Отбасы - ошақ қасы

«Мен секілді еркектердің бір ғана әйелі болмайды»: Оралдық жігіт өз үйінде әйелінің көзіне шөп салған

  • «Мен секілді еркектердің бір ғана әйелі болмайды»: Оралдық жігіт өз үйінде әйелінің көзіне шөп салған

    «Мен секілді еркектердің бір ғана әйелі болмайды»: Оралдық жігіт өз үйінде әйелінің көзіне шөп салған

38 жастағы Лилия екі рет тұрмысқа шыққан. Екеуінен де әйел бақытын сезіне алмаған ол, енді үшінші рет отбасын құруға сескеніп қалғанын айтады деп жазады NUR.KZ.


Лилияның айтуынша, ол жас кезінде сұлу болған. Алайда, махаббаттан еш жолы болмапты. 18 жасында кездескен жігіті оның жүкті екенін білген соң тастап кеткен.


«Сөйтіп қызымды жалғыз босандым. Құрбыларым ақыл-кеңестерімен көмектесті. Ата-анаммен тұратынмын. Бірақ 24-ке келгенде өзім бөлек тұруға шешім қабылдадым. Өйткені танысқан жігіттерімді үйге алып келе алмайтын едім», – дейді Лилия.


Лилия ата-анасынан бөлек тұрғаннан бастап неше түрлі жігіттермен таныса бастаған. Сөйтіп бірінші күйеуі Владимирмен танысады. Біраз уақыт кездескеннен кейін оған тұрмысқа шығады. Алайда, бір жыл өтпей Владимир әйеліне қол көтере бастаған. Тіпті жұмысынан айрылып, алкогольдік ішімдікке салынады. Күйеуінің мұндай қорлығына шыдай алмаған Лилия онымен ажырасып кеткен.

«Бір жылдан кейін Марат есімді кәсіпкер жігітпен таныстым. Ол басында мені қатты жақсы көретін. Сөйтіп тұрмысқа шықтым. Бірақ үйленіп алған соң, ол көзіме шөп сала бастады. Тіпті ашыналарын мен жоқ кезде үйге алып келген. Ұлыма 9 айлық аяғым ауыр кезінде күйеуімді бір қызбен төсек үстінде ұстап алдым. Сол кезде ол маған «Саған үйленгенім үшін қуанғаның дұрыс. Өйткені екі қызыңмен сені кім алатын еді. Ал мен сияқты еркектің бір әйелі ғана болмайды оны да түсін» деген еді. Содан кейін оған жауап қайтара алмадым», – дейді бұрынғы өмірін еске алған Лилия.


Ол екінші күйеуімен жеті жыл бірге тұрып, кейіннен ажырасып кеткен. Ұлына көмектесіп, кездесіп тұрады екен. Ал қазір Лилия басқа ер адаммен кездесіп жүргенін айтады. Бірақ ол тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаса, келісе алмаймын дейді. 




Көрілген: 3150    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.11.2018, 15:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30