Отбасы - ошақ қасы

Маған жолама! Аулақ кет!

  • Маған жолама! Аулақ кет!

    Маған жолама! Аулақ кет!

 Жап-жас әйел жаңа туған нәрестесінің күлімдеген көздеріне, жұмақтың жұпарындай тәтті иісіне мас болып мәре-сәре болып отырған. Жүзіне қарайды да, тоймайды. Бір кезде әбден құмары тарқағанша нәрестесінің маңдайынан иіскеп, бетінен сүю үшін еңкейе бастады. Бірақ кенеттен: «Маған жолама! Аулақ кет! Мені құшақтауға ақың жоқ!» деген бір дауыс саңқ ете қалды. Әйел шошып кетіп маңайына қараса ешкім жоқ.

Құдайдың құдіреті! Сөйлеп жатқан нәрестенің өзі екен. Оның сөздері жалғасып жатты: «Әрі кет! Сені көргім келмейді!»…

Әйел бірте-бірте өзіне келе бастады. Бар күшін жинап алып: «Сен сондай тәттісің, қызым! Көріп көзім тоймай отыр. Мауқым басылғанша құшақтау үшін еңкейдім, жаным!»

– Жоқ, мені құшақтамайсың да, сүймейсің де! Сендей ананың барынан жоғы.

– Неге, алтыным? Туыла салып, неге менен сонша безесің, қарағым. Бұл кезде әйелдің көзі жасқа, жүрегі мұңға толып үлгерген еді.

– Ең болмаса, себебін түсіндірсең етті.

– Аз ойлансаң, өзің-ақ табарсың себебін.

Әйел терең ойға шомып кетті. Cол уақытта медициналық үстелде жатқан жерінен көзін ашты. Өзіне келді. Есін жиды. Қасында тұрған дәрігер: «Операция өте сәтті өтті.


Алдырып тастағаныңыз қыз бала екен. Енді біраз уақыт күтініп жүру керек», – кеңестерін үйіп-төгіп беріп жатты. Бірақ бұл кезде әйелдің құлағы болса да, естімейтін, көзі болса да, көрмейтін, жүрегі болса да сезбейтін халде еді. Көз алдын әп сәтте бұлыңғыр тұман басып кетті…Бірақ бәрі де кеш еді.


Асылбек Әуезханұлы


 


elana.kz




Көрілген: 5089    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.03.2018, 13:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30