Ол мені тастап, басқаға кетті

Ол мені тастап, басқаға кетті

Жылай-жылай көз жасым таусылды. Әңгімені әріден бастайын. Мен жігітіммен студент кезімде таныстым. Ол кезде агент деген әлі де сән еді ғой, агенттен танысып, кездестік. Басында сырт келбеті ұнамады, бойы тапалтақ екен. Мен одан сәл ғана ұзын болып тұрдым. Содан не керек, сол менсінбеген жігітті қалай сүйіп қалғанымды өзім де білмеймін. Ол – отырыстың шырайын ашатын асаба екен. Жылы-жылы сөздерімен жанымды баурап, жүрегімді жаулап алды. Негізі өзі саудамен айналысады. Бірден келісімімді бермей, бір ай өткенде қызы болуға келістім. Арамызда үлкен махаббат болды. Мен оны бір күн көрмесем, тұра алмайтын жағдайға жеттім. Шын ғашық болғанда оның кемшілігін де байқамайды екенсің. Сөйтіп 2 жыл жүрдік. "Саған үйленем" деп анасымен таныстырды. Анасы жуас, ақкөңіл адам екен, бір-бірімізді ұнаттық. Отбасы жұпыны тұратынына қарамастан, ештеңені көңіліме алмай, оны сүюімді тоқтатпадым. Соңғы кездері жігітім апталап келмейтінді шығарды. Оның үй ішімен танысқан соң, көңілім тыныш болып, ештеңеден күдіктенбей жүре бердім. Бір күні 14 күндей жоқ болып кетті. Қоңырау шалсам, "мен Түркістанға зат алуға кеттім" деді де, тұтқаны тастай салды. Мен ақымақ сол кезде барып, есімді жиып, жан-жағыма қарадым. 14 күннен кейін бір күні кеште "шық, келіп тұрмын" деді, мен оны көрген бойда еңіреп жылап жібердім. Ол әдеттегідей мені жұбатып, шаруасы көп болып кеткенін айтты. Жүрегім орнына түсіп, үйге мәз болып кірдім. Сөйтіп бір күні түлен түртіп, көп кірмейтін агентіме кіріп көрсем, бір қыз достық жіберіпті. Қыздың суретін қарасам, суретте жігітім екеуі жабысып, бірге тұр! Өз көзіме өзім сенбей, қайта-қайта қарай бердім. Және әлгі қыз маған: "екеуміз үйленейін деп жатырмыз, Қ-да (жігітімнің аты) шаруаң болмасын" деп жазып жіберіпті! Жүрегім тоқтап қала жаздап, жігітімен қоңырау шалып, бар шындықты сұрадым, жігітім "өзі артымнан қалмай жүр, мән берме" деді. Сол оқиғадан екі күн өткенде жігітім келді. Мен тек одан айырылып қалмауды ойлап, "бар шындықты айтшы, егер сәл сезімің болса, мен сенімен бірге қаламын" дедім. Жігітім "сені сүйемін, бірақ уақытша екі жаққа кетейік" деді. Мен "бәрі бітті ме?" дегенде, "жоқ, мен саған оралам, тек өз-өзіңе бірдеңе істеп қоюшы болма" деді де, сол күйі келмеді. Міне, сол күйі жоқ. Жүрегім өртеніп мен қала бердім. Осылайша ол мені тастап, басқа жанға кетті... Себебін ашып айтпады. Меніңше ол әлгі қыздың сұлулығына қызыққан сияқты. Шынымен қыз өте сұлу екен. Содан бері өз-өзіме деген бағам құлдырап, сенімімді жоғалттым, ешкімге керексіз затқа айналдым. Сол агентіне күнде кіріп қараймын, күнара екеуі бірге түскен түрлі суретті ауыстырып қойып отырады. Жүрегім жарылып кете жаздайды. Бірақ амалым жоқ...

Автор: Құпия қыз

massaget.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста