Отбасы - ошақ қасы

Қызымды туған әкесіне бергенім дұрыс па?

  • Қызымды туған әкесіне бергенім дұрыс па?

    Қызымды туған әкесіне бергенім дұрыс па?

 Саламатсыздар ма! Сыр бөлісетін жан ашыр адамым жоқ. Сондықтан осында жазып отырмын. Осыдан 12 жыл бұрын тұрмысқа шықтым. Отбасымыз ұзаққа созылмады, қызым 1 жаста болғанда екеуміз екі жолды таңдап ажырастық. Қазір қызымыз өсті. Еңбектеніп жүріп өсірдім. Ата-анам, бауырларым бар шүкір. Ешкімге ауыртпалық салмадым. Жалғыз жүріп қалғасын осыдан үш жыл бұрын 3 баласымен ажырасқан өзімнен 4-5 жас үлкен адамды жолықтырып, екеуміз қосылдық. Жасырмаймын араққа тіпті жақын болды. Жұмысы жоқ. Соны біле тұра мен бел буып, көнем, көтерем бəрін деп ұнатып, жақсы көргесін қосылдым. Расымен жақсы көрдім қатты.


Алғашқы кезде қызым мамамда болды, кейіннен қызымды қолымызға алдық. Жолдасым жақтырмады қызды. Қайткенде де қызыма сөйлемесін деп жолдасымның бабын тауып, астың адалын аузына. киімнің жылтырын үстіне іліп, астына кредитке машина алып бердім. Жоқ, сондада жақтырмады қызды. Маған білдірмей ала көзбен қарап, жекіп сөйлеп, ішіп жегенін есептеп мазақ қылып, мысқылдап отырады.


Ажырасайын десем ағайын тумадан, жұмыстағылардан ұялдым. Қызыма мен ажырасайын екеуміз бөлек тұрайық десем, кызым сен осы уақытқа дейін қиналдың мен үшін, Ажыраспашы,  мен өсем, кетем ғой дейді. Сен бақытты болшы, мама, түбнде саған қасыңа адам керек дегесін екеуіне актриса болып, орталарында жүрдім. Содан арада жыл жарым өткесін жасым болса 35-ке келіп қалды деп ұл туып алдым. Жолдасыма арағын қойдырдым.  Өзі жұмысқа енді кірді.


Қызым өз əкесін 10 жылдан кейін өзі тауып алды. Демалыс сайын əкесіне кетеді. Əкесі қысы-жазы киіндіріп отырады, сұрағанын, қалағанын алып береді. Əкесінің отбасы бар, бірақ бала жоқ орталарында. Енді қызым маған келгісі келмейді. Сол жақта болам, мектепті сол жақта оқиын дейді. Əкесінің келіншегі сондай жақсы адам, қызыма жақсы қарайды. Əкесі қызды маған бер деп қоймайды. Екеуі де қыздың дегенін істейді. Берейін десем қызымды қимаймын. Өзімнің шешеме берейін десем, үйде келін бар, балалары бар.  Əжесі қартайып, күні келінге қарап келе жатыр.


Жолдасым қызды əкесіне бер деп қоймайды. Басым қатты. Енді түсініп, біліп, сезіп жүрмін. Жолдасым мені тек пайдаланып сорып келгенін. Ажырасайын десем, ортада ұл бар. Əрі өлердей жақсы көрем. Маған көрмегенді көрсетті, естімегенді естіп келдім осы уақытқа дейін, əлі де ештьеңе өзгерген жоқ. Соны біле тұра қимаймын неге екенін. Күні кеше ренжісіп қалдық. Мен кетіп қалдым. Апамның үйіндемін. Өз ұлына аштан өліп қалсын дейді. Ұлына келмей, хабарласпай жатыр үйінде. Содан кейін ойландым. Балаға да, бабын тауып отқан қатынға да мейірімі жоқ екенін. Ренжісем  де ойлап, уайымдап отырмын соны. не айтасыздар, қайтсем қалай болады. Қызымды өз əкесіне бергенім дұрыс па? 




Көрілген: 2025    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.04.2018, 20:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»
    9 Сәуір, 14:44
    Күйеуім суып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31