Отбасы - ошақ қасы

Өмір бойы қорлап келеді

  • Өмір бойы қорлап келеді

    Өмір бойы қорлап келеді

 Әбден қиналып жазып отырмын. Жылап отырмын, қолымнан ешнәрсе келмейтініне жыным кеп отыр. Анамды аяймын. Әбден қартайып, жүйкесі әбден тозып кеткен. Өзім тұрмыстамын. 2 жыл болды өз жанұяммен тұрып жатырмын. Анам күнде хабарласып,  әкеннен шаршап кеттім деп зар жылайды. Өзімді қоярға жер таппаймын. Оларға қашанғы барам, қашанғы оның ұйықтағанына дейін күтіп отырамын. Күйеуім, енем бір күн жіберер, екінші күні жіберер. Бірақ  енем бір күн болмасын бір күн үйге төркініме бара беретінімлді бетіме басып, айтады ғой. Қашанғы әкем мас еді деп бара беремін. Анамның тұрмысқа шыққалы көріп келе жатқаны арақ пен азап.  Осындай өмірді қойып, мүлде кетіп қалайықшы деп анама талай айттық,тыңдамады. Ертең ел жұрт не дейді соңымыздан дейді сондағы сылтауы. Көреміз, көнеміз енді деп келе жатыр 30 жылдан бері. Сырымды ешкімге айта алмай, әбден шапшап кеттім. Өзімнің проблемам, олардікі бар әбден жынданудың сәл-ақ алдында жүрмін. Қызылордада сыртынан емдейтін адам бар ма екен арақты. Ол өз бетінще емделмейді талай айттық намыстанады емделуге.


Гүлім, Қызыорда




Көрілген: 945    Пікірлер: 0

жұма, 08.02.2019, 10:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28