Отбасы - ошақ қасы

Отбасымызға шаттық сыйлаған орыс қызы...

  • ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

    ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Оқырмандар, интернет желісі біздің өңірге де жетіп, "Алаш айнасы" интернет газетінің тұрақты оқырманына айналдым. Өз басымыздағы қуанышты Сіздермен бөліспекпін...


Жолдасым - Азат үлкен отбасында тәрбиеленген. Сегіз ұл, екі қыз. Барлығы үйлі-баранды, берекелі отбасы. Азатқа тұрмысқа шыққанда осындай үлкен отбасының тұрмыс-тіршілігіне үйрену басында қиындық туғызғанымен келе-келе үйреніп кеттім.


Бір жылдан соң бізді ата-енем еншімізді беріп, бөлек отау қылып шығарды. Азат үйінің ортаншысы. Ата-енем ауылда тұрады. Біз жұмыс бабымен аудан орталығына көштік. Апта сайын жеңіл көлігімізге отырып, аулыға барып тұрамыз.


Азат та мен де жұмысқа орналастық. Мен - тігінші, Азат - жолдасының жеке шаруашылығында іс басқарушы. Осылайша біраз жыл өтті. Ыстық-суығымыз басылған емес, тек арамызда бала жоқ. "Бала болмады" деп мен іштей қайғырып, дәрігердің есігін де тоздырдым. Тіпті, облыс орталығына барып, біраз емделдім. Еш пайда болмаған соң, "балалы болмағандарға жақсы көмек" дегенді естіп, Қызылордадағы Жаңақорған курортына да барып келдік.


Бес жыл өтті. Бала көтеруден үміт үзе бастадым да Азатқа "ажырасалық" деп те айтып көрдім. Бірақ, күйеуім сөзіме құлақ аспады. Бірде абысындарымнан Азаттың ағайындарының арасында "бізде бала жоқтығы" мәселесі сөз болғанын естідім. Қатты күйзеліп кеттім. Жатсам да тұрсам да Алладан тіледім. Азатқа "ұрпақ жалғастығын ойла, ажырасалық" деп тағы да айттым. Бұл сөзіме басында күліп, аяғында "ұрпағым жалғаспай қалатындай атадан жалғыз емеспін, аға-інілерімнің балалары бар, енді бұл әңгімені қозғама" деп кесіп айтты.


Күндер өтіп жатты. Ауылға барған сайын шуылдаған абысындарымның балаларын көріп, көңілімнің түскенін байқаған күйеуім бір күні "бала асырап алайық" деген ұсыныс айтты. Ол ұсыныс көңіліме жағып тұрса да ата-енем мен Азат ағайындарының сөзінен қорықтым. Оған қарайтын Азат жоқ, "бала асырап аламыз" деп шешті. Мен келістім, "бірақ барлығына өзің жүгіресің, мен туысқандарыңның сөзінен қорқам, ертең менің бетіме басады" деп артымды ойлап, шарт қойдым. Сонымен, барлық құжаттар жұмысымен Азат айналысты. Мен арасында өзім тарапымнан атқарылатын істерді атқарып көмектестім. Тіпті баланы әкелуге де өзі баратын болды. Мен тілеуін тілеп үйде қала бердім.


Облыс орталығына кеткен күйеуім үйге сары алтындай жәудірген әдемі көздері бар орыс қызын әкеліп тұр. Бірден асқан тәтті қыз мені бірден өзіне баурап алды. Бірақ, ойымда "неге орыстың баласы, қазақтың баласы болмады ма?" деген ой тұрды. Сөйтсем, өте қызық жағдай болған екен. Азат барлық құжатты дайындап, балалар үйіне барып асырап алатын бала қарауға барады. Сол мекеме қызметкерлердің рұқсатымен балалар үйіне кіріп, балалар ойнап жүрген бөлмеге кіре бергенде жүгіріп келіп екі аяғының ортасына кішкентай орыс қызы оратылып, аяғынан ұстап жібермей қойыпты. Тіптен айырылмай, жәудіреген әдемі көздерімен күлімдеп Азатқа қарапты. Алланың бұйрығы болар және баладан баланың айырмашылығы бар ма деп өзіне бауыр басқан баланы алуды ұйғарыпты. "Өзімде де әкелік мейірім сол кезде бірден оянғандай болды", - дейді Азат.


Осылайша, орыс қызын бауырымызға басып, Айша есімін қойып асырап алдық. Үймізге шаттық орнады. Азат жұмыстан келе сала Айшаны іздейді. Айша да екеуімізді кезек-кезек сүйіп, тәтті қылықтарымен "алдайды". Азаттың да туыстары Айшаны жатырқамады.


Айша үштен асқанда менің аяғым ауырлап дүниеге ұл әкелдім. Одан кейін де тағы екі ұл таптым. Қазір үш ұлым, сары алтындай тәтті қызым бар. Айшамның жолы жеңіл болып, біздің босағамызға Алла үш ұл сыйлады. Қазір бүкіл туысқандардың ішінде барлығының Айшаға деген ілтипаты ерекше. Барлық ағайындардың келген бетте іздейтін, еркелететін ерке қызы. Әсіресе, ата мен енемнің ықыласы ерекше. Олардың айтуы бойынша осы Айшаның арқасында ұрпақтары өніп-өсіп, ұлдары әке бақытына ие болды.


Аллаға тәуба, мен қазір өзімді ең бақытты анамын деп ойлаймын. Баласыз өткізген күндерім мен түндерім келмеске кеткен...




Гауһар, Көкшетау


alashainasy.kz/ 




Көрілген: 1633    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

жұма, 29.12.2017, 11:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан 2017
    Кек қуған әйел (оқиға)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31