Өзімнен тоғыз жас кіші жігітке тұрмысқа шықтым

Өзімнен тоғыз жас кіші жігітке тұрмысқа шықтым

Бүгінгі күні «Өзінен жасы үлкен әйелге үйленетін жігіттер көбейді» деп жігіттерді кінәлап жататындар өте көп. Бірақ, әрбір үйленудің артында тағдырлар жатқанын, көбіне үлкен махаббат жатқанын көпшілік біле бермейді. Өз басымнан өткен жайттарды айтып, «Алаш айнасы» интернет порталының оқырмандарымен ой бөліскім келеді.
Мен жасым 33-ке келгенде бірақ тұрмысқа шықтым. Оған дейін оң жақта отырып туған бір қызым бар болатын, қазір күйеуіме бір ұл туып бердім, сөйтіп екі баланың анасы атанып отырмын.
Өзім беделді бір мекемеде хатшы болдым. Жастығым шығар, сол жұмыста жүріп, бастығымның қырындаған қылықтарына алғашында мойынсынбай жүргеніммен, ақыры бір күні қалай көнгенімді өзім де білмей қалдым. Ертеңіне бет-жүзіне қалай қараймын деп бетімнен басып жұмысқа әрең келдім. Дегенмен, оның мені кінәлап емес, аялай қараған жүзін көргенде, көңілім орнына түскендей еді. Сөйтіп жүргенде аяғым ауырлағанын білдім. Бастығым қаладан бір бөлмелі үй алып беріп, үйді қызының атына жазып қойды. Мені сол мекемедегі бөлімнің біріне алғашында қатардағы қызметкер, кейін бөлім басшысы етіп қойды.
Менің жаныма батқаны, ол қызына өз тегін бергісі келмеді, әр нәрсені сылтауратып қаша берді. Көңілім қалғаны соншалық, маған сол сәтте үйі де, басқасы да түкке тұрмайтын нәрсе болып көрінді.
Арада 4 жыл өткенде ол үлкен қалаға қызметке ауысып кетті. Менің өзімен бірге барғанымды қалаған, бірақ мен қолымда бірге тұратын анамның тоқтатуымен осы шағын қалада қаламын деп шештім. Алғашында жиі жүздесіп тұрғанымызбен, алыс жердің аты алыс жер екен, бірте-бірте жүздесуіміздің арасы сиреп, тіпті бір-бірімізге суып кеттік десем де болады.
Кейін тек қызына хабарласып, қалаға келсе, тек қызын көруге келетін болды.
Өмір солай өтіп жатты. Бірде ел жаққа барып, қайтып келе жатқанмын. Таксиге отырмақ оймен жолда көлік тоқтатып, машиналарға қол көтеріп тұрғанмын. Шетелдік су жаңа машинасы бар жап-жас жігіт келіп тоқтады. Екеуміз қалаға жеткенше емін-еркін әңгіме дүкен құрып келдік. Өзі бір ашық-жарқын, жайдары мінезді жан екен. Телефон нөмірін алмастық. Сөйтіп, арасында хабарласып жүрдік. Сөйтіп, бірте-бірте арамыз жақындай түсті.
Маған оның менен тоғыз жас кіші екендігі жаныма бататын. Бірақ өзі «Онда тұрған ештеңе жоқ. Ең бастысы, екеуміздің бір-бірімізді жақсы көретініміз. Басқалардың пікірі маңызды емес» деді. Мен де солай қанша ойлағым келсе де, елдің бізді талқылаған пікіріне бірден үйренісіп кете алдым дей алмаймын.
Бірақ, оны шынымен жақсы көргендіктен, мен де бәрін басынан бастауды ұйғардым. Сөйтіп, жүргенде мен тағы аяғымның ауырлап қалғанын сездім. Шынымды айтсам, оған айтуға қорықтым. Дегенмен, ол қашқан жоқ, екеуміз үйленуге бел байладық.
Менің анам да қарсы болып, басымды қатырды: «Қазір жігіттер үйі бар, жұмысы бар дайын әйел алғысы келеді. Бұл да солардың біреуі шығар, барыңды тартып алып кетіп қалмасына кім кепіл?!» деп қай-қайдағыны айтып қорқытты. Мен: «Менің үйімнен басқа ештеңем жоқ, немді алады, мама? Неге бірінші жақсы нәрсе ойламайсың?» деп ренжідім.
Оның үй-іші де қарсы болды. Олар: «Жасы үлкен әйел басыңды айналдырып алған ғой» дегендей әңгіме айтқан сияқты. Ол дәл солай деп айтпаса да, мен бәрін түсіндім.
Үйленер алдындағы екеуміздің де көңіл-күйіміз түсіңкі болды. Бірақ біз бәрін жеңіп шығып, үйлендік. Күйеуім қызғаншақ. Жұмысқа өзі апарып-алып қайтады. Бір минут кешіксем, қабағы түсіп кетеді. Оның бәрі мені жақсы көргендіктен шығар деп іштей қуанып та қоямын.
Қазір менің үйімде тұрып жатырмыз, баламен үйде отырмын. Оған күйеуім дән риза. Мені үйден шықпаса екен, үйде отыра берсе екен дейді.
Ата-енем мені жақтырмаса да, қабылдауларына тура келді. Дегенмен, қазір аздап үйренісіп қалған сияқтымыз.
Дегенмен жеке шаруашылықтары, мыңғырған малы, қалада аздаған бизнестері бола тұра ата-енем бізге ешқашан ақша ұстатып, әзірге мәзір қылған емес. Ол бір жағынан дұрыс та шығар. Тек қаладағы бизнесін жүргізуді күйеуіме тапсырғанда қатты қуандым. Ол да бізге сенім артқандықтары ғой деп.
Күйеуім ұлы десе, ішкен асын жерге қояды. Қызымды да өз атына жазғызып алды. Оған туған әкесіндей қарайды. Анам кіші қыздың қолына тұрамын деп ауыл жаққа кетті. Сөйтіп, қазір төртеуміз бір отбасы болып бақытты өмір сүріп жатырмыз.
Кей құрбыларым: «Әйел адам тез қартаяды. Ал жігіттер барған сайын жас қыздарға қызығатын болады. Қазір білінбегенмен, кейін жас айырмашылықтарың қатты байқалатын болады. Сонда қайтесің?» деп менің жанымды ауыртып қояды. Ондайда «Жоқ. Күйеуім мені сүйеді. Бізде бәрі жақсы болады» деп өз-өзімді жұбатамын. Бірақ, күндердің күнінде расымен солай бола ма деп қорқамын да айнаға жиі қарағыштай беремін. Айнаға қарасам, бетіме әжім түсіп келе жатқан сияқты ма, әлде қорыққанға қос көрінедінің кері ме, білмеймін.
Бірақ, мен бақыты дәл қазір сезінсем деймін, ал ертеңгі күнді ойлап бас ауыртқым келмейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста