Отбасы - ошақ қасы

Күйеуіне ерегесіп негрмен көңілдес болған келіншектің әңгімесі

  • Көрнекі сурет.   © clmais.com.br

    Көрнекі сурет. © clmais.com.br

Көзім ілініп кеткен екен, ас үйден әйелім мен көрші пәтердегі келіншектің шай ішіп, әңгіме айтқан дауыстары оятып жіберді. Екеуі де әлденені қызу талқылап жатыр екен.


«Қалай екен?» деп әйелім сұрап қояды.


«Сұмдық. Мұндай күшті еркекті кездестірмеппін. Аймалап, сүймеген жері жоқ. Тіпті айтуға аузым бармайтын жерге дейін сүйді. Мұндайды көрмеген мен байқұс балқып жата беріппін. Расында, олардың ана жері тым үлкен болады екен.


Байым «менікі үлкен. Қазақтың жігіттерінде мұндай үлкен мүшелі еркектер аз», деп бөсуші еді. Ана негрдікі одан еке есе үлкен. Мас болып жатып ұстап, сипап көрдім. Сұмдық, айызыңды қандырады енді…»


Көрші келіншек үздіге сөйлеп әңгіме айтып жатыр.


«Түу, қап-қара адаммен қалай жаттың жиіркенішті емес пе? Байыңды қалай айырбастап жүрсің? Білсе, өлтіреді ғой. Негрді қайдан таптың?» — әйелім де сұрап өліп бара жатыр. Шамасы, оған да көрші келіншектің айтқандары әсер етсе керек.


Көрші келіншек деп отырғанымның аты Сабина. Жасы отызға толмаған, керіліп қалған, сымбатты қатын. Өте өңді. Сонысын өзі сезеді. Содан болар, әдемі киінеді, жұпар иісті иіссу сеуіп жүреді. Үнемі қысқа юбка, не болмаса, тыртыстырып джинсі киеді.


Күйеуі де жаман емес. Жүрген сал-сері. Тамада болып той-томалақ қуып жүргені. Жалғыз баласы бар. Ол балабақшада.


«Әй, негрді әдейі іздеп жүр дейсің бе? Леонмен таксиде таныстым. Бірде жұмыстан үйге жайырақ қайттым. Жаңбыр жауып тұрған. Такси тоқтаттым. Бір көлік тоқтай қалды. Баратын жерімді айтып едім, келісті. Артқы есікті ашып, кіргенім сол еді. Өңкиіп, бір қап-қара адам отыр. Негр екен. Артқы есікті жауып, жүргізушінің жанына отырғым келіп тұрды да, «қойшы, негр болса мені жемейтін шығар» деп ойлап, жанына отыра салдым. Қысқа көйлек кигенмін ғой.


Әлгі негр аяғыма, бетіме қарағыштап отырды.


Жаңбыр жауып тұр. Жолдың бәрі пробка. Бір кезде әбден шаршады ма, жүргізуші бала «сіз түсіп қалыңызшы. Баратын жеріңіз алыс. Басқа көлікке отырыңыз. Мынаны қонақ үйге жеткізіп тастасам да жетеді» деп, мені апарудан бас тартты.


Жаңбыр құйып тұр. Неге түсемін? «Онда неге алдың? Қазақтың бәрі осы. Аларын алып алады да, сәл бір нәрсе болса, бұлт етіп шыға келеді. Түспеймін апарасың», деп әлгі жүргізушімен айтыса кеттім. Не үшін айтысып жатқанымызды негр түсінген секілді.


«Парен давай отвезюм деушку, потом меня. Я за деушку двойной буду платит» деп жүргізушіні көндірді.


Негрдің әлгі сөзіне риза болып қалдым. «Нағыз джентелмен екен» деп қоямын. Оған күле қарап, рахметімді айттым. Содан екеуіміздің сөзіміз жарасып кетті. Мен түскен жерден ол да түсіп, қолшатырын ашып, үйге жақындатып тастады.


«Біреу көрсе ұят болар, осы жерден қайтыңыз» дедім. Болмай телефонымды алған. Ертеңінде звондап тұр. Сөйлестік. Түскі асқа шақырды. Рахметімді айттым. Бара алмаймын. Күйеуім, отбасым бар, хабарласпа дедім.


Бірақ ол үнемі телефон шалып тұрды. Телефонды көтермеу – мәдениетсіздік. Амалсыз сөйлесіп қоямын. Бірнеше рет такси жалдап келіп, үйге жеткізіп тастады.


Ресейде, Мәскеуде жұмыс істейді екен. Алматыға бір айға іс сапармен келген. Медеуге, Шымбұлаққа бірге барайық, қыдырайық деген. Бармадым. Өйткені біреу-міреу көрсе, масқара ғой.




«Пәленбай деген тамаданың қатыны негрмен жүр» деген өсек гу ете түспей ме?


«Сабина, сен маған қатты ұнап қалдың, басқа жерге бармасаң да мен тұрып жатқан қонақ үйде кездесейік. Кофе, виски ішіп әңгімелесейік. Ешкім көрмейді. Жаман ойлама», деп талай шақырды. Бармадым.


Бірақ бірде күйеуім той басқаруға кеткен. Ертеңінде түсте бірақ келді. Шала мас. Жуынып жатқанда көріп қалдым. Тамағын, төсін біреу әбден сүйіп, ізін қалдырып, тістелеп тастаған. Тас-талқан болып төбелестік. Явно көрініп тұр. Біреумен жатып, әбден ойнап келгені. Қалай шыдайсың?


«Сен қыдырсаң, мен де қыдырамын. Қара да тұр», деп айқайладым. Бұрындары да күйеуімнің қыдыратынын сезетінмін. Бірақ ақша әкеліп жүр ғой деп үндемейтінмін. Бірақ дәл мұндай көк-ала қойдай болып, тамағы, төсі бәрі засос болып келмейтін. Бұл жолы армансыз ойнағаны көрініп тұр.


Дүйсенбі күні жұмысқа барған бетте Леонға өзім хабарластым. «Вискиің қайда, ішейік» дедім.


Іштегі күйік, қызғанышты сонымен басқым келді. Ол қуана келісті.


«Жұмыстағыларға ауырып тұрмын» деп, түсте шығып кеттім. Леон жақсы қарсы алды. Виски іштік. Сәл масайғандай болдым. Соны сезді ме, Леон құшақтап сүйе бастады. Қалай шешіндіргенін білмей қалдым. Өте епті екен. Ернімнен бастап бүкіл денемді сүйді. Кіндігім, одан төменгі жақ… Мұндайды кім көрген? Еріп кеттіппін. Үстіме шыққанда тек «ах» деуге шамам келді. Балқып жүре бердім.


Күйеуім бір рет үстіме шықса, бір апта бір нәрсе тындырғандай жүре беруші еді. Мынау ондай емес.


Кешке дейін ақ төсекте армансыз аунатты. Мұндай күшті болар ма? Үйге әрең келдім.


Күйеуім ішкенімді бірден білді. «Жұмыстағы дос қызымыздың туған күні болды. Шараптан аздап ауыз тидім» дей салдым. Кешегі жағдайға байланысты тағы бір дау туып кетер деді ме, қайтып үндемеді.


Содан бастап Леонмен тағы екі рет кездестім. Оған дейін төсек ләзатының не екенін дұрыс білмей келіппін. Нағыз рахат – еркектің сені тыр жалаңаш жатқызып қойып, аймалағанында екен ғой. Нағыз кайф екен. Леон соны түсіндірді. Амал не, ол Мәсекуге қайтып кетті. «Тағы келіп жатсам, хабарласамын» деген. Келетін шығар. Істің адамы ғой. Міне, сөйтіп күйеуіме ренжимін. Оны қызғанамын, өш аламын деп, негрмен жатып шықтым. Бірақ өкінбеймін. Ол маған өлшеусіз ләззат сыйлады».


Осыны айтқан Сабина қарқылдай күлді. Бұдан ары шыдап жата алмадым. Орнымнан тұрып жуынуға беттеп едім, «ә, ағай, амансыз ба, тұрдыңыз ба, қой мен үйге барайын біраз отырып қалыппын» деп, Сабина лып етіп орынан тұрып, бөксесін екі жаққа лақтыра басып, үйден шығып кетті.


Шайға отырған маған әйелім үңіле қарады. «Сволощтың қатыны, сен де маған менсінбей қарап, негрмен жатайын деп жүрсің бе?» деп бұрқ еттім.


«Өлә не дейді? Бүкіл әңгімемізді тыңдағансың ба? Ұят-ай. Елуге келген сары қарын қатынға, негр тұрмақ көрші үйдегі шойнақ шал да қарамас. Елдің бәрі Сабина емес қой. Әркіммен бір жатып келіп, сол жатқан еркегін маған келіп мақтайтын. Ана байын аяймын. Тамадамын деп, той деп шапқылап жүргені. Ал мына жақта қатыны байы тапқан ақшаны қалтаға салып, киініп алып, жұмыстағы бастығымен де ойнас, негрмен де ойнас болып жүр. Біз басқа адамбыз. Ондай әңгіме айтпа» деп, әйелім шай құйған кесені маған итере салды.


Рас-ау, «байым біреумен жатып қойды. Одан мен қалмауым керек» деп өзгемен жатып жүрген Сабинаның өмірі не өмір? Олар қандай отбасы? Біреумен жатып келіп, өкінбеймін деудің өзі сұмдық емес пе? Мұның арты неге апарып соғады? Бүйте берсе, ажырасып тынады-ау. Басымды бір шайқап, шайды бір жұтып орнымнан тұрып кеттім.


Ас үйдегі әңгімені қағазға түсірген Дулат Сүгірұлы

365info.kz




Көрілген: 7208    Пікірлер: 5
Пікірлерді оқу (5) preloader

бейсенбі, 26.10.2017, 10:55

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
18 Қыркүйек, 09:26
Қыз күнінде бәрі жақсы...
15 Қыркүйек, 10:29
Енем мені менсінбейді
7 Қыркүйек, 10:48
Мұғаліміме ғашықпын...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30