Отбасы - ошақ қасы

Менен жігіттерге керегі бір-ақ нәрсе...

  • Менен жігіттерге керегі бір-ақ нәрсе...

    Менен жігіттерге керегі бір-ақ нәрсе...

 Амансыздар ма, құрметті қауым. Мен де өзімнің өмірім жайлы айтып,сідерден ақыл-кеңес сұрайын деген едім.Менің жасым 21-де.


Осы жылы наурыз айында Алматы облысының бір ауданына келін болып түстім. Күйеуімді біра-ақ рет көргем, группалас дос қызымның ағасы еді. Мені жақсы қыз деп мақтап ағасына жар етпекші болыпты.Сонымен алып қашудың құрбаны болдым. Қайтып келген қыз жаман, бірінші бақ – бақ деп жеңгелерім, апам алып қалды.


Құдайға шүкір, абыроймен бардым. Куйеуім Батыс Қазақстан жақта вахталық жұмыс істейтін. Үйленген соң 1 аптадан кейін кетіп қалды. Ал мен оқуыма байланысты Алматы қаласында туысқандардың уйінде қалуыма тура келді . Бар мәселем осы жерде басталды. Мені олар жақтырмады,5 минут демалып қалсам, сол үйдегі ең жаман кісі мен болдым.


Өзім ерке болып өстім, ата-анам да жақсы кісілер, ешқашан бетіме қарап сөйлеген емес, ал күйеуімнің туыстарының бәрі боқтап сөйлейді, өте дөрекі. Кейде күйеуіммен сөйлесейін деп хабапрлассам, ол ішіп алып, мені түп-тамырма дейін боқтап шығады.


Сонымен 1 айға да шыдай алмадым. Ата-анамды шақыртып, ол уйден кетіп қалдым. Мені тіпті іздеп те келген жоқ, хабарласпады да. Олар үшін ойыншық болғандаймын... Оқуымды да ауыстырдым. Қазір 4 курста оқимын,бауырларымның қасындамын. Осы уақытқа дейін сөз айтқан жігіттер көп болды, бірақ бәрінің ойы мені пайдалану. Алдыға қойған мақсатым – жақсы ер жігіт кездестіріп, бақытты жанұя құрғым келеді, ана болу бақытын сезінгім келеді. Бірақ етегінен ұстайтындай жақсы азамат кездеспей жүр. Сіздерден мені сөкпеулеріңізді сұраймын,тек ішімдегіні айтып жеңілдегім келді.


Аноним 




Көрілген: 5743    Пікірлер: 5

сәрсенбі, 27.12.2017, 08:54

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
9 Сәуір, 14:44
Күйеуім суып барады

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30