Отбасы - ошақ қасы

Күйеуіне өзі жабысып тиген келіншек мұңын шақты

  • © sibmama.ru

    © sibmama.ru

Сәлеметсіздер ме құрметті оқырмандар, маған айтар кеңестеріңіз бар ма, басым қатып кетті, деп бастапты хатын бейтаныс келіншек.


Менің сіздерге айтайын дегенім күйеуім жайлы.


Ол көрші ауылдың жігіті еді. Екеуміз бір құрбымның тойына барғанда таныстық. Оны бір көргеннен ұнатып қалдым. Әрине қыз бала болған соң сезімімді білдіргім келмеді.


Екеуміз телефон арқылы хабарласып сөйлесіп жүрдік, мамыр мерекесінде ол бір жерге қонаққа шақырды. Оған қуана келісіп, баратын болдым. Сол кештен соң ол мені шығарып салмақшы болды, оның көлігі бар болатын. Ауыл арасы жақын болғандықтан ба ол көлікті баяу жүргізіп отырды.


Ауылға жақындай бере кілт тоқтап, біраз әңгімелесейік, отыра тұрайық деп өтініш білдірді. Екеуміз тойдың қалай өткенін әңгімелеп отырып ол менің белімнен құшақтап өзіне тартты, ернімнен сүйді, менің де қалауым сол еді аймаласа кеттік. Соңы өздеріңіз түсінгендей, екеуміздің от құшақ пен ыстық демімізбен аяқталды.


Біраз уақыт осылай кездесіп көлік ішінде шаруамызды тындырып жүрдік. Сөйтіп жүре бердік. Оның үйлену туралы ойы жоқ. Ақыры мен бірінші боп бұл туралы сөз қозғадым, қояр да қоймай жүріп әйтеуір үйленіп алдым.


Тойымыз болды. Үйленгенімізге де біраз жыл болды, бірақ бала көтермей жүрмін. Сол себепті ма күйеуім соңғы кездері өзгеріп кетті. Ол таксист. Түнімен-күнімен жұмыста жүрмін деп сылтаурататын болды. Екеуміз жатпайтын болдық, төсек қатынасы дегенді ұмыттық.


Оған әйелдер хабарласады, саунаға апарып салшы, түнгі клубқа апаршы деген әңгімелерін естіп қаламын. Кейде үйге келмей қалатын болып жүр.


Басым қатып кетті. Ең болмаса, арамызда бала да жоқ. Күйеуім не ажырасайық деп те айтпайды.Үйіміз даңғарадай, оны мен тапқан ақшаға салғанбыз, жақсы жалақы төлейтін компанияда жұмыс істеймін өзім. Мүмкін содан да ол менен айырылғысы келмей ма деген ой да келеді.


Негізі ол маған мені жақсы көретінін айтқан емес,ал мен өзім оны жақсы көргендіктен жібергім де келмейді. Қандай ақыл айтасыздар. 


365info.kz




Көрілген: 3295    Пікірлер: 0

жұма, 29.06.2018, 17:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30