Отбасы - ошақ қасы

Несиеге белшесінен батқан қызылордалық бойжеткен әкесіндей адамның қолына кіріп алған (фото)

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Несиеге белшесінен батқан алматылық келіншек елден көмек сұрап, NUR.KZ редакциясына хабарласты. Бүкіл жалақысын несие төлеуге кететін ол өзінен біршама жас үлкен ер адаммен көңіл жарастыруға мәжбүр болғанын айтады.


Айнұрдың айтуынша, ол Алматыға арман қуып, білім алу үшін келген. Осылайша Алматыдағы педагогикалық университетті тәмамдаған ол мемлекеттік мекемеге мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, осында қалған.


Мамандығым бойынша білім беру мекемелерінің бірінде жұмыс істеп жатырмын. Қазір 27-демін. Оқу бітіре сала, тынбай жұмыс істедім. Алайда тапқан табысым жетпейді еш. Мемлекеттік мекемеде жұмыс істеймін. Айына 60 мың жалақы аламын. Бұдан үш жыл бұрын бүйрегім қатты ауырып, 300 мың теңге несие алған болатынмын. Денсаулығым жоқ, дәріні іше-іше үстіме аллергия шыға бастады. Енді оның бәріне ақша керек. Ата-анам болса, Қызылорда облысында тұрады ауылда. Ауылға қайтқанмен маған ол жақтан жұмыс табылмайтынын білемін. Барып, іздеп көргенмін, бірақ таппадым", - деп ашынған қыз не істерін білмей күйзеліске түскенін айтты.


Айнұрдың айтуынша, ол қазіргі жұмысынан шығып кете алмайды. Алайда бір несиенің үстіне екінші, одан үшінші несиені жамап алған оның жалақысы түбегейлі банктерге кетеді екен.


Не істерімді білмей, пәтерақыны төлей алмай далада қалған күндерім болды. Бір күні жасы елуге келген ер кісіні жолықтырдым. Ажырасқанын айтты. Алматыда үйі бар екен. Шынымды айтсам, әкемдей адаммен көңіл жарастырамын деп ойлаған жоқ едім. Бірақ баратын жер, басар тауым болмады. Соның үйіне барып тұрдым. Бірақ мені ол үйде тағы да киындықтар күтіп тұр екен. Ол мені үйінде тұрғызғаны үшін еш жұмыс істемей, бүкіл азық-түлікті мойныма іліп қойды. Онысы аздай ұрып-соғатынды шығарды. Мен қазір күйзелісте жүрген адаммын. Қалтамда несиеден он мың теңгем қалса, қуанар едім. Бірақ банктер тікелей жұмыс карточкамнан ұстап қалып отырады", - дейді ол.


Осылайша, бар-мұңын елге жайып салуға бекінген қыз "қайда барарымды да білмеймін" дейді. Өзінің аты-жөнін айтуға қатты қысылған ол жеке өмірінде де жақсылық боларына сенбейтінін айтады. 




Көрілген: 2336    Пікірлер: 1

жұма, 05.01.2018, 17:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты
    28 Мамыр, 10:54
    Кеш келген сезім...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31