Отбасы - ошақ қасы

Неге маған үйленуге ұсыныс жасамайды?

  • Неге маған үйленуге ұсыныс жасамайды?

    Неге маған үйленуге ұсыныс жасамайды?

Сәлеметсіздер ме! Менің жасым 26-да. Тұрмыс құрмағанмын. Жоғары білімдімін. Өзіме сай көркім, жұмсақ мінезім бар. Үш жылдан бері бір жігітпен достасып келемін. Бауыр басып та үлгердім. Арамызда керемет сезім болатын басында, менде қазір де бар, ондағы сезімді білмеймін.


Болашақ өміріміз жайлы ашық сөйлеспегенбіз. Мен бастаған кезде ол басқа тақырыпқа ауыса кететін. Сосын тұрмыс жағдайы біздікінен төмендеу. Сол нәрсені менің есіме жиі салып отырады. Мені оның материалдық жағдайы қызықтырған емес, жүрегімнің қалауы деп келгенмін. Бүгінгі таңда мені ойландыратыны- болашағым. Менімен босқа уақыт өткізіп жүр ме деп те ойлаймын. Шын сүйгені, қимас жақыны болсам неге маған үйленуге ұсыныс жасамайды деген сұрақ көкейімде. ”Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы" деп, мені сөкпеңіздер. Өмірлік тәжірибесі бар әпкелерден, апалардан кеңес сұрағым келеді. Осы жерден тоқтата салайын десем қимаймын. Менде сүйікті жар болып, бала сүйгім келеді... Анашыммен жақсы сырласамын. Ол маған алаңдаулы. Мұндай тақырыппен ол кісінің ұйқысын бөлгім келмейді. Ақыл қосыңыздаршы, өтініш!


Аноним


Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы:


Бұл жерде кейіпкер өз хатына өзі жауап беріп отыр. Әрине, егер жігіт жан тәнімен шын сүйген болатын болса, ол ештенеге карамайды, тау-тасты қопаратын күйде болады. Қыз сүйіп-күйіп, әйтеуір бірдеңе етіп сол жігіт осы қызға үйленді дейік, бірақ сүйіспеншілік бір жақты болып табылады да, ертең отбасы өмірінде сызат пайда болады. Себебі, бірде болмаса бірде жігіттің отбасының орташадан төмен жағдайы ерлі- зайыптылық қарым-қатынаста қалай да болса кедергісін келтіреді. Өйткені, жігіт үнемі сол мәселені алға тартуда, үйленбей жатып-ақ.... "Күшпен сүйікті бола алмайсың" деген бар ғой, сондықтан ойланған жөн. Бірден ұмыту өте қиынға соғады, алайда өз сезіміңмен, эмоциянды басқара білу де керемет өнер. Бұл кейіпкердің алдағы өміріне, болашақта бақытты Ана болуына, өз тағдырына өзі ие болуына жаксы әсерін береді.


qkz.kz




Көрілген: 2072    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.12.2018, 22:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Наурыз, 14:21
    Күйеуім тастап кетті
    18 Наурыз, 14:39
    Енем үшін ұяламын
    13 Наурыз, 09:48
    Мен неге ажырастым?
    12 Наурыз, 10:50
    Мен 20-да, ол 40-та

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31