Отбасы - ошақ қасы

Некелі жарым ашынасын үйге әкеп алды

  • Некелі жарым ашынасын үйге әкеп алды

    Некелі жарым ашынасын үйге әкеп алды

 Сəлеметсіздер ме! Құрметті əпкелер, сіздермен ішімдегі алай-дүлей болып жатқан өзімеде түсініксіз сезіммен бөліссем деймін. Қысқаша ғана жазайын. Бір сөзбен айтқанда балалық шағым керемет өтті. 19 жасымда тұрмысқа шықтым. Осы кезден өмірім түбегейлі өзгерді. Бастапқы 3 ай тамаша болды. Аяғым ауыр болып төбеміз көкке жетті. Бірақ жүрегімнің астындағы жүрек соқпай дамымай қалды. Жолдасым күрт өзгеріп шықты. Ұрды соқты көзіме шөп салды.


Əскери адам болатын жақсы жұмыстанда шығып кетті. Қарызғада батып кеттік. Шыдадым. Көп ұзамай екінші мəрте жүкті болдым. Жолдасым есітгенде қуанғанда жоқ. Өміріміз аяқ асты өзгеріп сала берді. Ұру, соғу қайталана берді. Ақшаның тапшылығы нансыз отырған күндер. Барлығына шыдадым əйтеуір бір күні жеңіп шығамыз деген үмітпен сеніммен жүрдім.


Аман-есен босанып қызымды қолыма алдым. Ештеңе де өзгерген жоқ, сол баяғы таяқ, көзге шөп салу. Ең соңында мойныма пышақ қойып өлтіре салайын ба дегенді де көрдім. Кетемін болды дегенімде əпкем қызыңды ойла, қызың жетім өседі деді, тағы қыз үшін қалдым. Осылай 1 жыл да өте шықты. 3 жыл бармаған төркініме кеттім. Төркінімде жатқанымда соншалықты сенген күйеу сымағым ашынасын тұрып жатқан үйімізге алып келіп тұрып жатыпты. Қиналғанда мынау мені басқа əйелге айырбастады деп емес соншалықты сенген адамым опасыздық жасағанына қиналдым. Ақшаның жоқтығы киімнің нашарлығы мен үшін проблема емес еді. Жүрегіме батқаны сенген адамыңның сеніміңді ақтамағаны. Заң жүзінде ажырастым. Міне 2 жыл болды. Қызым жанымда. Аллаға сансыз шүкір. Екінші ата-анам, бауырларымның арқасында аяғымнан тік тұрдым. Өз өзіме қараймын. Сырттан көргендер мені сондай өмірді көрді деп ойламайдыда. Бір қынжылтатыны жүрегімде бір түсініксіз нəрселер бар. Оны өзімде білмеймін. Бір ер адамның бақыты болғым келеді. Əйел бақытын сезінгім келеді. Бірақ ол болмауы да мүмкін ғой. Мен баламмен кімге керекпін деп ойлаймын. Айтатын шығарсыздар, қызыңды ойла байды ойламай деп өмір көрген əпкелер ойларыңызды айтсаңыздар. Тағы бір жаман қасиетім деймін бе. білмеймін. бірақ əскери жігіттер ұнайды. Əскери жігіттің жары болғым келеді. Бірақ мені кім алады?Түсініксіз болып кетсе ренжімеңіздер. Ішімдегіні жазбасам болмады. Сүйікті жар болғым келеді. Мына автор не жазып кетті дейтін шығарсыздар. Өз ойларыңызбен бөліссеңіздер.


Аноним 




Көрілген: 1089    Пікірлер: 0

жұма, 28.12.2018, 10:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 11:05
    Жездеме ғашықпын...
    4 Қаңтар, 19:07
    Алғашқы махаббат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31