Олардың келіп, өтірік жоқтау айтқанын қаламаймын

Олардың келіп, өтірік жоқтау айтқанын қаламаймын

Есімім Мадина. Төрт қыздың кенжесімін. Ата-анам қарапайым жандар. Анам әке-шешеден ерте айырылған. Әкемнің шешесі бала күнінде, әкесі 22 жасында қайтқан.

Әкемнің туған ағасы бар. Атамның екінші әйелінен 3 қарындасы, 3 інісі бар. Атам қайтқанда үлкені 17-де, кішісі 4 айлық болған. Содан бері әкем атамның аманатын арқалап, бауырларының барлығын өсірді. Барлығына диплом әперіп, әскерден күтіп алып, үйлендіріп, үй алып берді. Бала кезден соның барлығын көріп, куәгер болдым. Әкемнің үлкен ағасы Бақтыбек көкем шешесі қайтқанда 8 жаста болған. Атамның екінші рет үйленгеніне ренжіген ол интернатта тәрбиеленіп, ата-ана, бауырларына жақын болып өспеген. Ал менің әкем болса, атамның көңілін қалдырмай, бауырларына бар жағдайды жасады.

Өгей шешенің аты өгей шеше. Апамыз алты баласының басынан сипап, менің әкемді шеттетіп жүретін. Әкемнің жасағанын, сатып алып келгенін жоқ көретін. Одан қалса: «Әкеңді өлтірген сен!» деп нақақтан нақақ жала жабатын. Атамнан қалған мұраны алып алады деп қорқса керек, әкеммен қоса шешем мен бізді жамандап тастайтын. Кейін апамыз қайтыс болғанда, күн суықта тік тұрып, әке-шешем мен мына біз жұмыс істедік. Тәтелеріміз жылап, кісілермен көріскенде, біз суық сумен ыдыс-аяқтарды жудық. Апамызға деген ренішіміз қара қазандай болса да, көндік. Кешірдік барлығын.

Апамыздың қазасынан бері 10 жыл өтті. Атамнан қалған мұраның бірін, тіпті қисық шеге де алмадық. Барлығы алты бауырға,оның ішінде кенже ағамызға қалды.

Үш ағамның әйелдері әр түрлі. Бірақ, бірі де қазір әкеме шәй беруге жарымады. Үлкен ағам үйленгенде әкем қарызға ақша алып, тойын, құдалығын жасап берді. Ол кезде апам бар болатын. Бірінші келінімен сыйыспай, жас баласымен үйден қуып шыққанда, әкем оларға біздің бір бөлмені босатып берді. Сол кезде біздің жағдай да жақсы болмаған. Аядай ғана екі бөлмелі жатақханада тұратынбыз. Соған қарамай, әкем бауырын қолына алды. Үш айдан соң, таныстары арқылы жас семьяға деп жатақханадан бір бөлме алып берді. Кейін бөпелері ауырып қалып, тағы таныстары арқылы оған тегін ота жасап берді. Қазір үлкен ағам мен жеңгем оның бірін де еске алмайды.

Екінші ағам апама тартқан. Тілі жаман. Біз бала болғанда шешеме «Іздеушісі жоқ, жетім» деп тіл тигізетін. Одан қалса, әкеме: «Ұл жоқ. Өншең қыз. Басқа әйел алу керек» деп айтатын. Мұның барлығы менің сәби жүрегіме қатты тиетін. Ол ағам жас күнінде араққа тойып алып, достарын ертіп, біздің үйге келетін. Оның жасаған бір қылығын бетке баспай, әке-шешем барлығын көнді. Диплом алып берді, жақсы жұмысқа тұрғызды. Ал ол ағам болса, ешкімге айтпай, үйлену тойын жоспарлаған. Екі күн қалғанда біреуден шақыру қағазын беріп жіберген. Кейін білгеніміздей оның үйленуі туралы барлығы білген. Жасырын түрде құдалық жасап, той ұйымдастырған. Оны білген әкем тойға бармады. Ал олар болса, бізбен 2-3 жылдай араласпай кетті.

Кенже ағам үйленемін дегенде ғана жаңағы ағам келіп, кешірім сұрап, татуласқандай болды. Әкем кешірді. Әкеден 4 айлығында қалған кенже бауырының тойын дүркіретіп атқарып берді. Тұңғыштары Бектемір дүниеге қиналып келді. Сонда әкем мен шешем бар таныстарына хабарласып, келіні мен сәбиді аман алып қалу үшін жақсы, мықты деген дәрігерлерді шақырды. Олар атамның үйінде тұрып келеді. Бірде құрбан айт мерекесінде, бейіт басына барып, қара шаңыраққа жолыққанымызда кіші жеңгеміз «Неге келдіңіздер? Біз туған күнге кетіп барамыз, үйге кірмеңіздер» деп есіктен шығарып салды. Далада тұрған мына біз сасып қалдық. Ең жаманы, сол кезде қора маңында жатқан қайтқан атамыз бен тәтеміздің көмір мен топырақ үстінде жатқан суретін көрдік. Сол кезде шыдамай, кіші ағама айғайлап бердім. «Бізді сыйламасаңыздар, ауыздарыңа ас тосыған әкем мен шешемді сыйламайсыздар ма?! Әруақтан қорықпайсыздар ма?! Мына суреттер неге аяқ астында жатыр?» дегенде, ағам не айтарын білмей, басын түсіріп, үнсіз тұрды. Бір шетте жыны шашырап, жеңгем тұр. Ағам бірдеңе айтайын деп, енді сөйлей бергенде ол: «Тіл мен жағыңа сүйенбей, көп сөйлемей, түс алдыға кеттік. Менің ағам мен жеңгем күтіп қалды. Гүл алу керек тағы. Суреттер ілуге келмей қалды, сол үшін шығарып тастадық. Не болыпты соншама? Керек болса, алып кет» деп қалды. Бұл сөзі басымызға су сепкендей болды. Ағам сонда: «Ажырасқым келеді. Бірақ, өзім әкесіз өстім ғой, мына екі балам жетім өспесін деп жүрмін» деді.

Үш тәтемнің де тағдыры әр түрлі болды. Бір тәтеміз жас күнінде қайтыс болды. Әкемнің айтуынша, сол тәтемді атам ерекше жақсы көрген. Тәтеміздің басында құлпытас болмаған. Жақында өзіміз орнаттық. Орнатпас бұрын, үлкен ағама хабарласып, ойымызды айтқанда: «Өздерің біліңдер, бізге бәрібір» деді. Екі тәтем тұрмыста. Бірақ, бірі көп жылдар бойы сәби сүйе алмай, жақында бір жасар қызды бағып алды. Екінші әпкем де көп көтере алмай, эко арқылы ұлды болды.

Бауырларының қасында үнемі болатын әкем олар десе, жанын беруге даяр. Әкем бауырларының теріс қылығын көрсе де барлығына кешіріммен қарайды. Бізге де соны үйретті. Бірақ, олардың анамызға, бізге тіл тигізгендерін ешқашан ұмытпаймын. Үлкен әпкем 29 жасында, кейінгісі 31-де, үшінші әпкем 28 жасында, мен 27 жасымда тұрмыс құрдық. Біздің жасымызды бетке басып, тәтелерім де, ағаларым да бізді «Кәрі қыздар», одан қалса «Бай жетпей қалған» деп айтатын. Құдайға шүкір, барлығымыз да жақсы әулетке келін болып түстік. Әкемнің бауырлары барлығымыздың тойымызға бүкіл отбасымен келіп, ең көп дегенде 5000 теңге алып келді. Одан қалса, құдалыққа қатысып, өз сыбағаларын алып кетті.

Бүгінде әрқайсымыз бір үйдің отанасына айналып, әке-шешем немерелерінің қылығына тоймай келеді. Барлығымыз жағдайлы болған соң, ата-анамызға қала шетінен үй алып бердік. Зейнеттегі адамдар болған соң, ыңғайлы болсын деп, үлкен жездем жеңіл көлік сыйлады. Алайда, әкемнің бауырлары мұны көре алмайды ма, белгісіз, туыстар арасында «Бақытжан байып кетті, ешкіммен араласпайды» деп сыбыс шығарып жүр. Одан қалса, үлкен ағаларым «Бізге көмектеспейді» деп бізбен араласпайды. Тіпті, әкемнің қалын сұрамайды. Жақында шешем операция жасалып, 3 апта ауруханада жатып шықты. Жетім болса да, тума-туыстары келіп, қасымызда болды. Ал жастайынан өсіріп, бар жақсылығы-жамандығында қасында болған әкемнің бір бауыры, бір қарындасы келіп, көңіл сұрамады. Ең көңілге тиетіні, той жасаса да, қонақ шақырса да алты бауыр әкемді шақырмайды.

Өздері жиналып, әкемді шеттетеді. Әкем іштей күрсінеді, қан қысымы көтеріледі. Ал бауырларына ештеңе айта алмайды. Менің жаныма бататыны, ертең әкемнің денсаулығы нашарлап, олай-бұлай болып кетсе, сол ағаларым мен тәтелерім келе ме?! Тірі кезінде осылай қылық көрсететін олар ертең не істер екен?! Олардың келіп, өтірік жоқтау айтқанын қаламаймын. Тірі кезде, тым болмаса бір шәугім шәй беріп, көңілін ауласа екен деймін.

Мадина Бақытжанқызы, Алматы қаласынан
alashainasy.kz/ 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста