Отбасы - ошақ қасы

Лифтте жан тапсырған тележүргізушінің жолдасы болған оқиғаны баяндап берді

  • Лифтте жан тапсырған тележүргізушінің жолдасы болған оқиғаны баяндап берді

    Лифтте жан тапсырған тележүргізушінің жолдасы болған оқиғаны баяндап берді

Ақтөбедегі көпқабатты тұрғын үй лифтіне қызымен бірге мініп, жаншылып қалған тележургізуші Айзат Әбдісаматтың жолдасы NUR.KZ тілшісіне жағдайды баяндап берді.

«Жұбайымның артынан жалған ақпараттың тарағанын қаламаймын» деген Қайыржан Ерқасымов қаза кезінде көпшіліктің мүсіркемеуін сұрайды.


«Қазір БАҚ арқылы жалған ақпарат көп шығып жатыр. Ол туысқандарға ауыр… Сол үшін де мен жолдасымның қазасы туралы айтқым келеді. Оның өмірден жалған ақпаратпен кеткенін қаламаймын. Денесі жер қойнына тапсырылды», - деген марқұмның жолдасы Қайыржан Ерқасымов 4 сәуір күні болған оқиғаны есіне алды.


«Жұмыстан шығарда 15 минут бұрын әйеліммен телефон арқылы сөйлестік. Баламен далада жүргенін айтты. Жұмыстан келіп, жоғарыға қарай көтеріліп келе жатқанымда екінші қабаттың дәлізіне адамдар жиналып қалған. Не болғанын сұрап, қастарына бардым. «Әйел адам құлап қалған, қасында баласы бар» деп жатыр. Жайлап барып тесігінен қарағанымда ,жылап тұрған қызымды көрдім. Маған Айзаттың беті көрінген жоқ. Лифт ішінде жарық болған жоқ, шам жағып тұрдық. Мүмкін, бала анасының түрін көрмеуі үшін ол да дұрыс болған шығар. Кейін төтенше жағдай қызметкерлері келіп, есікті сындырып ашты. Қызымды алып шыққанда үсті қан екен. Баланың үстінің бәрін тексердік, оған Айзаттың қаны жұққан. Баланы бірден жоғарыға шығарып, үйге апардым. Қайтып айналып Айзатқа келдім. Ешқандай денесі бөлініп қалмаған»,- дейді ол.

«Түсінгенімше, Айзат бірінші қабаттан лифт шақырғанда үш жастағы қызым бірінші кірген. Келіншегім артынан сол аяқпен кірген. Оң аяғын лифтінің сыртқы есігі қысып қалады. Жүріп кеткен кезде екінші қабатта қысылып қалған. Экспертиза қорытындысында кеуде қуысы мен іші қысылып ауа жетпеген деп тұр. Аяғы бөлінбеген, тек омыртқасы жамбасынан шығып кеткен. Оның өліміне себепкер болған лифттен бүгін біздің отбасымыз қара жамылып отыр. Ертең бұл жағдайдың қайталанбасына кім кепіл?! Айына ақшасын төлеп отырмыз, неге мұндай жағдайға жеткізеді? Бұл жағдайға енді кім жауап береді?»,- дейді марқұмның жолдасы Қайыржан.


Жас отбасы он қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатында бір жылдан бері тұрған. Қайыржан марқұм жұбайы тірі болғанда тамыз айында үйленгендеріне төрт жыл болатын есіне алды.


«Қызым қазір басқа үйде. Үш күннен бері түнде қасына қонуға барып жүрмін. Күні бойы қызымды ойлап жүремін. Сіздерге жағдайымды түсіндіру қиын. Іңкәрімді көрген сайын қиналамын. Қызымнан: «Мама саған бірдеңе айтты ма? деп те сұрадым. Білгім келді. Қызым «ештеңе айтқан жоқ» деді. Жақыныңнан айырылу қиын. Менің жағдайымды ешкім түсінбес. Бұл да бір сынақ шығар. Алда қызым үшін бар амалды жасайтын боламын. Мен мемлекет басшылары бұл жағдайға бей-жай қарамаса екен деймін. Лифттерге неге адам өлгеннен кейін ғана тексеріс жасалады? Ішкі есігі жабылмай жүріп кеткен лифтке неге осыған дейін тексеріс жасалмаған?»,- дейді Қайыржан Ерқасымов.


Марқұмның артында үш жасар Іңкәр есімді қызы қалды. 




Көрілген: 2718    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.04.2018, 10:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»
    9 Сәуір, 14:44
    Күйеуім суып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31