Отбасы - ошақ қасы

Өз-өзімнен жиркенемін. Пәк болмай тұрмысқа шыққан бойжеткен өкінішін айтты

  • © aqparat.ortalyq.kz

    © aqparat.ortalyq.kz

Хаттарды оқып отырып, қыздар «қыз емеспін, не істеймін» деп жазатындар өте көп. Мен де солай, қыз болмай тұрмысқа шықтым, күйеуім оған қарамады.


Шынымды айттым. Маған дейін өткен өмірің қызықтырмайды, менен кейін болмаса болды деді. Құдайға шүкір, үйленгенімізге 7 жылға жақындады, 1 ұл, 1 қызымыз бар. Осы жыл арасында бірде-бір рет бетіме басқан емес. Бірақ ол кешіргенімен, мен өзімді кешіре алмай келемін.


Өткен өміріме көз жүгіртіп, өз-өзімнен жиіркенем, неге сондай ақымақ болғанмын деп. Қызыма қалай тәрбие беремін деген ой маза бермейді. Ұмытқым келеді, ұмыта алмаймын. Жақсы келін болып, жақсы қыз болып айналамдағылардың бәрін алдап жүргендеймін.


Бірде күйеуім бір досымен таныстырды, өзі де жақында танысқан ол жігітпен. Жақсы араласып кетті. Ал ол жігіт менің сол алданған «жігітімнің» інісі болып шықты, өзімді жаман сезіндім, бізге бір күлетін сияқты. Танымағансып жүре бердім, бірақ ішім алай-дүлей. Сондықтан, қыздар, алданбаңдаршы, мұндай қателіктерді жібермеңдерші дегім келеді. Босағаны жүзің жарқын, пәк болып аттағанға не жетсін!


aqparat.ortalyq.kz


 




Көрілген: 4862    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.07.2018, 10:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31