Отбасы - ошақ қасы

Ол мені басқаға оп-оңай айырбастай салды

  • Ол мені басқаға оп-оңай айырбастай салды

    Ол мені басқаға оп-оңай айырбастай салды

 Сəлеметсіздер ме! Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерден ақыл-кеңес сұрамақшымын! Менің жасым 16-да.


Мен бұрын Нұрхан деген баламен жүргенмін. Оның жасы 18-де. Кейіннен екеуміз еш себепсіз айырылдық. Ол қарапайым ауылдың баласы. Біз екеумізде мектеп гимназиясына түскен болатынбыз. Ол ауылдан жатаханаға жатып осы гимназияда оқитын еді. Мен өзім қаланың қызымын, сондықтан ол ауылына кеткен кезде бір-бірімізді көру де қиынға түсетін. Сондықтан мектеп кезінде бірге жүріп, ал ауылына кеткен кезде уатсап арқылы сөйлесетінбіз. Соңғы кезеңде ол менімен сөйлескісі келмеді ме, əлде басқа себептер болдыма білмеймін.


Ол мүлде əлеуметтік желіге кірмей, мүлде хабарласпай кетті. Мен оған қоңырау шалатынмын, бірақ ол көтермейтін еді. Ол соғатын қоңырауларды ұзақ уақыт бойына күтетінмін,бірақ ол хабарласпады. Содан бір күні өзім қоңырау шалған кезде көтерді. Сол кезде мен бəрін айтып, арамыз суып кетті мүлде хабарласпайсың,себебін де сұрағанмын бірақ жөнді нəрсе айтпады. Содан мен сөйлеспей-ақ қойғанымыз дұрыс шығар деп айтып, онымен қоштастым. Бірақ сол сөзді айтқаныма əлі де өкінемін. Ол менімен сөйлеспей қалғаннан кейін бірден бір қызбен сөйлесіп кетіпті, əлеуметтік желіге кіріп, инстаграмға суреттерін салып қоятын. Сол кезде мен қатты қиналдым. 1 жыл болды ұмыта алмадым.


Мен ол адамсыз өмір сүре алмаймын, ұмыта алмаймын!!! Өзіне осы жақында жазғанмын. Ол өзінің бақытын тауып Алланың атымен сол қызбен некелесуге ант еттім деп айтқан болатын. Сосын бұл оқиға маған қатты əсер етті. Өзіме қол жұмсауғада барғанмын.Маған өзге біреулердің дауысы құлағыма естіліп мені шақыратындай болатын. Сол кезде мен қатты ауырдым.Неліктен екенін білмеймін. Мені бəрі қуады,басы жетпейді деп ойлайтын. Маған Нұрхан оралса мен енді одан айырылып қалғым келмейді. Қанша ұмытқым келсе де ұмыта алмадым. Оның қызы 17 жаста ол қызбен сөйлескенмін.Енді оны маған оралады деп ойлайсыздар ма? Əлде ұмытқаным жөн бе? Ойларыңызды бөлісесіздер ме мен үшін өте маңызды... Рахмет. 


Аноним 




Көрілген: 1125    Пікірлер: 0

жұма, 04.01.2019, 10:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 11:05
    Жездеме ғашықпын...
    4 Қаңтар, 19:07
    Алғашқы махаббат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31