Отбасы - ошақ қасы

Қыздарды жүкті қылып, тастап кететін жігіттер көбейген

  • © aktobegazeti.kz

    © aktobegazeti.kz

Астанадағы «Аналар үйін» жыл сайын 50-ге тарта бойжеткен паналайды екен. Олардың басым көпшілігін оңтүстік өңірінің қыздары құрап отыр деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.


Астанада 2014 жылдан бастап өз жұмысын бастаған «Аналар үйінде» қазір 14 бойжеткен тұрып жатыр.


"Біздің «Аналар үйіндегі» арулардың ең жасы – 16-да болса, үлкендері – 30-ға толған. Бұл жерде жас ерекшелігіне байланысты, тек 30 жасқа дейінгі аналар ғана тұрақтай алады. Паналау мерзімі – 6 ай. Бірақ кей жағдайларда, 1 айға толар-толмастан ата-аналары немесе балалардың әкесі келіп әкетіп жататын кездер де болады.


Ал, кейде, көп уақыт осында тұрақтап қалулары мүмкін. Әр кезде әрқалай. Бала дүниеге аман-сау келгеннен кейін, ата-аналар қыздарынан бас тарта алмайды ғой. Көп жағдайларда әке-шешелері кешіріммен қарап, қыздарын әкетіп жатады.


Барар жер, басар тау таппаған жас аналар, мекемеге келіп, күш жинап, қамқорлық көреді", - дейді Астанадағы «Аналар үйінің» үйлестірушісі Айжан Диханбаева.


Айжан Диханбаеваның айтуынша, балалардың әкелері қателіктерін түсініп, аруларды әкетіп жататын жағдайлар өте сирек болып тұрады екен.


«Қыздар жүкті болып қалғаннан кейін, көптеген жігіттер түк болмағандай тайып тұрады. Тіпті, телефон нөмірлерін ауыстырып, ұшты-күйлі жоғалып кететіндері де бар.


Бірақ, қыздар әлеуметтік желі, инстаграм арқылы балаларының суреттерін салып, жүктегеннен кейін, өз қателерін түсініп, қыздарды алып кететін әкелер де табылып жатады. Өкініштісі, ондай жағдайлар өте аз, көбінесе алдымен ата-аналары алып кетіп, кейін барып қыздардың «сүйіктілеріне» тұрмысқа шыққанын естиміз.


Осы жаңа жылдың алдында ғана егіз қыздары бар бір бойжеткенімізді қыздардың әкесі әкеткен еді. Әрине, мұндай жағдайлар көп болса, қуанышымызда шек болмайды. Өкінішке орай, кейде балалардың әкелері әкеткенімен, жастар жұп бола алмай, қайтадан ажырасқан 2-3 жағдайда да болған. Сондықтан, қыздарға шешім қабылдамастан бұрын, «жеті өлшеп, бір кес» деп үнемі ақылымызды айтып отырамыз», - дейді маман.


Азаматтардың осындай әрекетке баруына кей жағдайда олардың аналары да себепкер болады екен. Маманның айтуынша, қазіргі аналар «білімді, ауқатты отбасының қызын алуды» қалайтын көрінеді.


«Ер-азаматтардың баласынан, олардың анасынан бас тартуының тағы бір себебі - олардың аналарының қарсы болуы. Қазір қыздардың материалдық жағдайына көп қарайды, болашақ келіндері білімді, ақылды, жақсы отбасынан шықса екен дейді.


Бірақ, бәрі олардың қалауындай бола бермейді ғой, ал аналарының сөзін жерге тастамайтын ынжық жігіттер, осылай сүйіктілерінен оңай бас тарта салады. Былай қарасаңыз, осында келген қыздардың көпшілігі үлгілі, тәрбиелі отбасынан шыққан қыздар. Бірақ, қалайша осындай жағдайға душар болатындарын білмеймін.


Мүмкін жігіттер төсектес болмасақ, тастап кетемін, сүймейсің деп қорқытатын болуы керек, бұл байғұстар әлгіндей «сүйіктілерін» жібергілері келмейді, тұрмысқа шыққылары келеді, сол себепті, осындай қадамға барады.


Жалпы, бүгінгінің жастары ерте есеюге асығады, жыныстық өмірді жас кездерінде-ақ бастайды. Біздің кезімізде, темірдей тәртіп деген болатын, ата-анамыздан өлердей қорқатынбыз, бүгінгінің қыздары тез сенгіш, аңғал» ,- дейді Айжан Диханбаева.


Сонымен бірге, «Аналар үйін» тұрақтаған жас келіншектердің дені оңтүстік өңірінің тумалары екені белгілі болды.


«Мұнда келетін бойжеткендердің басым көпшілігі, шамамен 80%-ға жуығы оңтүстік өңірінің қыздары, себебі, солтүстікте ондай мәселелерге қатты қарамайды. Менталитет сондай.


Сосын, кейде жүкті болып қалған аналардың өздері әлі жас болғандықтан, балаға бірден еміренбейтін кездер де болады. Бізде тұрақтаған сондай бір бойжеткенді баласын перзентханада тастап кете ме деп қатты қорыққан едік. Бірақ, сәбиін тастамады, бастапқыда шақалаққа суық қарайтын, кейін айналасындағы аналарды көріп жібіді, соңында ақылы кіріп, осындағы ең жақсы аналардың бірі болып шыға келді», - дейді елордадаңы «Аналар үйінің» үйлестірушісі.


«Аналар үйінен» пана тапқан жас қыз-келіншектердің арасында жетімдер үйінің түлектері де бар екен.


«Жетімдер үйінің тәрбиеленушілері де келіп жатады, олармен де байланысымызды үзбейміз. Былтыр сондай бойжеткендердің бірі мемлекеттік бағдарламамен пәтер алды.


Бұл жерде қыздар мен сәбилерге барлық жағдай жасалған. Әсіресе, еріктілерден көп көмек келеді. Олар балаларға қажет киім-кешектерді әкеп тұрады. Мәселен, былтыр төрт егіз болғанда, қоларба жетпей қиналған едік, сол мәселені еріктілер шешіп берді.


Сол сияқты бухгалтерлік есеп, менеджмент бойынша арнайы курстар оқытылып, қыздарға сертификаттар табысталды. Жас аналарға ертеңгі болашақтарына қажет болып қалатын жасанды кірпік жабыстыру, маникюр жасау сияқты курстар да оқытылды», - деп сөзін қорытындылады Айжан Диханбаева. 




Көрілген: 866    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 11.01.2018, 10:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан 2017
    Кек қуған әйел (оқиға)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31