Отбасы - ошақ қасы

Қызылордалық әжей аяғы ауыр келінге беташар жасауға тыйым салды

  • Көрнекі фото желіден алынды

    Көрнекі фото желіден алынды

«Беташар» - қазақ халқының ежелгі салттарының бірі. Бұл жаңа келіп түскен келіннің пәктігі мен тазалығын білдіреді деп хабарлайды NUR.KZ.


Дәстүрге сәйкес, бетіне ақ орамал жамылған келін ортада тұрып, қалың жұртқа ілтипатын сәлемі арқылы жеткізеді. Бетін ашатын азамат домбырамен ән салып, келіннің сұлулығын, жастығын, жайлылығы мен кең жүрегін өлеңіне қосады.


Алайда соңғы уақытта "беташарды" аяғы ауыр болып келген келіндерге де жасайтын болған. Бұл құбылыс әсіресе, Қызылордада жиілеп кетіпті. Өз кезегінде егде буын өкілдері мұндай тойларды бейберекетсіздік деп санап, ашуды келтіретінін жасырмады.


"Біздің кезімізде беташарды бірінші рет табалдырық аттаған қыздарға жасаушы еді. Ал қазір оған мән беріп жатқан ешкім жоқ. Дәстүрді аяққа таптауға болмайды. Ол үлкен мағынаға ие.


Мәселен, ағамның баласы үйленген еді, келіннің аяғы ауыр болып кліпті. Оған "беташар" жасаудың не қажеті бар? Ол тұрмыс құрғанға дейін өзінің арынан айырылып қалған ғой. Осы тойдан кейін жаңа отбасы мүшелері сол келінді сыйлайды деп ойламаймын", - дейді қызыордалық Әлия.


Айта кету керек, Қызылордада аяғы ауыр келіндерден бөлек, бұған дейін тұрмыста болған әйелдерге де "беташар" жасала береді екен.


Жалағаш ауданының тұрғыны Айнұр үш жыл бұрын тұрмысқа шығыпты. Ол бірінші жұбайынан балалы болғанына қарамастан, екінші рет тұрмысқа шыққанында тағы да "беташар" жасаған екен.


"Біз тойға дайындалып жүргенде атам беташар жасауға қарсы болды. Бірінші мен оның мағынасын түсінбейтінмін. Ал беташар өткен соң туыстардың барлығы менің балам бар екенін біліп таңғалды. Сөйтсек, олар беташар жасағанға, мені алғаш рет некелесіп тұр деп ойлапты. Мен атамның сөзін тыңдамағаныма қатты өкіндім", - дейді ол.


Жалпы, "беташар" тойының мән-мағынасы туралы 73 жастағы Нұрсұлу әже айтып берді.


"Біздің уақытта келіннің аяғы ауыр болып келетін жағдайлар болмаған. Бұл өте ұят саналатын.


"Беташар" тазалықты білдіретін дәстүр болғандықтан, аяғы ауыр келінге оны жасаудың қажеті жоқ деп ойлаймын.


Бұрындары екінші рет тұрмысқа шыққан әйелге де беташар жаслмаған. Бар болғаны, жақын туыстары жиналып, құран оқитын. Ескі дәстүр өзінің мәнін жоғалтып барады", - дейді Нұрсұлу Әлімова. 




Көрілген: 3345    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.03.2018, 10:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31