Отбасы - ошақ қасы

Інім мені кедей деп менсінбейтін болыпты... Қатынының арқасында талтаңдап жүр ...

  • Інім мені кедей деп менсінбейтін болыпты... Қатынының арқасында талтаңдап жүр ...

    Інім мені кедей деп менсінбейтін болыпты... Қатынының арқасында талтаңдап жүр ...

Туған інісіне өкпелі екен


Таяуда бір досымыз құдалық күтіп, соның қызықшылығын бірлесіп атқарған едік. Құда күту бірінші үйде, сосын қаладағы бір тойхананың шағын залында өтті.


Қазақтың дәстүрлі құда күтуі жақсы асабаның басқаруымен, әнші жігіт­тердің құйқылжыта ән шырқауымен, ұлағатты тілектермен, әдемі әзілдермен қызықты өтті. Дегенмен бұл жиыннан бір жағымсыз жай да менің есімде қалды.


Қысқасы, қызын ұзатқан құрдастың құдасы кекірейіп қалған жан екен. Естуімізше, тұрмысы бақуат көрінеді. Соны сездіргісі келгендей сызданып, мақтана сөйлеп, өзін бір өзгеше ұстаған жанды іштей онша жақтырмай қалғанымыз рас. Сәл әдеп сақтаса қайтеді екен деп ренжідік.


Қызықшылық аяқталып, құдаларды шығарып салған соң «бұл да бір біткен шаруа болды» деп қайтуға жинала бастадық. Сол кезде досымыз: «Өзі­мізше бір 5 – 10 минут отырайық та. Мынаның бәрін қалай тастап кетеміз?» – деп бізді дастарханға қайта отыр­ғызды. Мен ішімдікке онша қызыға бермеймін, сондықтан таза ауаға шығып келуді сылтауратып сыртқа шықтым.


Бір кезде жол жаққа көзім түсті. Онда құданың ағасы такси күтіп тұр екен. «Бәрі кетіп, бұл кісі жалғыз қал­ғаны несі?» деп ойладым. Көлікке отырғызып жіберейін деп жанына барғанмын. Ол аздап «қызып» қалған екен. «Шешесін..! Қатынының арқасында талтаңдап жүр. Туған бауырымен араласпайды. Кеттік деп еді, алдына түсіп зытып берді. Адам сияқты қоштасқан да жоқ», – деді әлдекімге сырттай кіжініп. «Кімді айтасыз?» – дедім тү­сінбей. «Әй, інімді айтам да. Кедей деп менсінбейтін болыпты...» – деген құда тілін тістегендей болып, әңгімені шорт үзді.


Қысқасы, құданың ағасын таксиге отырғызып, жол ақысын төлеп жібердім. Сосын оның айтқандары есімнен кетпей қойды. Әсіресе бірге туған бауырын «шешеден» сыбағаны таңқалдырды.


Бүгінде жұрт ала-құла болып, тіліне, дініне, тұрмыс жағдайына қарай бөлініп кетті. Мысалы, өткенде атеист әкесі мен діндар ұлының бет көрместей ренжісіп кеткенін, араласпайтынын естіген едім. Енді бай інісі мен кедей ағасының бір-біріне суық екенін естіп көңілім құлазыды.


Осы біз кім болып барамыз өзі?


Қ. ТАСТАН.


www.zamana.kz




Көрілген: 2575    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

жұма, 22.12.2017, 21:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан 2017
    Кек қуған әйел (оқиға)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31