Отбасы - ошақ қасы

Оны кейін сүйіп кете аламын ба?

  • Оны кейін сүйіп кете аламын ба?

    Оны кейін сүйіп кете аламын ба?

 Сəлеметсіздер ме ханымдар, замандастар, құрметті оқырман. Мен көптеген арулардың алданып қалғаны, тұрмыстық зорлық-зомбылық, көзге шөп салу туралы оқиғаларды оқып, кейінгі кезде қатты ойланамын, тіпті қорқатын боп жүрмін. Кейбір кейіпкерлерге шынайы жаным ашиды. Кейбңр жағдайларды оқып көзімнен жас қалай шыққанын білмей қаламын.

Енді өзім туралы айтсам, мен сезімсіз жігітпен жүре алмайтын адаммын. Өзім сүймесем, қолымды да ұстатпаймын. Осыған дейін өзім сүйдім, мені сүйді ме білмеймін. Бірақ бақытты бола алмадық. Біреуін басқа қызбен ұстап алдым, біреуі тым алыста болып, арамыз суып кетті. Осылайша осы уақытқа дейін кездескен жігіттерден жар боларлық адам кездеспеді.


Енді жақында бір жігітті кездестірдім. Бірақ оған деген еш сезімім оянбай-ақ қойды. Досым сияқты, оны түсінемін, сыйлаймын, екекуміз жақсы сырласамыз. Оның мені ұнататынын сеземін. Бірақ оған болашақ күйеуім ретінде қарай алар емеспін. Мүмкін кейін сүйіп кететін шығармын деп жүрмін. Жасым 25-ке келеді. Бір отбасының келіні атанып, ,ана болғым келеді. Оған дайынмын деп те ойлаймын. Кейін келінімнің қолынан түк келмейді демесін деп бəрін үйреніп алғанмын. Оның мені жақсы көретінін білемін, махаббатын бағалай алмай, кейін опық жеп қалам ба деп те қорқамын. Анасына да лайықты келін көреді мені. Енді тек мені мазалайтыны, оны сүйіп кете аламын ба? Сүйе алмасам оның бар үмітін талқандап кетпеймін бе? Кеш болмай тұрғанда айтсам ба əлде? Көпті көрген ханымдар, ақыл-кеңес беріңіздерші.


Аноним 


 




Көрілген: 1977    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.01.2018, 08:30

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
9 Сәуір, 14:44
Күйеуім суып барады

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30