазалайды кейде...


Аноним 




Көрілген: 3607    Пікірлер: 2

сейсенбі, 12.12.2017, 11:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31