Отбасы - ошақ қасы

"Өз ұлым тақырға отырғызды" деген ақтөбелік кейуана келінін үш жасар сәбиімен қуып шыққан

  • Зоя Алмашева. © NUR.KZ

    Зоя Алмашева. © NUR.KZ

Ақтөбеде балаларына миллиондап берген қарызын қайтара алмай жүргенін айтып, елден көмек сұраған қарияның балалары NUR.KZ порталына мән-жайды түсіндіріп, сұхбат берді. Айтуларынша, аналары оларға жалған жала жауыпты.


«Мен үйдің үлкен қызымын, анамның сіздерге айтқан сөзі жалған. Бұл жағдаймен барлық балаларын ыңғайсыз жағдайға қалдырып отыр. Анамыз дүниеге мұқтаж адам емес. Ол 130 мың теңге зейнетақы алады, жыл сайын дивиденд алады. Астанада үш бөлмелі үйі, машинасы бар.


Балалары жылда киімдерін жаңартып отырады. Ол өзі әр жерде жүреді. Ұмытшақ, алып берген киімдерін қай жерге тастап кеткенін білмейді. Үлкен немересі оған өзінің құндыз тонын берді», - дейді Зоя Алмашеваның үлкен қызы.


Оның сөзінше, аналарының мінезі ауыр екен.


«Сіздерден көмек сұрап хабарласатындай оған не болғанын білмейміз. Ол бізді өмірге әкелген анамыз. Оның айтқандары жалған. Әкеміз қайтқан кезде ағам екеуміз үйден ақша алмау үшін бәрін жасадық. Күндіз оқып, түнде жұмыс жасап жүрдік. Анамыз қиналмаса екен деп өз күшімізбен аяққа тұрдық. Ол сол үшін қуану керек еді.


Егер ол жағдайы жоқ адам болса, онда миллиондар қайдан болады? Оны ешкім тіркеуден шығарған жоқ. Ол өзі осы жақтан шығып, Астанадағы үйге тіркелуге кетті. Сондағы үш бөлмелі үйде тұрып жатқан інім мен келінімді қуып жіберген. Келінімнің аяғы ауыр, үш жастағы қызымен сіңілісінің үйінде тұрып жатыр», - дейді қызы.


Бауырларының абыройы үшін атын құпия қалдыруды өтінген Зоя Алмашеваның қызы аналарын қалай бағарын білмей отырғанын айтып қиналды.


«Біз оны аяймыз. Іздеп таба алмаймыз. Біз негізінен үш қыз, төрт ұлмыз. Бұрын біздің бір сіңіліміз қайтыс болған. Ол сегіз бала деп әлі күнге дейін өлген қызды қосады. Мен осы жерде ағам туралы да айтып кеткім келеді. Ол - мамаммен еріп келіп, әкеміз бауырына басқан бала. Әкеміз қайтыс болғанда ол бізге әкеміздей қамқор болып жүрген адам.


Барлық бауырының аяқтан тұруына жағдай жасады. Басқа қалаға көшетін кезінде коттеджін анама беріп кетті. Біз ағамыздың анамызға жасап жатқан жақсылығын білеміз. Мына жағдайдан кейін жолдастарымыз жан-жақтан хабарласып cұрап жатыр. Біз төбемізден жай түскендей аңтарылып қалдық», - дейді ол.


Қызы анасының қылығы үшін қатты ұялатынын айтады.


«Бауырларым жақсы жерлерде жұмыс жасайды. Анамыздың бұл қылығы ұят болып жатыр. Айта берсең оның әңгімесі көп. Жас кезінде саудамен айналысты. Ақша деп ақшаның соңында кеткен адам. Ол үнемі айқай шығарып отырады. "Айқайласпасам басым ауырады, әлім кетеді" деп айтады. Айқайдан энергия алатын адам.


Өзінің ақшасын депозитке салып, ақшаны балаларынан сұрап жүрген адам. Сұраған ақшасын бересің, бермесең ұлы айқай болады. Шашын жайып, көршілерге көрсетіп жоқтау айтады», - дейді анасының сөздеріне сенбеуді өтінген қызы.


Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін туған ұлына миллиондап қарыз беремін деп санын соғып қалған әжей туралы жазған болатынбыз. 




Көрілген: 2280    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.12.2017, 12:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31