Отбасы - ошақ қасы

Олар сыған қызынан туылған екен

  • Олар сыған қызынан туылған екен

    Олар сыған қызынан туылған екен

Ертеректе болған бұл оқиға туралы маған Төленбай көкем айтып берген еді. Жұрт бұл өзгеше оқиға туралы да біле жүрсін деген оймен газетке жазып отырмын. 


«Ұлы Отан соғысы болардан бұрынғы жылдардың бірі еді, – деді көкем. – Ораза айт кезі. Ауылдағы шалдар әр үйге кіріп, айттап жүр. Солардың арасынан аларған көзі өзгеше үлкен, сақалы кеудесіне дейін түскен, қапсағай денелі үш қария ерекше назарымды аударды. Мен олардан сескеніп, анамнан: «Апа, ана аталар елден неге өзгеше?» – деп сұрадым. «Е, әлгі долының әулетін айтып тұрмысың?» – деп күлді апамнан бұрын көрші әзілкеш көкем. «Тек! Олай деме!» – деді апам оған. Сосын ма­ған бұрылып: «Олар – өз аталарың», – деді апам сыбырлай сөйлеп. 


Арада біраз күн өткенде апам маған оңашада олар жайында әңгімелеп берді. 


«Сонау ерте заманда ел-елді аралап келе жат­қан сыған тобырынан бір арбалы отбасы қалып қойған екен, – деді анам. – Арба тартуға атының жарамайтынына көзі жеткен сыған жігіті қолына жүген, ноқтасын, бар ақшасын алып төңіректен ат іздеуге шығады. Содан бір ойпаңдау жерде жайылып тұрған кісендеулі атқа көзі түседі. Жанында күдік болардай еш нәрсе жоқ. Көктен іздегені жерден табылып, бұған ерекше қуанған сыған аттың кісенін ашып, ноқталап мініп алады. Содан мәз болып келе жатқанда алдынан жас қазақ келіншегі мен 8-9 жасар бала ұшырасыпты. Олар келімсектің ол арадан сытылып шығуына мүмкіндік бере қоймайды. «Менің атым!» – деп аттың басына жармасқан әйелді сыған бар күшімен теуіп құлатады да, баланы елең қылмай, атпен шауып, бел асып кетеді. 


Ал соққыдан құлаған әйел басы тасқа тиіп, сол жерде бірден жан тапсырады. Ал баласы шырқырай жылап ауылына жетіп, болған жағдайды айтады. Содан ауылдағы бүкіл еркек атқа қонып, бір күндік жерге ұзап кеткен сыған тобырын қуып жетеді, оларды қоршай қамшы-шоқпармен аяусыз таяқтап, тергеудің астына алады.­ 


Кінәлі сығанның аяқ-қолын байлап, өлтірмек болады. Сонда сығанның 17 – 18 жас шамасындағы сұлу қызы сауға сұрапты. «Батыр жігіт, ашуыңды бас, – депті ол келіншегі мерт болған азаматқа қиыла қарап. – Егер мен сенің өлген әйелің­нің орнына әйел болсам әкемді кешіресің бе?» Сол арада қуғыншылар ойланып қалады­. Қыздың айт­қанына ауыл ақсақалдары келісім бергеннен кейін өлген әйелдің құнын қызды қоса алып, қазақтар сыған тобырын босатады.­ 


Сол сыған апамыз күйеуіне адал жар болып, жетім қалған екі баланы өз баласын­дай көріпті. Өзі де сегіз бала туып, оларды аман-есен өсіріп, ел қатарына қосыпты. Ал өзің көрген өткендегі үш ала көз шал сол апаңнан тараған немерелер болады». 


Апамның осы әңгімесінен кейін де мен әлгі кісілерді талай рет көрдім. Бірақ бұрын­ғыдай таңданған емеспін. Тарихын білетін жұрттың да оларға көзі үйреніп кеткен екен». 


Төленбай көкем әңгімесін осылай деп аяқтады. Маған ол қатты әсер етті. Расында да бұл өзі өзгеше әсерлі, кімді де болса ойландырып қоятын жай емес пе? 


К. ОРЫНТАЙ


www.zamana.kz




Көрілген: 3270    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.05.2018, 17:38

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
23 Сәуір, 16:06
«Әке-шеше сатамын...»
9 Сәуір, 14:44
Күйеуім суып барады

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31