Отбасы - ошақ қасы

Өзімді сүймейтін жігітке тұрмысқа шықпақпын

  • Өзімді сүймейтін жігітке тұрмысқа шықпақпын

    Өзімді сүймейтін жігітке тұрмысқа шықпақпын

 "Алаш айнасы" интернет-порталының ұжымы! Бұл мақаланы Сіздердің электрондық пошталарыңызға жолдап отырмын. Басымнан өтіп жатқан жағдайды бір құрбы қызым тіпті, ата-анам да білмейді...




Менің жасым жиырма төртте. Өзім ата-анамның жалғыз қызымын. Қолымда екі дипломым бар. Өзімді әдемі қыздар қатарына жатқызамын. Осы уақытқа дейін керемет біреуге ғашық болып, үлкен махаббатты басымнан өткерген емеспін. Әкемнің жеке шаруашылығы бар. Анамның да өз сауда-саттығы бар.


Өзім бір мекемеде есепші болып жұмыс жасаймын. Жеке көлігім де бар. Анаммен шетелге де шығып дем алып келдім. Осы жетістіктерімнің барлығы да ата-анамның арқасы екенін білемін. Шамалары келгенше бар жақсыны аузыма тосып, жақсы тәрбие беріп, өсіріп келеді. Мен ешқашан басқа қыздардай түнгі клубты күзетіп немесе арақ ішіп, қыдырған емеспін. Сабағымды жақсы оқып, ата-анама сөз келтірмей, дұрыс жүруге тырысып келемін.


Соңғы кезде жеке жерде анам тұрмысқа шығу жайлы көп сөз қозғап кеткен еді. Әкем екеуінің немерелі болуды аңсайтындарын да айтты. Анамның айтуынша, жақын достары, өздерімен құрдас Зейнелхан ағаның үлкен ұлы Айдоспен жақын араласуым керек екен. Айдос "Болашақпен" шетелде білім алып келген жігіт. Сырттай маған да ұнайтын болғандықтан мен де басымды изей бердім.


Соңғы кезде біздің үйге Зейнелхан ағаның әйелі де келгіштей берді. Мені көргенде айналып-толғанып есі шығатын еді. Үйіне де анам екеуімізді бірнеше рет қонаққа шақырды. Айдоспен бір-екі рет киноға барғанымыз болмаса бір-бірімізге қатты бауыр басып, араласып кете қоймадық. Ол да мен де ашылып сөйлесе алмадық.


Ата-анам мені психологиялық тұрғыдан әрқашан дайындап, шәй үстінде тектілік, "Анасын көріп қызын ал", қазіргі заманда бесік құда болу, ата-анасын жақсы білу сияқты әңгімелері айтып құлағыма құя бастады. Анам мен әкешімнің көңіліне қаяу салмай, үнемі айтқандарын жасауға тырысатындығым бала кезден қалған қасиет болғандықтан, үнемі үлкендердің ойларымен санасуды жөн санайтын едім. Жалғыз қыз болсам да ел қыздарындай өзімдікін жасап, еркелік көрсеткен емеспін. Мен үшін бақыт-ата-анамның амандығы еді. Енді міне, сол қасиет арқасында екі оттың ортасында қалғандаймын. Өз дегенімді жасауға батылдығым да ұятым да жібермейді.


Жаңа жыл өткеннен соң маған сырға салып, Айдостың ата-анасы құда түсті. Айдос сырттай өзіме ұнаған соң, кейін отбасы болсақ бір-бірімізді сүйіп кетерміз деген оймен келісім бердім. Сонымен қатар Айдос та солай ойлайтындықтан келісім берген шығар деп ойладым. Ұлдары ұнатпаса "қыздарыңды Айдосқа қосайық, құда болайық" деп айтпас еді ғой деп те ойладым.


Маусым айының басында біздің тойымыз болмақ. Күйеу жігітпен күнде кездеспесем де ара-тұра кездесіп жүрген едім. Бірақ, ешқашан арамыздағы қарым-қатынас қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынас емес сияқты. Кейде Айдос осыншама ынжық немесе ұялшақ па деп те ойладым.


Ақыры, оның сыры да ашылды. Жуықта Айдос мені кездесуге шақырды. Аздап қызу екен. Өзінің бір баласы бар қызды жақсы көретіндігін, ата-анасының айтуымен маған үйленбекші екенін айтты. "Мен ол қызды сүйемін, бірақ, ол қызға мені ата-анам өліп бара жатса да үйлендірмейді. Кейін сен менімен өмір сүре аласың ба, өзіңді сүймейтін адаммен өмір сүру оңай емес. Қазірден бастап ашып ал, екеуіміздің тағдырымыз сенің қолыңда" деді.


Енді міне, басым ойдан арылмай, күні-түні уайым меңдеп барады. Не істерімді білмеймін. Анама не деп айтамын, бүкіл туған-туыс, ағайын-жұрт жалғыз қыздың тойын күтіп жүр. Әкемнің қалай ғана көңілін түсіремін. Айдосты да аяймын, бір жағынан шындықты бірден айтқанына да риазмын. Ол басқа адамды "сүйемін" деген соң мен оған суып кеткен сияқтымын. Өзімді екі гүлдің ортасында өсіп тұрған тікенекке теңеймін. Әлде, анама өмір олар ойлағандай, олар кесіп-пішіп қойғандай болмайтынын түсіндірсем бе? Әлде, бәрі уақыт келе ұмытылып, біз бақытты болып кетеміз бе? Әлде, Айдосқа тұрмысқа шығып алып, жүрегінің жартысын басқа жанның қасынан іздеген еркекті аңдып-күтумен өтем бе?




Диана, Талдықорған




Көрілген: 1393    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.01.2019, 17:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 11:05
    Жездеме ғашықпын...
    4 Қаңтар, 19:07
    Алғашқы махаббат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31