Отбасы - ошақ қасы

Ойын-күлкі деп, болашағыма балта шапқанымды білмей қалдым

  • © b17

    © b17

Бұрын өмірдің мәні де, сәні де бала деген сөзге аса мән бере бермейтінмін. Ал қазір балалы-шағалы бақытты отбасыларды көрсем қызыға да, қызғана да қараймын. Өкініштен өзгемі өртенердей болады. Мен бүгін «Алаш айнасындағы» «Отбасы – ошақ қасы» айдарына өзімнің басымдағы мұңыммен бөліссем деймін.


Мен үйдегі 5 баланың тұңғышымын. Қазір жасым 34-те. Оқушы кезімде мектепте ең жақсы оқыған қыздардың бірі болдым. Тек сабақ оқып қана қоймай, әнге, биге де құмар едім. Мектепте өтетін барлық салтанаттық шараларға қатысып жүретінмін. Сыныптас қыздардың ішінде өжеттеу, пысықтау қыздар әдетте жігіттермен де ертерек жүреді ғой. Мен де 9 -сыныпта оқып жүргенде өзімнен екі жас үлкен жігітпен жүрдім. Ол екеуміз би кештеріне бірге барамыз, күнде кешкісін кездесеміз. Ол мектепті бітіріп кеткеннен кейін арамыздағы байланыс үзілді. Одан кейін өзімнің сыныптасыммен дос болып, кейін қыз бен жігіт ретінде жүрдік. Өйткені ол маған біраздан бері ғашық екенін білетінмін. Мен де оны ұнататынмын, ол менің алғашқы махаббатым еді. Бірақ сезімімізді бір-бірімізге білдірмей жүре беріппіз. Кейін менің бұрынғы жігітім қалаға кетіп қалғаннан кейін біз бір-бірімізбен табыстық.


11-сыныпта оқып жүргенде жаңа жылдық кешті жігітім екеуміз бірге өткіздік. Мектепте де, қандай да бір салтанатты кештерде де екеуміздің жұбымыз жазылмайтын. Мектеп бітіруімізге аз қалғанда мен қатты науқастанып қалдым. Жүрегім айнып, әлсіреп, екі аяғым дірілдеп орнымнан тұра алмадым. Мамам мені аудан орталығындағы емханаға апарып қаратты. Сол кезде менің аяғым ауыр екенін білдік. Анам маған қатты ұрсып, әбден жазғырды. Емхананың дәрігерлері менің оқушы екенімді біліп, мектепке хабарлайтынын айтты. Бірақ анам оларға жалынып жүріп, ешкімге айтпауын өтінді, қалаға апарып жасанды түсік жасатыз деді.


Сонымен анам мені сол күні кешке өзінің сіңілісіне табыстап, қаланың емханасына барып жасанды түсік жасатуға жіберді. Менің ішімдегі балаға 4 айдай болыпты. Сондықтан дәрігерлер маған толғақ шақыратын дәрі беріп, баланы тудырып алды. Түсік жасатып ауылға қайтып келдім. Анам маған: «түсік жасатқаныңды жігітіңе айтушы болма» деп әбден шегеледі. Шынымды айтсам, мен сол түсікті жасатқан кезде жаным қатты қиналса да, бала туралы мүлде ойламаппын. Сол уақытта менің басымда тек баладан құтылсам болды деген ой ғана тұрды.


Осы жағдайдан кейін анам мені қалаға оқуға жіберді. Жігітім де қалаға еріп келді. Сол кезде мен оған шыдай алмай арамызда бала болғанын, түсік жасатқанымды айтып қойдым. Ол мені аяп, біраз уақыт жанымнан кетпей жүрді. Екеуміз жарты жылдай қалада жұбымыз жазылмай жүрдік. Мен жатақханада тұрамын, ол туыстарының үйінде тұрды.


Сөйтіп жүргенде бір күні ол маған ауылға кететінін, қаладағы оқуын тастайтынын айтты. Ол менің қалада қал деп өтінгеніме қарамады. Жігітім кетерінде жазғы каникулда маған құда түсетінін, үйленетінін айтып уәде берді. Біраз уақыт өткеннен кейін мен тағы да жүкті екенімді білдім. Бірақ ешкімге айта алмадым. Жігітіме айтайын деп хабарласқанымда ол менімен сөйлесудан қашқақтады ма, сөйлесудің реті келмеді. Бір-екі айт өткеннен кейін мен ауылдың қыз-жігіттерінен өз жігітімнің басқа қызбен жүріп жүргенін, соған үйленетінін естідім. Ашуға қатты булығып, үйіне телефон соқтым. Телефонды анасы көтеріп: «Қарағым, баламды мазалама, жақында келін түсіреміз, оны ұмыт» деді.


Осы сөзді естігеннен кейін ойланбастан барып тағы да жасанды түсік жасаттым. Жақсы көрген адамымнан көңілім қалғаннан кейін маған өміпрдің еш мәні қалмағандай болды. Қыздармен қыдырып, сабағым да нашарлап кетті. Әйтеуір ілініп-салынып жүріп оқуды да бітірдім.


Оқу бітірген жылы да бір жігітпен жүрдім. Онымен де көңіліміз жараспады. Жасым 25-тен асқан кезде бірге жұмысм істейтін келіншек мені өзінің қайнысымен таныстырды. Ол жігітті аса қатты ұнатпасам да тұрмысқа шығуға келісім бердім. Тұрмысқа шыққан соң біраз уақыт бала көтере алмай жүрдім. Бір жылдан асқанда аяғым ауырлады. Бірақ қуанышымыз ұзаққа созылмады. Екі айлығында баланың жүрегі соқпай қалды да, алдыруға тура келді. Екінші рет жүкті болғанымда бала тағы да іште дамымай қалды.


Қазір міне, отбасын қүрғаныма 8 жылдан асты, бір перзентке зар болып отырмыз. Дәрігерлерге де, емшілерге де қаралдым, бірақ нәтиже жоқ. Өзім ойлаймын, егер бұрын өз өміріме салғырт қарап, кінәсіз сәбилерді өлтірмегенімде бәрі басқаша болар ма еді? Әттең, өмірдің де, денсаулықтың да, баланың да қадірін кеш түсіндім.


Әсел, Алматы

 
alashainasy.kz/




Көрілген: 2112    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.08.2018, 12:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31