Отбасы - ошақ қасы

Оралдық бәйбіше күйеуінің сұлу тоқалынан қалай құтылғанын баяндады

  • Көрнекі сурет.  © KAZINFO.TODAY

    Көрнекі сурет. © KAZINFO.TODAY

Орал тұрғыны тоқал деген мәселемен қалай күресуге болатынын NUR.KZ порталына айтып беріп, ақыл-кеңесімен бөлісті.


Светлана (кейіпкерлердің есімі өзгертілген – ред.ескертпесі) 50 жаста. Күйеуімен күміс тойын тойлаған әйел өткен күндері ауыртпашылыққа толы болғанын жасырмайды.


"Әлімжан екеуіміз танысқанда мен 22-де, ол 25-те еді. Екеуіміз ресми некеге сол беті тұрмадық. Алайда туыстары мен достары бізді ерлі-зайыпты ретінде қабылдайтын. Себебі мен оған қыз туып бердім", - деп есіне алды Светлана.


Әйел күйеуімен ақшадан қысылмағанын алға тартты. Олардың өз дүкені, шаштаразы, дәріханасы, көлігі мен үйі бар.


"Біз ақшаға қысылмадық. Алайда күйеуімнің оң қолы болғандықтан, көп жұмыс істейтінмін. Біздің отбасылық өміріз басталғаннан күннен-ақ мен оның көңілдесі барын білдім. Қызымыз бен ортақ мүлкіміз болғасын, онымен ұрысқым келмеді. Оның үстіне бұған етім үйренген. Себебі, әкем қашанда ашық түрде анамның көзіне шөп салатын. Ал Әлімжан тым құрымағанда қылмысын жасырып жүрді", - деп жалғастырды Светлана.


Көп ұзамай күйеуі Светланадан бөлек өзге әйелмен ұзақ қарым-қатынас орнатады. Бұл әйелдің ашуын келтірген.


"Бұл біздің отбасындағы алғашқы жанжал болды. Ол Эльвира есімді әйелді ту сыртымнан тоқалдыққа алыпты. Оған пәтер жалдап, сонда түнеп жүр екен. Күйеуім әлі күнге дейін оны толық қаражатпен қамтамасыз етіп отырады. Алайда немереміз туғалы бері, ол тоқалына деген шығынын азайтты", - дейді әйел.


Светлана күйеуінің тоқалу мүлде сұлу жас қыз еместігін айтып, оның таңдауына таң қалуда.


"Ол менен тек 10 жасқа кіші. Бойы қысқа, дене бітімі де бет-жүзі де керемет көрікті емес. Тек өте нәзік әрі өзін күтініп қалған әйел. Әрине күтініп қалған, себебі өмірін еркектердің есебіне сүреді. Оның үстіне туған баласын ата-анасына бере салған көкек ана", - деп күйінеді Светлана.


Светлана отбасында қызынан бастап бәрі тоқал туралы білетінін, алайда ол күйеуіне ешкімнің сөзі асырмайтынын айтуда. Әйел болған жайтқа өзін кінәлі санайды.


"Әйел ол ана, үйді реттеуші адам, әйел ғана емес көңілдес те бола білуі керек екен. Ал мен не істедім? Күйеуімнің бизнесіне көмектесіп жүріп, нәзіктігімді жоғалттым. Ал еркек нәзік сылқым керек. Әлімжан сол нәзіктікті өзгеден тапты", - дейді ол.


Светалан күйеуі жақын арада тоқалын тастап кететініне сенімді.


"Ол тоқалына шығында қысқартып, оған баруын азайтты. Телефонындағы жазысқан хаттарын оқығаннан кейін оның жақын арада өзге еркек іздеуіне тура келетінін түсіндім. Мен нағыз әйелге айналып, бизнесті қойып, отбасыма көп көңіл бөлетін болдым. Қашан да әдемі болып, күйеуіңе жақсы тамақ әзірлеп отырсаң ол өзгеге кетпейді", - деп ойын түйді Светлана. 




Көрілген: 3240    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.10.2017, 14:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30