Отбасы - ошақ қасы

Қызылордалық келіншек: 10 жасымда зорланғаным үшін күйеуімнен әлі таяқ жеп жүрмін

  • © sn.kz

    © sn.kz

Атын атамауын өтінген 31 жастағы қызылордалық келіншек бұл сұхбатқа басқаларға сабақ болсын деп келіскенін айтады. Осыдан 21 жыл бұрын өз өмірінде орын алған жантүршігерлік оқиғаны ол sn.kz тілшісіне көзіне жас алып айтып берді.


«4-сынып оқитынмын. Анам базарда сауда жасайды. Менің алдымда бір әпкем, сосын менен кішкентай 2 інім бар еді. Анам төртеумізді бір жаққа барарда көрші әженің үйіне қалдырып кететін. Сол үйдің 30 жас шамасындағы үлкен ұлы болған. Баламын ғой. Маған «Жүр, велосипедпен алдыма отырғызып қыдыртам» деді. Мен де қуана кеттім. Оның үстіне күнде көріп жүрген адам. Ағам сияқты еді. Мені ауылдың шетіндегі Сырдарияның жағасына апарып, үстімдегі киімдерді шешіп, білгенін істеді. Қатты жыладым. Ішкиімім қып-қызыл қан болды. Қорыққанымнан ентігімді баса алмаймын. Ол болса, күнге арналған көзілдірігін маған тағып, «Жылама. Ешкімге айтушы болма» деп қорқытты», – дейді кейіпкер 10 жасындағы ауыр оқиғаны айта отырып.


Келіншек бұл оқиға жайлы адам баласына тіс жармағанына әлі күнге өкінеді. Сол күні ол көзінің ісіп кеткенін анасына «ауырып тұрмын» деп түсіндірген екен.


Отбасын құрғандарына 7 жыл өтсе де, ол әлі күнге дейін таяқтан көз ашпай келе жатқанын айтады. Асын дайындап, кірін жуып отырса да күйеуіне жақпайды екен.


«Күйеуіммен 2009 жылы таныстық. Қыз бен жігіт болып бір жыл жүрдік. Басында бәрі жақсы еді. Мен басымнан өткен жағдайды айттым. Ол да бәрін түсініп, қабылдады. Бірақ үйленгеннен кейін «Сен мені алдап тиіп алдың. Әркімнен қалған қаншықсын» деп, жиі-жиі ұруды шығарды», – дейді 2 баланың анасы.


31 жастағы Сыр қызы қазір бір қыз бен бір ұл тәрбиелеп отыр. Әңгіме соңында ол күйеуімен ажырасуды да ойлап жүргенін айтып қалды. 




Көрілген: 4473    Пікірлер: 1

сәрсенбі, 13.12.2017, 16:32

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
9 Сәуір, 14:44
Күйеуім суып барады

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30