Отбасы - ошақ қасы

Ол мен үшін тәп-тәтті елес болып қала берді

  • Ол мен үшін тәп-тәтті елес болып қала берді

    Ол мен үшін тәп-тәтті елес болып қала берді

 Сағат түнгі 4:30. Маған не жорық деcкңізші, ел қатарлы ұйқтамай. Негізі, ұйқтап жатқан болатынмын. Он минут бұрын ғана ояндым. Ояна салып жан-жағымнан оны іздей бастағанда, жаңағы түсім екенін енді ғана ұққандаймын.

Мен оны алғаш рет мектепте оқып жүргенде кездестірген болатынмын. Бір шаруалармен әкем екеуміз көрші ауылға барған болатынбыз. Бір таныс кісінің үйіне келіп түстік. Әкем жақсы сыйласатын. Сағат 12-лерден өте түскі асқа шақырған Сырдың суындай сыңғырлаған, күміс үнді қыздың дауысы естілді. Қол жуып, жерге қойылған дөңгелек столды айналай отырдық. Бір кезде жұмақтан шыққан хор қызындай бір сұлу қыз бізге қарай тамақ әкеліп қойды да, шәй құя бастады. Көзімнің астымен ұрланып қарап, сұлулығына тамсанып отырып бір самаурын шәйді қалай тауысқанымды білмей қалдым. Менің әкем мен оның әкесі асықпай тамақтанып ал деп сыртқа шығып кетті. Бойы ұзын, аққұба, екі бетінің ұшында жүгірген қызылы бар, қыр мұрын, айдай керілген қасы, ботадай көзі бәрі,бәрі шебердің қолдан соққан мүсініндей. Есімі Мөлдір екен. Мөлдір десе мөлдіреп тұр. Сөйлескенде де қысылып, қымтырылмай ойын анық жеткізеді, күлгендегі түрі қандай керемет. Маржандай тізілген тістері жұлдыздардан да жап-жарық. Үстіне киген жаздық көйлегі құлын мүсінімен астасып-ақ тұр. Сүліктей сүйрік саусақтары кесені алып жатқанда қолыма тиіп кетіп, өне бойымды от шарпып өткендей болды. Біз дос адамдай ашық сөйлесіп кеттік. Кеш бата ауылға қайтуға тура кеп, қоштасып қайттым. Үйге келіп Мөлдірді ойлап жатып ұйқтап кеттім.




Арада біраз уақыт өтіп біз бір тойда кездестік. Біз жақта той далада құрылған палатканың астында өтеді. Ой сондағы екеуміздің жер ойылғанша билегеніміз әлі күнге есімнен кетпейді. Қайта, қайта биге шақыра беруге де ұяламын. Бірақ, бүйрегім бұрып тұрады. Өзі билегенде бұрынғыдан да әдемі боп кетеді екен. Армансыз биледік. Таң ата мен үйге қайттым, ол туысарының үйінде қалды. Үйге жеткен соң Мөлдірді ойлап жатып ұйқтап кеттім. Сол ұйқыдан қазір ғана тұрғандаймын. Бірақ, олай емес еді. Арада бірнеше жыл өтті. Ол тұрмысқа шықты. Мен әлі студентпін. Бүгін оны түсімде көріп оянып алып, дәл қазір сол туралы жазып отырмын. Арамызда махаббат та, ғашықтық та, сүйісіп-құшақтасу да болған емес. Бірақ, өмір бойы осындай есте қалып қоятын тәп- тәтті елестер болады екен. Оны түсіңде көріп, ол туралы ойлап оянған кезің мүлде бір қызық құбылыс. Не болса да жүректің сыры осындай құдіреттілігінде. Махаббаттарыңыз баянды болсын!!!


Аноним 




Көрілген: 2147    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.01.2018, 10:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31