Отбасы - ошақ қасы

Не істеймін? Түрік жігітіне тұрмысқа шығуыма анам қарсы

  • Көрнекі сурет.     ©alashinform

    Көрнекі сурет. ©alashinform

Қыздың ең басты бақыты «ана атану» дейді ғой. Құрбыларымның екі-үштен балалары бар. Жоқ дегені бір бала сүйіп отыр. Мен де тезірек тұрмысқа шығып, бала сүйіп, ана атанғым келеді.


Жасым болса 29-дан асты. Түріктің құрылыс компаниясында офис-менеджер болып жұмыс істеймін. Баста жұмысқа аудармашы болып кірген едім, бірнеше жылдан соң «аудармашылық пен офис менеджерлікті қатар алып жүре аласың ба» деген соң, қазір екі қызметті қатар алып жүрмін. Құрылыс компанияның кеңсесінде көбінесе түрік азаматтар жұмыс істеген соң оның үстіне бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан қазақтардың өзі түрік тілін жақсы меңгеріп алған соң аудармашылығым көп жағдайда керек те болмай қалады. Сонымен көбінесе офис менеджердің қызметін атқарып жүрмін. Жақында тұрмысқа шығу да ойымда бар. Кездесіп жүрген жігітім түрік ұлтынан.


Өзімнен алты жас үлкен. Бірақ анам оған тұрмысқа шығуыма қарсы. Тахирмен кездесе бастағаныма 2 жылдан асса да, анам қарсы болғандықтан кейінге шегеріп келдім. Енди биыл жазда тұрмысқы шығуға келісімімді беруге бел буып отырмын. Тахир біршама уақыттан соң Түркияға кететінімізді айтып жүр. Бұлай уақыт өткізіп жүре берсем жалғыз қалатын түрім де бар. Анамды да түсінем. Басқа ұлтқа қимайтын шығар. Өзінен жырақ кетеді деп уайымдайтын шығар. Әйтеуір осы жігіт туралы айтқаннан бері арамыз салқын тартқандай. Маған сол уайым болып жүр. Бірақ өмір бойы жалғыз қалғаннан басқа ұлт болса да тұрмысқа шыққаным дұрыс шығар деп ойлап, биыл қалай да тұрмысқа шығуға бекініп отырмын. Мен де бұрын басқа ұлтқа тұрмысқа шығам ау деп ойламағанмын. Қазағы қалың, салт-дәстүрді берік ұстанатын Қызылорданың Жаңақорған ауданының қызымын. Біраз уақыт анамнан, туған туыстан, салт дәстүрден, туғалы көрген тәрбиемнен аса алмай тұрмысқы шығудан бас тартып келгеніммен жеме жемге келгенде өзімді өзімнен артық ешкім түсіне алмайтынына көзім жетті. Тахир бастысы мұсылман. Артық жаман әдеттерге әуестігі жоқ жігіт. Іскер, бір жігіттей мырзалығы да бар. Көңілімді де таба біледі. Болмашы нәрселерден сюрприз дайындап жүріп, о баста көңілімді қалай баурап алғанын байқамай қалыппын. Бұрын ұнататынын білсем де бойыма көп жақындата бермейтінмін. Оның үстіне «жат біреудің етегінен ұстап, өзге ұлтқа тұрмысқа шықты, анау мынау, шетелде мәз өмір күтіп тұрғандай жүндес біреуге тұрмысқа шықты, байлығына қызықты» деген сөздерден қорғанатынмын.


Шын мәнінде Тахирдің асып бара жатқан ақшасы да жоқ. Қарапайым ғана түрік жігіті. Елдер ойлайды шетел асқан қыздардың барлығы байлығына, ақшасына қызығып кетті деп. Олардың да арасында сезім болады-ау, бір бірін ұнатып қалады ау деген ой ешкімді ойландырмайтындай. Құрылыс компаниясының арқасында елімізге келіп, нанын тауып жеп жүр. Келісімшарт уақыты біткен соң «елге қайтамын» дейді. «Тезірек соған дейін бас қосайық» деп жүр.


Өзім негізі қазақ түрік университетінен ағылшын-түрік тілдерін меңгеріп шыққанмын. Диплом бойынша мамандығым орта мектептерде мұғалімдік болғанымен, дипломды қолыма алған соң ауылға барып мұғалім болып істегім келмеді. Сосын қалада қалудың амалын қарастырып жүріп, құрылыс компаниясында аудармашы болып жұмысқа тұрған едім. Жалақым өзіме жетеді. Біршама уақыт қыз болып, бой түзеп те жүрдім. Ендігі мақсатым тұрмысқа шығу ғана. Құрбыларым баста «Түркияда әйелі бар шығар, абайла» деп сақтандырғанмен, араласа келе Тахирді танып біліп, бойдақтығына көзі жеткен соң оған тұрмысқа шығуыма қарсылық білдіргенін қойды. Тек анамның қарсылығы ғана жанымды қинайды.


Айтпақшы жақында 8 наурыз күні бірнеше құрбым күйеулерімен бас қостық. Мен де Тахирді ертіп бардым. Бара сала «бүгін қыздардың мерекесінің құрметіне тамақты мен жасаймын» деп көкөністерді турап, Тахир бәрімізге маклюбе деген түрік тамағын жасап берді. Құрбыларым оны көріп, тіпті қолдай кетті. «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған деп» бұдан соң менің де оған деген жүрегім жыли түсті. Тіпті осы уақытқа дейін қалай бас тартып келгенмін деп өз өзіме ренжідім. Оның үстіне Тахирден бас тартқаныммен өмір бойы жалғыз қалмауыма ешкім кепілдік бермейтіндей. Дегенмен құрбыларымның күйеулерінің менің жігітімнің әрекетін құптай қоймағанын байқадым. Олармен карта ойнап, бос отырғаннан гөрі 8 наурызға орай құрыбларыма өздерінің ұлттық тағамын пісіріп беріп құрмет көрсеткенін келекелеп, өз араларында мазақ қылғандарын байқап қалдым. Жасырып қайтеміз қазақтың жігіттері жұбайларын жақсы көргенін де көрсеткісі келмей тұрады ғой.


Осындайда еске түседі. Қазақ-түрік университетінде оқып жүргенімде жатаханаға қыздарын шығарып салып келіп тұратын түрік жігіттерін байқайтынмын. Олар қыздарын есіктен кіргізіп жіберген соң, біраз жерге шейін көзбен ұзатып салып, әйтеуір өз сезімдерін жасырмай көрсетіп тұратын. Ал қазақтың жігіттері олардың сол әрекетін қатынжандылыққа балайтын. Қазір ойласам жігіттеріміздің сол әрекеті жабайылық екен.


Екі адамның сезімдерін көрсеткені бір біріне, сыйластықтарын арттырғанының несі сөкеттік. Сондықтан Тахирге тұрмысқа шығуға бел байладым. Жеке бастың бақыты тұрғанда «ұлтты сүю, қазаққа ғана тұрмысқа шығу» деген көпірме сөздер артық секілді. Шын мәнінде осы өмірге әркім өзінше бақытты болу үшін келеді ғой. Анам да жылдар өте мені түсінер деп ойлаймын.


Айдана,Астана қаласы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 2719    Пікірлер: 1

сенбі, 17.02.2018, 10:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31