Отбасы - ошақ қасы

Не күйеуімнен не, не төркінімнен жылулық көрмей жалғызсырап жүрмін

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Саламатсыздар ма қыз-келіншектер. Осы жерден түрлі тағдырларды ұдайы оқып отырамын. Өз басымдағы жағдаймен де бөлісуді жөн көрдім. Шынымды айтсам менің басым қатып кетті.


Жасым 21-де. Екі балам бар. Аллаға шүкір деймін. Басты мәселем үш ай бұрын күйеуіммен ажырасып кеткен едім. Қанша бір бірімізді жақсы көріп тұрсақ та жиі ұрысамыз. Мінезіміз сәйкес келмейді деуге болады. Ұрыспайтын күніміз жоқ десек те болады.


Осы ажырасар кезде де болмашы нәрсеге ұрысып, ақырында ажырасып тындық. Алайда соңғы кездері жолдасым қайтадан қосылайық деп жүр.


Қазір төркінімдемін. Алайда ата-анамның алдынан өтіп, кешірім сұрап кешірейгісі келмейді.


«Шыққан қыз шиден тысқары» деген рас екен. Қазір төркініме де сыйыса алар емеспін. Бауырларым жақтырмайды. Үлкен болып ақыл айта бастасам, ажырасып келгенімді бетіме баса береді. Анам да солардың жағына шығып алады.


Негізі о баста мен мамамның айтуымен ажырасқан едім. Сол кездері еш өздігімнен шешім қабылдай алмай, басым қатып кеткен еді. «Заңмен ажырасасың, қайтып қосылсаң екі дүниеде кешірмеймін» деген еді. Тіпті «сені ешқашан көрмейміз» деді.


Енді қазір күйеуім «қайт, балаларды ал да автобусқа мін» дейді. Екі ортада басым қатты. Күйеуімді қатты жақсы көремін. Тек қоймай ренжіскенде түңіліп кетем.


Соңғы кездері не күйеуімнен не, не төркінімнен жылулық көрмей жалғызсырап жүрмін. Кейде мамамнан қорқып жүріп, күйеумнен айрылып қаламын дба деп те қорқамын. Не істеймін, қай жолды тағдаймын. Өмір көрген жандар ақыл қоссаңыздар екен.


Айша, Талдықорған қаласы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 1131    Пікірлер: 0

сенбі, 15.12.2018, 20:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 11:05
    Жездеме ғашықпын...
    4 Қаңтар, 19:07
    Алғашқы махаббат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31