Отбасы - ошақ қасы

Қызғаншақ мінезімнен отбасымыз ойран болды

  • © krugomgolova.club

    © krugomgolova.club

Мен өзімнің қызғаншақ екенімді тұрмысқа шыққан соң байқай бастадым. Бұрын өзіме сенімді қыз секілді едім. Тұрмысқа шыққалы, өзіме деген сол сенімімнің қайда қалғанын білмеймін. Үнемі басқалардың бәрі менен артықтай, күйеуім біреуге кетіп қалардай үрейде жүретін әдет тауып алдым. Қазір ойласам күйеуім алғашқы кездері мен күдіктенерліктей ірекет те жасамапты. Тек менің орынсыз қызғанып, ұрыс шығара беруім оның да шектен шығуына әсер еткен секілді.


Біздің шаңырақ құрғанымызға үш жылдан асты. Қазәр ойлап отырсам қызғаншақ қасиетім де сол кездерден бой көрсете бастаған секілді. Қит етсе жолдасымның қалталарын тіміскілеп іздеп, ұялы телефонын тексеріп, әбігерленетін де жүретінмін. Болмайтын бір нәрсе тауып алсам, тіпті мен танымайтын әйел адамның аты ұялы телефонында кездессе өз көңіл күйімді өзім бұзып, қараптан қарап тиісетін нәрсе іздей бастаушы едім. Бірнеше рет қызғанған адамым өзінен 20 жас үлкен жұмыстағы әріптесі болып шығып, ұятқа да қалдым. Бірақ бәрібір қызғанышымды баса алмадым.


Бір жерде «жігіттермен кездесіп, отырамыз» десе бірден артынан іздеп баратынмын. «Жігіттер өзді өзі демалып, қыдырып қайтеді қыз шақырып демалмақшы» деген ой тұратын. Осы әрекетімнен таяқ та жедім. Бірақ қызғаншақ қасиетімді қоя алмадым. Күн сайын әр нәрсені қызғанып, шығара беретін ұрыстарымнан қажыды ма, қазір жолдасым реакцияма пысқырып та қарамайды. Тіпті кеш келетін күндері ескертпейтін де болды. Туыстарына айтып, тәртіпке шақырайын десем өзімнің ісім өзіме аян, керсінше бәрі мені ортаға алып, жабылып кете ме деп қорқамын. Өйткені қызғанамын деп шектен шығып кеткенім өзіме аян. Қазір кеш келген күндері «біреу міреуге барды ма» деп күдіктенейін десем, «үйреншікті әуенің ғой» деп тіпті тыңдамайды да. Кеше ұрыс кезінде «басқа әйелге қарау деген ойымда да жоқ еді, сен жақсы есіме салдың» деді. Шын ойымен айтты ма, әлде мені ерегістірудің амалы ма, ұға алмадым. Қазір қасыма да жақындамайды. Кешке еркелеп қасына жақындасам кірпідей жиырылады. Тіпті өткенде бір сөзінде «мені үстап тұрған Айдана ғана» деп қалды. Айдана қызымыз ғой. Үйленгенімізге үш жыл болмай жатып, суытып алғаныма өкінем.


Сіңліме айтсам, «психологке барсай» дейді. Психолог көмектесе ала ма, не істесем болады? Қатемді түсінгенмен, әдет па білмеймін, әрбір сөзінен күдіктеніп, қызғанып тұрамын. Қызғаншақтық шаршатты. Кімнің басынан мұндай жағдай өтті? Отбасымыздың болашағы бар ма? Ақыл беріңіздерші.




Алмира, Алматы қаласы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 1959    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.09.2018, 11:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31