Отбасы - ошақ қасы

Өзгені сүйемін, сағынамын!

  • Өзгені сүйемін, сағынамын!

    Өзгені сүйемін, сағынамын!

Қайырлы күн, қыздар, құрбылар, келіншектер. Ақыл-кеңестеріңіз қажет болып тұр.Тұрмысқа шыққаныма 8 жыл болды.3 балам бар. Студент кезімде 4 жыл бір жігітпен жүрдім, бір-бірімізді қатты жақсы көрдік, бір-біріміздің ата-анамызды да танитынбыз. Уақыт өте келе  ол басқа қалаға жұмысқа кетті. Мен оны күтіп жүрдім. Сол кезде мені таныс жігіт алып қашты. Оны сырттай танығаным болмаса жақсы білмейтінмін. Оған көнбей біраз қарсыластым, сүймейтінімді, басқаны сүйетінімді айттым. Сол күні өзімнің жігітіме де хабарласып, мән-жайды айттым. Бірақ ол дәл сол түні жете алмады. Сондықтан амал жоқ басыма жаулық жабылып, келін атандым.


Қазір сол кезде неде болса кетіп қалмағаныма өкінемін. Өйткені күйеуім өте ызақор, өзі әскери адам, одан қалса, қатынқұмар, мені үйден шығармайды, жұмыс істетпейді. Қазір үйдегі күнделікті бір тірліктен  шаршап кеттім.Сол баяғы жігітімді, алғашқы махаббатымды əлі де сағынамын.Тұрмыс құрғалы əлі кездеспегенбіз,көріп қалсам қайтер екенмін. 


Ол жігіт жақында үйленді, бір қызы бар екен. Өмірдегі бар бақытты, жақсылықты тілеймін оған. Өзіме келсем, бала-шағам үшін өмір сүріп жүрмін. Бастарыңыздан өтпегендер түсінбейтін шығар. Бірақ бұл шыным, мен ол жігітті əлі күнге дейін сүйемін қатты сағынамын.


Аноним 




Көрілген: 2281    Пікірлер: 0

жұма, 02.02.2018, 11:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»
    9 Сәуір, 14:44
    Күйеуім суып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31