Отбасылы бизнесменге көңілдес болған қыздың әңгімесі

Отбасылы бизнесменге көңілдес болған қыздың әңгімесі

Бір танысым өзінің сұлулық салонындағы жарнама компаниясында модель болуды ұсынған еді. Бұл – оның ашып жатқан салондар желісінің үшіншісі болатын.

Мұндай салада тәжірибем болмағандықтан, жаңа салаға мен қызыға келістім.

Фотосессия жасады. Фотосуреттер өте сәтті шықты, өз келбетім өзіме қатты ұнады. Жалпы, бұл жобадан үлкен қанағат алдым, оған қоса материалдық бонус та жаман болған жоқ.

Бұл жарнамалық суреттердің қала көшелеріне ілінгеніне үш аптадай уақыт болды. Сол танысым қайтадан қоңырау шалып, демалыс күні қала сыртындағы үйіне мерейтойына шақырды. Ол жерде Марат деген ересек еркекпен таныстырды. Ол қалталы, орта жастағы, шымыр денелі азамат болатын.

Кешкісін екеуміз оңаша табиғат аясында серуендеп жүріп, түрлі тақырыпта әңгіме-дүкен құрдық.

Бір кезде Марат маған бүртүрлі ұсыныс жасады. Түрлі сауық-кештерде өзінің «қызы» болуымды сұрады. Яғни, эскорт қызметі.
Қарым-қатынасымыз таза іскерлік, мен әп-әдемі болып оның жанында жай ғана жымиып жүруім қажет екен. Есесіне ол маған көмек беретінін айтты. Біраз ойланып, сол сәтте нақты жүретін жігітім жоқ болғандықтан, алда түрлі қызық кештер, жаңа таныстар, әрқилы сапарлар күтіп тұрғандықтан келісімімді бердім.
Бәрі өте жақсы басталды
Мен түрлі іскер кездесулерде, кештерде Мараттың жанында еріп жүрдім. Ол маған қымбат киім-кешектер, әшекейлер сатып әперетін. Мен де келісім бойынша, өзім оған ешқашан хабарласып мазасын алған емеспін. Басында ешқандай төсек қатынасы болған емес.

Біршама уақыттан кейін өзара қалауымыз бойынша Түркияға барғанда қонақүйде жақындастық.

Міне, содан бері екеуіміздің қарым-қатынасымыз бұзыла бастады. Марат жұмыс барысымен емес, жай уақытта да хабарласып, кездесуді талап ететін болды. Киноға, театрға шақырады. Маған әйел ретінде қарайтын болды. Оған тек жұмыспен емес, әйел мен еркектік қарым-қатынас қажет екенін түсіне бастадым. Ал мен ешқандай махаббатқа сенбеймін, тек өмірден қанағат алып, байлыққа масаттанып жүргенді жақсы көремін.

Өткен аптада Марат Алматыға кеткен болатын. Менің қолым бос болғандықтан өзімнің бұрынғы бір танысыммен кездесуді ұйғардым. Кей кездері кафе-барда отырып, сыра, вино ішіп, түрлі тақырыптарда әңгімелесетінбіз. Осылайша түннің жарымына дейін отырып, менің үйімнен бірақ шықтық.

Таң атқанда қолында пакеті мен гүлі бар Марат тұр. Маған тосынсый жасағысы келген болуы керек, керісінше мен жасадым ау деймін…

Ол танысымды қуып жіберді де, маған төнді. Ұрады ма деп ойлап едім. Жоқ, қол көтермеді. Бірақ, өте жайсыз әңгіме болды. Келісім бойынша мен еш проблема туындатпауым керек болатын, мен оны орындадым. Ал оның да түрлі күйзелістерді ұмыттыратын қыздарының бар екенін білемін. Және бала-шағасы, отбасы да бар.

Бір сөзбен айтқанда, Марат кетіп қалды.

Міне, бір апта болды. Хабарсызбын. Қызық өзі. Оны сағына бастадым. Сонда бұл қандай қарым-қатынас болды? Бұл қандай сезім?

Әлде өмірімнің бұл парағы жабылды ма? Әлде Маратты сүйетінімді мойындағым келмей ме?

Отбасылы еркекпен қандай болашақ болуы мүмкін? Басым қатты… 

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста