Күйеуің таксист болмасын…

Күйеуің таксист болмасын…

«Қатының әртіс болмасын, күйеуің таксист болмасын» деген ел аузындағы сөздің шындық екеніне көзім жетті.

Көресінді «таксист» күйеуімнен көрдім. Қайтейін, «қатарынан қалмасын, ескі де болса көлік мініп жүрсін» деп, бар жиғанымыз жетпеген соң, дос-жараннан қарыз және банктен кредит алып, күйеуіме шетелдік көлік әперген едім. Күйеуім де, мен де, балаларым да мәз. Күн бе, түн бе, қарамай қажет жерімізге зыр етіп барамыз, зыр етіп қайтамыз. Жақсы болды. Бұл біздің көлік алған алғашқы жарты жылдағы қуанышымыз еді. Бірақ бар пәле содан кейін басталды.

Күйеуім енді үйде тұрмайды. «Таксовать етемін. Түскі асымды және бензинін шығарамын» дейді. Басында баланы балабақшаға жеткізіп тастаушы еді. Бәрін қойды. Ерте кетеді, кеш келеді. Тамақ ішіп, теледидар көрген соң, «шаршадым, ерте тұру керек» деп жатып қалады. Бір көрпенің астында жатқан соң, көңілге түрлі ой келеді. «Шаршап жатырмын, ертең» дейтін болды. Ол «ертеңі» созыла берді. Дос қыздарымнан кеңес сұрасам, «байың біреуді тапқан ғой» дейді. Бұл көңілімдегі күдік отын одан сайын үрлеп жіберді. Машинасы бар дос қыздарыма «күйеуімді аңдып көріңдерші» деп жалындым. Бір-екеуі келісті.

«Күйеуің таңертең бір орыс келіншекті тасиды екен. Кешкісін алып қайтады. Екеуі тау жаққа шығып кеткенін бірнеше мәрте байқадым» деді бір дос қызым.

«Күйеуің ер адамдарға тоқтамай, кілең қыз-келіншекті теріп алады екен», деді екінші бір дос қызым.
Үшіншісі де осы тақылттес әңгіме айтты. «Машинасына мінген қызбен сөз жоқ, танысады. Танысудың арты кездесу, кездесудің арты…» деп олар тақпақтады. Жаман болдым.

Бірде оңаша отырғанда күйеуіме «шыныңды айтшы, түнде төсекте болғың келмейді. Соңғы кезде адам тасып таптым деп алып келетін ақшаңды да көрмейтін болдым. Қайда жұмсап жүрсің? Бәлкім, көңілдес тапқан боларсың? Қыздармен тау жаққа шығып жүргеніңді көрген таныстарым бар», дедім.

Бет бақтырмады. Ант-су ішіп басын ала қашты. Мен сенген болдым, ол сендірген болды. Бірақ оның жүрісі жалғаса берді.

Шыдамның шегі бар. Бір күні кешкілік балабақшадан баланы ерте алып, дос қызымның үйіне тастадым да, соның көлігімен күйеуімді аңдуға шықтық. Жұмысын білемін. Күйеуім жұмыс істейтін офистің жанына келіп, оның жұмыстан шығатын кезін күттік. Қас қарая күйеуім жұмыстан шығып, машинасына беттеді. Бәрін көріп отырмыз. Машинасын оталдырғанмен, жүріп кетпеді. Байқаймын біреуді күтетін сияқты. Темекісін тартып, офис жаққа жалтақтап қарап қояды. Бір уақытта сымбатты келген, бөксесін екі жаққа қатар лақтыған бір келіншек шықты. Ол бірден күйеумнің машинасына отырды. Көлік қозғалды. Біз артынан байқатпай еріп отырдық. Олар адам аз, көлік сирек жүретін бір көшеге түсті де, біраз жүріп, бір қалтарысқа тоқтай қалды. Алыстан көріп отырмын. Машинасын өшірген күйеуім, артқы орындықта отырған келіншектің жанына жайғасты. Дала қараңғы тартқан. Бұл маңда адамдар сиректеу жүреді екен. Шамасы олар бұл орынға баяғыдан келіп жүрген сияқты. Еркін.

Шыдай алмай барамын. Жанымдағы дос қызым: «сәл шыда» деп қояды. Біраздан соң күйеуімнің машинасы ақырын шайқала бастағандай болды. Бұдан артық шыдау мүмкін емес. Жүгіріп барып, артқы есікті тартым. Іштен жауып алыпты. Жолда жатқан тасты алып, терезені ұрдым. Күл-талқан болды. Жартылай жалаңаш екі жүзіқара апыр-топыр киініп жатыр. Келіншек машинадан шықпайды. «Қой енді, елден ұят болады» деп күйеуім мені құшақтап сабырға шақырып жүр. Менің аяқасты тап болғанымнан қорқып қалған сияқты. «Қойшы енді, кешірші» деп жалынады. Ана келіншекте де ұят жоқ екен.

Орыстың атақты киносындағыдай «Мен кінәлі емеспін. Күйеуің өзі ғой» деп қояды.
Ақыры екеуі шындықты айтты. Бір жерде істейді. Біраздан бері көңілдес болып жүр. Байымның үйге ақша әкелмей осы қатынды асырап жүргені белгілі болды.

Үйге келген соң «сенімен тұра алмаймын» деп түнде жүгімді жидым. Бірақ ертеңінде кете алмадым. Қайда барамын, қос баламды сүйретіп? Әке-шешем не дейді, туған-туыс не дейді? Амалсыз үйде қалдым.

Бірақ сол күннен бастап күйеуім баламды балбақшаға, мені жұмысқа жеткізіп тастайтын болды. «Таксовайттап тапқаным» деп азын-аулақ ақшаны да үйге әкеле бастады. Бірақ көңілге түскен күдік сейілмейді екен. Оның әр сөзіне, әр әрекетіне сенімсіздікпен қарай бастадым. Мына оқиға сәл ұмтылған соң, тағы да баяғы әдетіне басатын секілді болып тұрады. «Ауру қалса да, әдет қалмас».

Бұл — менің ойдан шығарып жазғаным емес. Әйелімнің «подружкасының» бастан өткені. Бәлкім,

сіз осы мақаланы оқып отырғанда, сіздің көлік мінген күйеуіңіз бір жас қыздың не болмаса бөтен келіншектің қолын ұстап, «сіз маған ұнап қалдыңыз. Кездесіп тұрайықшы» деп қиылып, әңгіме айтып бара жатқан шығар.
Мүмкін ғой, әрине мүмкін…

kaz.365info.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста