Отбасы - ошақ қасы

Өгей әкемді өлтірдім: 16 жасында қылмыскер атанған қыз түрмедегі өмірімен бөлісті

  • Фото: comode.kz

    Фото: comode.kz

Талдықорған қаласының тумасы өзінің өгей әкесін өлтіргені үшін жеті жылдық мерзімге сотталған болатын. Бастапқыда бойжеткен өзін өзі бұл қылмысқа қорғану үшін бардым деп сендіруге тырысты. Алайда, уақыт өте қалай болғанда адам жанын алуға құқығы болмағанын түсінген ол, шын мәнінде өгей әкесін өлтіргеніне қатты өкінген деп хабарлайды comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Қымбат есімді қыз 2016 жылы өз өгей әкесін өлтіргені үшін сотталған. Оқиға ер адамның кезекті жанжал шығарып балаларына қол көтерген кезінде орын алды.


Ашуға бой алдырған қыз үстел үстіндегі пышақты ала сала өгей әкесіне тап беріп, оның денесіне бірнеше мәрте соққы жасаған. Нәтижесінде аса ауыр пышақ жарақаттарының салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.


Тергеу изоляторында өткен ауыр жеті ай...


Жеті ай бойына созылған тергеу жұмыстары онсыз да жағдайы мәз емес бойжеткенді мүлдем қажытып жіберген.


"Тергеу изоляторы тынысыңды кәдімгідей тарылтады. Қарапайым түрмелермен салыстырғанда бұл жер өте тар әрі өңі суық. Онда сенімен ешкім артық сөйлеспейді де, қатты қиналғанымда жынданып кете жаздадым. Алайда, сені бастан сипап қолдау көрсетер ешкім де жоқ онда. Өйткені изоляторда отырғандардың басым көпшілігі - аса ауыр қылмыс жасағандар. Сол себепті сенің жылап айқайлауыңа олардың түкіргені бар", - деп айтты Қымбат.


Бір мезетте өзгере шыққан тергеуші


Бойжеткеннің айтуынша, қолайсыз жағдайға қарамастан, тергеу жұмыстарының өзі заң жүзінде өткен. Тәртіп сақшылары міндеттерін тиісті тұрғыда орындады. Көпшілікті қызықтыратын "тергеу кезінде қысым болды ма?" деген сауалға да Қымбаттың жауабы дайын болды.



"Жоқ, қысым атаулысы болған жоқ. Барлығы өз ретімен заңды түрде өтті. Тек тергеуші кейпінің тез-ақ өзгере шыққанына таңғалғаным бар. Бастапқыда менің адам өлтіргеніме сенбей, ол кісі біреудің қылмысын өз мойныма алып жатырмын деп күдіктенді. Ол сәтте маған көмектескісі келіп, жылы лебіз танытқан еді. Алайда, анамның берген жауаптары мен нақты дәлелдер пайда болғаннан кейін, изолятор қабырғасындағы жалғыз жақтаушым санаған тергеуші бір мезетте салқын қанды адамға айналып кетті", - деп екі жыл бұрынғы оқиғасын еске алды қыз.

Бүгінгі күні Қымбат жасөспірімдер колониясында өз жазасын өтеп жатыр. Оның айтуынша, бұл түрмедегі жағдай орнықты. Күнделікті істейтін шаруаларынан бөлек, өзіне арналған жеке уақыт та қарастырылған. Бос уақытында ол кітап оқығанды жақсы көреді.



Оған қоса, ол ел арасында қалыптасып кеткен түрмедегі қылмыскерлер арасындағы өзіндік заңдылықтардың қауесет екенін айтуда.


"Түрме дегенде барлығы басқа қылмыскерлер жаңадан келіп түскендерге арнайы қабылдау рәсімін өткізеді деп жатады. Олай емес. Бұл жердегі адамдардың біреуге бола сондай дәстүр жасау үшін өз жеке жағдайлары жетіп артылады. Кәмелетке толмағандардың колониясында болса, тіптен ондай дүние атаулысымен жоқ. Бірақ біз тату-тәтті өмір сүреміз деп айтуға да келмейді. Біз араласамыз, сөйлесеміз алайда дос емеспіз. Бұл жерде ешкімге ашылып, сенім білдіруге тіптен болмайды", - деп темір тор артындағы өмірінің сырын ашты Қымбат.

Анасымен арадағы қатынас.


Қазіргі таңда 11 сынып оқып жатқан қыз келер жылы үлкендер түрмесіне қоныс аударады. Оның айтуынша, ол жерге ауысудың асқан айырмашылығы, ал қорқынышы тіптен жоқ. Әйелдер түрмесіндегілерді күнделікті көретін Қымбат олардың өмір-тіршілігінен толықтай хабардар болғандықтан, орын ауыстырудан қорқуға негіз жоқтығын алға тартты.


"Бастапқыда анаммен арақатынасымыз күрт нашарлап кеткен. Өйткені қалай болғанымен мен оның сүйіктісін өз қолыммен өлтірдім ғой. Қатты ашуланғаным да бар ол кісіге. Қалай туған қызына қарсы сотта жауап береді деп. Бірақ уақыт өте бәрін таразыға салып, түсіндім. Үкім шығарға таман анам маған қолдау көрсетіп, жылы лебіз танытты. Сол кезден бері арамыз жақсы. Не болса да анасы баласын тастамайды ғой", - деді ару.

Қымбаттың айтуынша, анасымен байланысы үзілмеген. Күнделікті хабарласып, сөйлесіп тұрады. Бойжеткеннің бостандыққа шығуын тек жалғыз анасы, екі інісі мен сіңлісі ғана қатты күтуде. Қалған туыстармен арақатынас суып кеткені бойжеткен әңгімесінен бірден сезілді.



Талдықорған тумасы екі жыл бойы қатты толғанып, қылмысы үшін қатты өкінгенін айтуда.


"Бастапқыда өзімді кінәсіз санап, қорғаныс әрекеттері мен ашуға бой алдыруға сілтедім. Алайда, қалай болғанда да, қандай жағдай болмасын менің біреудің өмірін қиюға құқым жоқ. Кеш болса да, оны мен түсіндім", - деп өкінішін білдірді Қымбат.

Бүгінгі күні қыз бала тезірек бостандыққа шығып, екі баланы жалғыз өзі асырап отырған анасына демеу болғысы келетінін айтты. Ол өзінің жақсы тәртібіне байланысты қойылған жазаның қысқартылатынына үлкен үміт артып отыр.



Фото: comode.kz 




Көрілген: 2780    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 10:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30