Отбасы - ошақ қасы

Нақсүйер болуға әбден төселіп алдым...

  • © ladyzhurnal.ru

    © ladyzhurnal.ru

Мен ішкі жан сырымды жан адамға айта алмаймын. Өйткені мені айналамдағылардың ешқайсысы түсінбейтінін білем. Сондықтан бүгін мен «Алаш айнасындағы» «Отбасы – ошақ қасы» айдарына мұңымды жазып, шерімді бір тарқатып алғым келді.


Менің жасым 24-те. Осы жаста қыз баланың нағыз тұрмыс құрып, бала сүйетін уақыты ғой. Менің де отбасын құрып, ана атанғым келеді. Бірақ бұл мүмкін емес.


Мен анам мен әкемнің жалғызымын. Кішкентай кезімде ата-анам қалаға көшіп келген. Қаланың мектебінде оқыдым. Ешқандай қиындық көрмей ата-анамның мейірімін көріп өстім.


Мен толықтыққа бейім қыздардың қатарынанмын. Өзімнің жақсы араласатын дос қызым бар. Ол бойы сындардай, дене бітімі шап-шағын өте сүйкімді. Екеуміз көшеге шыға қалсақ, жігіттердің бәрі соған қарайды. Мен оны қызғанбаймын, бірақ кейде мен ешқашан тұрмысқа шықпайтын шығармын деген ой келетін. Алайда дос қызым: «Әсел, сен сондай сүйкімдісің, толықтығың өзіңе жарасады» деп мені жұбатады.


Жоғары оқу орнында оқып жүргенде де ешқандай жігітпен жүріп көрмедім. Маған жігіттердің бәрі мазақтап қарайтындай көрінуші еді. Жаныма келіп әзілдесе қысылып, ешкімді қасыма жолатпауға тырысатынмын.


Ата-анам мені оқу бітіргеннен кейін таныстары арқылы үлкен компанияға жұмысқа тұрғызды. Қазір құдайға шүкір, өз табысым өзіме жетеді. Бірақ анамның уайымы менің тұрмысқа шығуым болып жүр. Үнемі менен «жігітің бар ма, таныстыр» деп сұрай береді. Өйткені мен кейінгі кезде үйге жұмыстан кешігіп келем, тіпті кейде дос қызымның үйіне қонамын деп сылтауратып келмей де қалатын кездерім болады. Жалпы мен қазір өзімнің әрекетме өзім жауап бере алмай жүрмін. Себебі ғашық болып қалдым.


Жұмыста бірге істейтін жігітті мен алғаш көргеннен-ақ ұнаттым. Өйткені ол маған о баста қамқорлық танытып, білмегенімді үйретті. Кеңесін айтып, кейде тіпті түскі асқа бірге баратынбыз. Ол менен 7 жас үлкен. Мен оның жанында өзімді сондай ғажап сезінемін. Оны көру үшін таңертең жұмысқа асығып келемін. Компанияда жұмыс істегеніме 1 жылдай болды. Осыдан бірнеше ай бұрын компанияның он жылдығына арналған салатантты кешті барлық ұжым болып мейрамханада атап өтті. Сол бір кеш менің есімде мәңгі қалды. Сүйіктім екеуміз мейрамханаға бірге бардық. Ол мені асты-үстіме түсіп күтті. Дастархан басында үлкен ілтипат көрсетті. Бұған дейін ешбір жігіт мені осылай сыйлаған емес. Оның қолы менің қолыма тигенде өне бойым ысып кететін. Сол кеште екеуміз әдемі музыкаға елітіп биледік. Осыдан кейін мен тіпті онсыз өмір сүре алмайтындай сезіндім. Екеуміз таңға дейін қол ұстасып қыдырдық, сырластық. Бірақ арамызда ештеңе болған жоқ. Мен оны сүйіп қалғаным соншалық, тіпті құшағында құлауға даяр едім. Бірақ ол сабырлық танытып, түнді бірге өткізуге қыстамады. Бірнеше күн өткеннен кейін екеуміздің де тағатымыз таусылды. Жұмыстан қайтқан кеште ол мені көлігімен үйге апарып тастамақ болды. Тура үйдің алдына келгенде ол менің ернімнен қатты сүйіп алды. Мен де қарсы болмадым, мен тіпті оны ешқайда жібергім келмеді. Екеуміз бір-бірімізді үнсіз түсініп, тәуліктік пәтерді жалға алып, түнді бірге өткіздік. Мен оған пәктігімді қидым. Сол түні мені өзімді ерекше бақытты сезіндім, өйткені нағыз махаббаттың не екенін сезіндім. Маған сүйіктімнен оның махаббатынан басқа ештеңе де керегі жоқ. Білем, ол маған үйлене алмайды, екеуміз отбасы бола алмаймыз. Өйткені ол үйленген, бала-шағасы бар. Мен бұл туралы о бастан-ақ білдім. Бірақ сезімімді тұншықтыра алмадым. Ол да мені сүйеді. Бірақ мен оның отбасымен ажырасқанын қаламаймын.


Егер мені отбасылы еркекпен жүріп жүргенімді ата-анам білсе не болады деп кейде өз ойымнан өзім шошып кетемін. Бірақ мен сүйіктімнен де айрылғым келмейді. Екеуміз бір-екі күн кездеспей қалсақ, сағыныштан өліп қала жаздаймын. Онымен өткізген әр минутым, әр түнім мен үшін үлкен бақыт. Сүйіктімнің әйелі ештеңеден күдіктенбеу үшін иіссу, әтір жақпаймын, жігітімнің денесіне тырнағымды қатты батырмаймын, ешқашан өзім бірінші болып телефон соқпаймын. Шынымды айтсам, бұрын ешқашан біреудің жасырын нақсүйері боламын деп ойламаппын. Бірақ махаббат не істетпейді. Уақытымды босқа өткізіп жүргенімді білемін. Бірақ сүйіктімнен бас тарта да алмаймын. Әбден басым қатты...




Әсел, Алматы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 3712    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.09.2018, 12:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31