Отбасы - ошақ қасы

Қыз күнінде бәрі жақсы...

  • © karelinform.ru

    © karelinform.ru

"Отбасы - ошақ қасы" айдарында бірде әйелдер ер адамның намысын таптаса, бірде азаматтар нәзік жандыларды қорлаған жантүршігерлік оқиғалардың да куәсі болдық. Мұсылмандықта әйел сұлтан. Дініміз әйелге көп қадір берген. Ал еркекке көп жауапкершілік жүктеген. Бірақ, барлық жақсы еркекке жақсы әйел, барлық салиқалы әйелге салмақты еркек қайдан жолыға берсін...


Мен Талдықорған аймағында тұрамын. Үйде көп ағайындымыз. Өзім - намазханмын. Қазір екінші рет үйленіп, ел қатарлы ғұмыр кешіп жатқан жағдайым бар. Бірақ, өмірде өзім сүйіп жар еткен жанның осыншама өмірімді қор қылып, отбасынан безінген қылығы өмір бойы үлкен сабақ болып қала берді. «Қыз кезінде бәрі жақсы» деген рас екен...


Жасым отызды орталап өзім сүйген қызыма үйлендім. Нұргүл екеуіміз болашаққа жоспар жасап отбасылық өмірді бастап кеттік. Кенже ұлы қалада оқып білім алып жатқандықтан ата-анамның қолында тұруды шештік. Осылайша жанұялық өмірдің тәтті күндері өтіп жатты. Нұргүлдің мамандығы - медбике. Ал мен болсам ауылда мал шаруашылығымен айналыстым. Өзімізге жетерлік байлығымыз да бар еді. Дүниеге тұңғыш сәбиіміз келді. Әр таңы арайлап атсын деп есімін Арай қойдық. Өзім өте балажан адаммын. Қызымның тәтті қылықтары күннен-күнге көбейе берді. Қызымыз бір жастан асқанда Нұргүл жұмысқа шықты. Анам немересіне анасынан артық қарамаса кем қараған жоқ. Нұргүлдің жұмысқа шығамын дегеніне де қарсы болмады.


Осылайша уақыт өте берді. Мен бала-шаға қамымен өз жұмыстарымды жасай бердім. Жұмысқа шыққан Нұргүл өзгере бастады. Бұрынғыдай емес жасанып айнадан шықпайды. Әйел адамның әдемі болып жүргені жақсы ғой, өзіне де көңіл бөлгені дұрыс деп құптадым. Аламын деген киімдеріне де қарсы болмадым. Нұргүл жұмыстан кейде кеш келетінді шығарды. Ұжымда паленбайдың туған күні, мерекелік кештер деген атаулы күндері бітпеді. Үйде дауыс көтеріп, отбасының шырқын бұзған емеспін. Бір үлкен отбасының келіні, шаңырақ берекесі екенін ұмытпауды ақылмен түсіндірдім. Әйелімді сондай жақсы көрдім. Үнемі көңілін табуға тырыстым.


Уақыт өте келе Нұргүлдің нағашы ағайындарымның бір туысқанымен араларында жақын қатынас барын сездім. Нағашы ағайыным біздің үйге келуді жиілетті. Ол келгенде Нұргүл жайнап кететін еді. Ана-анам бейхабар. Қасыңда жатқан сүйіктіңнің әрбір қылығы, психологиясы еріне белгілі. Бірақ іштен тынып жүрдім. Арайымның сәби жүрегіне қаяу салғым келмеді.


Бір күні жұмыстармен қалаға кеткен едім. Кешке келсем қызым Арай ыстығы көтеріліп, қатты ауырып жатыр. Анам жылап отыр. Нұргүл ұжымындағы кезекті ойын-сауығына кеткен. "Бала ауырып жатыр ғой, қайда барасың?" деген сөзі үшін өмірімнің нұры болған Нұргүлім анамды ұрып, соққыға жығыпты. Төбемнен жай түскендей болды. Барлығын сабырлыққа жеңдіріп, ашуымды басып, үйде ұрыс-керіс шығармай, қызына ақылын айтар, бір отбасының бұзылуына жол бермейтін шығар деп сүйктімнің көрші ауылдағы анасын шақырттым. Анам да ақылды жан еді. Ол кісі де менің ісімді құптады. Нұргүлдің анасы келіп, жағдайды білген соң "қызымды үйіме алып кетемін баласымен, егер әйел мен балаң керек болса біздің үйге келіп тұрасың және сонымен қатар отбасындағы шаруашылықты сол ауылда жасап, табыс көзін көбейт" деді. Ол кезде мал шаруашылығы бизнесім шарықтап тұр еді.


"Күшік күйеу" болу деген менің ойыма кіріп шыққан емес. Бірден "жоқ" дедім. Аурып жатқан қызды көтеріп, әйелім анасымен еріп жүре берді. Сол кеткеннен мол кетті. Біз заңды түрде ажырастық. Қызыма барып тұрдым, ақшалай жағынан да көмегімді аямадым. Кейіннен баланы анасына тастап, өзі Алматыға жұмысқа кеткенін естідім. Іздеп Алматыға барып, бала үшін бәрін кешіретіндігімді, қызымыздың болашағы үшін бірге тұрып, отбасы болу керектігін айттым. Ол кезде жүрегімдегі сезімім де өшкен жоқ еді. Бәріне кешіріммен қарау керек деп ойладым. Өз басымды емес баламның тыныш ұйықтап, ата-ана қасында өскенін қаладым. Сондағы "сүйіктімнің" айтқаны:


– Бірге тұрамыз, ауылда тұрмаймын. Ауылдағы мал-жанды сатып Алматыдан үлкен үй аласың! Бірақ, "свободный" өмір сүреміз! Мен қайда, кіммен қыдырамын өзім білемін! Менің жүрісіме, тірлігіме араласпайсың!, – дейді.


– Еркектің намысын, арын қорладың! Серт беріп тұрмысқа шыққан сүйген адамыңның жүрегіне қаяу салып, басыңа қонған бақтан теріс айналдың! Баланың тағдырын ойлап келсе, сен екі бұттың тағдырын ойлап тұрсың! Осы қылығың үшін өмір бойы өкініп өтерсің!, – деп кетіп қалдым.


Кейіннен екінші рет үйлендім. Қазір бес балам бар. Мал шаруашылығы бизнесім өркендеген. Қызым Арайды өз қолыма алдым. Екінші әйелім Арайымды туған қызындай көреді. Ата-әжесі де қасымызда. Күйеуден күйеуге тиюден қолы босамаған Нұргүл, Арайды өз еркімен маған берді. Арайды асырайтын шамасы да жоқ еді. Арамызды қосудың орнына менің байлығымды аңсаған енем ауылда жалғыз тұрады. Арайым анасымен хабарласып тұрады, ол жағына еш шектеу қоймадым. Анда-санда Алматыға анасына жіберіп те жүрмін. Нұргүл екі рет тұрмысқа шықты, баласы болмады. Мүмкін, басқа келген бағын бағаламай кеткеніне, өткен ісіне өкінер. Бірақ, одан не пайда?!


«Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас», «Ердің жақсысы елімен ойласады, әйелдің жақсысы ерімен ойласады», «Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді, жаман әйел жақсы еркекті жүдетеді», «Ерге жаққан әйел елге де жағады», «Ерін баққан әйел елін де бағады» деген қазақ даналығын ұмытпаса екен деймін біздің арулар!


Автор: Мұрат Бегім, Талдықорған

alashainasy.kz 




Көрілген: 2530    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 18.09.2017, 09:26

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
18 Қыркүйек, 09:26
Қыз күнінде бәрі жақсы...
15 Қыркүйек, 10:29
Енем мені менсінбейді
7 Қыркүйек, 10:48
Мұғаліміме ғашықпын...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30