Отбасымызды бір айналдырғанда шыр айналдырды

Отбасымызды бір айналдырғанда шыр айналдырды

 Сəлеметсіздер ме, оқырман!  Мұнда өзімнің өмірім жайлы айтып кішкене жеңілдегім келгендіктен жазудамын. Өзім ауылдан шыққан қарапайым қызбын. Жасым 20-да. Аллаға шүкір ата-анам, бауырларым бар. Ес білгелі анашымның көз жасын көрумен келем. Əкем қатал кісі. Анамды аяусыз ұратын. Ортасына түсемін деп өзім опық жейтінмін. Таяқты да жедік, көзіміз де көгеретін, мұрнымызға дейін сынатын.

Әкем бар тапқанын үлкен ағама жұмсайтын, соны оқытып адам қылсам бізді бағады дейтін (əкемнің қателігі осы еді). Сонымен үлкен апкем тұрмысқа шықты, көтерді. Сосын дəрігерлер балалы болуға болмайтынын, жүрегінде тесік барын 6 ай ғана уақыты қалғанын айтып баласын алып тастады. Ата-енелері, күйеуі адам болмайды деп қарамай қойды. Әпкеме ота жасаттық, Аллаға шүкір аман қалды. 6 ай емделіп үйде жатты, сосын жездем келіп алып кетті.

Сол аралықта екінші ағам өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Оны көтере алмаған анашым жүрек ауруына шалдықты. Әкем мен анашым ағамды ұмыта алмай, күндері жылаумен өтетін. Үлкен ағам бауырымнан айрылдым деп ішкілікке салынды. Ағамның қайтқанына жыл болмай екінші əпкем қашып кетті (тұрмысқа шықты). Сосын үлкен ағам үйленді (жеңгемнің аяғы ауыр болып қалған соң). Өміріміз демде күрт өзгеріп кетті.

Жеңгем ағады шақырып ала берген соң ағам жұмысынан да шығып кетті. Сомен 3 жыл дегенде милиондаған ақша жұмсап қайта кірді жұмысына (әскери). Сол үш жылда көрмегеніміз қалмады. 1 жыл болмай қайтадан шығарып жіберді. Ағамның өзі əкемнің арқасында дайынға  үйреніп қалған, қиыншылық көрмеген. Жүрген жері бұзықшылық, ішкілік еді. Сонымен қайтадан сол жұмысқа арекет етті, бірақ ақшаны алған адам алдап кетті жəне милион беріп, тақырға отырдық.

Екінші əпкемнің артынан ештеңе бере алмадық жағдай жоқ болған соң. Мен өзім 11-ді бітіріп оқуға балым жетпей түсе алмадым. Ауылда бақшада қара жұмыс істеп жүрдім. Қыз болсам да жүгері орып істемегенім қалмады. ағам болса жалқаудың өзі,  жаны да ашымайды жұмыс десе қалаға қашатын. Үйдің жағдайына қарап жүріп 3 жылым өтіп кетті, қатарымнанда қалдым. Үйдің жағдайы болса əлі өзгеріссіз сол баяғы. Ағам іше берген соң араққа қарсы екпе салдырдық, əсері де болмады біраз өтпей тағы іше бастады. Сосын бір тəуіптен 15 000-ға бір дəрі алып беріп жүрміз. Осы жаңа жыл күні тағы ішкен екен ағамнан айрылып қала жаздадық, 2 күн сал болып жатты. Қазір тəубесіне таянып жүр.

Үлкен апкем Аллаға шүкір, дүниеге 1 қыз, 2 бала əкеліп батыр ана атанып отыр. Бірақ үшіншісін босанамын деп денсаулығы нашарлап кетті, жүрек те қайтадан тесік пайда болыпты. Енесіне сөзім жоқ, нашар адам, мүлдем жаны ашымайды,  балдарына да қарамайды, күні ұйқымен өтеді. 3 қайнысы бар, олардың да жайын жасайды сонда да жаққан емес. Мені көмектесші деп шақырып алады. Ал екінші əпкем жүк бермедіңдер деп нала қылғаны қылған жағдайды көріп тұрып. Әкемнен көп қорлық көрген өзінің тыныш жүрмегенінің кесірінен сол көрген қорлықты мен де көргенмін себепсізден себепсіз. Бірақ əкемді ешқашан жамандаған емеспін. Ал ол болса шүкір деуді білмейді оны оқытқан, акем,  ал бізді үлкен апкем екумізді оқытпады да, ғой сонда да көңілі көншімейді. Сол екі апкемнің үйінде жүремін мен де оқуым болмаған соң. Меніңде тұрмысқа шығатын уақытым келді.бірақ уйдегілерді ойлаймын. Денсаулығым да жақсы емес. Сөйлесіп жүрген жігіьім  бар,  Алланың құдіреті шексіз ғой шіркін жігітім екінші ағама қатты ұқсайды, сол үшін жақсы көрем оны, ағамды сағынғанда құшақтап жылап алам кейде. Жігітімнің ата-анасы да менің папа, мамама қатты ұқсайды, əсіресе анасы менің анашымнан айнымайды. өздері аттас.Не де болса Алланың құдіреті ғой, бір қиыншылықты берсе артынан жақсылықтыда беретін. Алла сүйген пендесін сынайды дегенді есітіп шүкір деймін осы күндерге де. Сынақтардан сүрінбей өтуге тырысып жүрген бір шарасыз пендесімін менде бір. Бұл менің өмірімдегі қиыншылықтардың үштен бір ғана бөлігі бəрін жаза берсем өмірден түңіліп кететін жайым бар. Не де болса Аллаһтан үміт үзбеймін. Көңіл бөліп оқығандарыңызға көп рақмет. Сіздерге əйел бақытын тілеймін!!!

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста