Отбасы - ошақ қасы

Ләззат ала алмау – қауіпті

  • Ләззат ала алмау – қауіпті

    Ләззат ала алмау – қауіпті

Әйелдің жыныстық қатынастан ләззат ала алмауы денсаулығына өте қауіпті. Ерлер әйелдің денесіне қолын тигізгеннен бастап-ақ құштары артып, әр қозғалыспен мауқын басса, нәзік жандардың құмары қануы үшін көбірек уақыт керек. 


Жұбы ләззатқа бөленіп, ал өзі тояттана алмаған жағдайда әйел адам өзін бар болғаны «секс құралы» ретінде сезінеді. Бұл өз кезегінде оның психикасына да мол зардабын тигізеді. Көңіліне қаяу түсіп, өкпе-реніш те туындап жатады. Ойдағыдай болмаған аймаласудан кейін келесі жолы да әйелдер оның қайталану қаупінен үрейленіп, сол оймен-ақ тәтті сезімнің дәмін сезе алмай қалады. Ал бұл жағдай бірнеше рет орын алатын болса, әйелдің секске көңіл құштары кеміп, мүлде бас тартуы да мүмкін. Соның салдарынан әйел депрессияға түсіп, уақыт өткен сайын ашуланшақ болып кетеді. Секспен айналысу, ләззатқа бөлену бақыт пен қуаныш гормондарын оятып, көңіл күйді көтеретінін, иммунитетті арттырып, денсаулыққа оң әсерін тигізетінін ескерсек, мұның қалыпты жағдай екеніне көз жеткіземіз. Ерінің құшағына еніп, құштарлығын бөлісе алмаған әйелдің көңіл күйі ғана емес, ұйқысы да бұзылып, денсаулығына көп қауіп төнеді.


Құмарын қандырып, ләззатқа бөлей алмаған жыныстық қатынастан әйел Кехрер синдромы деген ауруға шалдығады. Бұл – эмоциональді күйзелістен, яғни ләззатқа бөлене алмаудан болатын психосоматикалық ауытқушылық. Жатырдан бөлінетін ақ сұйықтық, қынаптың құрғап тұруы, дәреттің бұзылуы, етеккір кезінде ауыру сезімінің жоғары болуы, етеккір кезеңінің өзгеруі Кехрер синдромынан хабар береді.


Тояттана алмаудан болатын тағы бір ауру – гипогонадизм. Бұл жыныстық қатынастың болмауынан (немесе ойдағыдай болмауынан) орын алатын ағзаның «жетім» күйі, яғни мұндайда жыныстық органдар дұрыс жетілмейді. Ал бұл жағдайда дереу дәрігердің көмегіне жүгіну керек.


Жалпы, әйелдердің эмоциясын сыртқа шығармай, ұзақ уақыт іште ұстауы қауіпті. Ол психикаға ғана емес, денсаулыққа да әсерін тигізіп, күндердің бір күні мінедетті түрде сыр береді. Сондықтан, мейлі, ашу мен ыза болсын, жолын тауып, сыртқа шығарып алу керек.


Егер жоғарыда айтқан мәселемен бетпе-бет келген жандардың бірі болсаңыз, онда уақыт созбай, күйеуіңізбен ашық сөйлесіңіз. Еркектердің бәрі бірдей байқампаз емес. Сондықтан екінші жартыңыз сіздің ләззат ала алмай жүргеніңізді сезбеуі де мүмкін. Мұндайда ашық сөйлесіп, бәрін түсіндіруде тұрған ештеңе жоқ. Шыдамның да шегі бар емес пе? Бір-біріңізден мүлде теріс айналып кетпей тұрып, мәселенің басын ашып алу керек. Қажет болса, сізді ләззатқа бөлейтін не, еріңіздің не істегенін, қалай сипап-сылағанын қалайсыз? Мұның бәрін ашық айтып, керек болса, көрсетіп те беріңіз. Екеуара қатынастан екеуіңіздің де ләззат алып, үйлесімділік табуларыңыз керектігін ұмытпаңыз. Бұл сіз үшін, денсаулығыңыз үшін, отбасыларыңыз үшін қажет.


anabol.kz




Көрілген: 5018    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.12.2018, 23:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31