Отбасы - ошақ қасы

Өзімшілдік жанарымнан да, жарымнан да айырды

  • © alashainasy.kz/

    © alashainasy.kz/

Басыма қара түнек орнағалы мені әркім кеп алдарқататын болды. Жарық дүниені көре алмайтын адам не істесін? Жастайыңнан соқыр боп жүріп-тұруды, әрекет етуді меңгерсең бірсәрі, жер ортасы көктөбеде жанарсыз қалған тым қын екен.


Осы қасіретке кезіккелі сіңілілерім кезек-кезек келіп кітап оқып береді. Кітаптан да жалығады екенсің. Ондайда түрлі сайттардағы жазбаларды сөйлетеміз. Соңғы кездесі олар маған "Алаш айнасы" порталындағы хаттарды оқып беретін болды. Мен бүгін өзім оқырман болған сайтқа басымнан өткен жайтты айтып бермек болып шештім, сіңілімнің баласы теріп, сіздерге жолдайды.


Мен байдың қызы едім. Әкем кезінде беделді қызмет тізгінінде болып, кейін бизнеспен айналысты.


Мен үйдің үлкені болғандықтан, ерекше еркелетті. Мен дипломымды алып, тұрмысқа шықпақ едім. Әкем болашақ күйеу баланың мән-жайын сұрады. Жігітім индустриалды институтты қызыл дипломмен бітіріп, кәсіпорында қатардағы жұмысшы болып еңбек етіп жүрген-ді. Шешесімен бірге тұрады, әкесі қайтыс болған. Шешесі болса – медбике. Әкем мұны естіп, күйеу баласын ұната қоймады. «Қызым, сен біреудің жалғыз ұлына қалай тұрмысқа шығасың? Шешесімен бірге тұру керек. Сен тұра алмайсың ғой. Оның үстіне, әкесі жоқ екен. Сенің жан-жақты, толыққанды отбасына барғаныңды қалаймын. Және ондай адам бар!» - деді. Демалыста Санатты үйге шақырды. Ол әкеммен әріптес адамның баласы екен, бір кәсіпорында басшы. Біздікіне қымбат көлік мініп келді. Мен негізі әке-шешемнің шешіміне қарсы келмейтін адам едім, сол күннен бастап Санатпен дос болып кеттім. Бұрынғы жігітімнің жұмыстан қолы тие бермейтін еді, оның іссапарға кеткенін естідім.


Аз ғана уақыт ішінде Санат екеуміз үйленетін болдық. Аста-төк той жасалды. Әкем ол кезде коттедж салып жатқан. Сол коттедждің екінші жартысын жеке үй етіп, кілтін тойымызға сыйлады. Менің тұрмысқа шыққанымды естімесе керек, бұрынғы жігітім әке-шешемнің үйіне қоңырау соғып, мен туралы жаңалықты сіңілімнен естіпті.


Мен өз-өзімді жақсы көретін адам едім. Соңғы сәнмен киініп, жасанғаннан жаным ләззат табатын. Тұрмыс құруын құрғаныммен, бала туғым келмеді. Дене бітімімді сақтағым келді. Біраз уақыт өзім үшін өмір сүрейін, жұмыс істейін, шетелге шығайын деп ойладым. Күйеуім туған күніме көлік сатып әперген. Әрдайым көлігіммен дүкен аралап, салоннан салон қоймай жүіп күтініп, тұрмыста болсам да құрбыларыммен ойнап-күліп өмір кештім. Осылайша сауық-сайран, ресми іссапарларда жүріп, 7-8 жылдың қалай өткенін аңғармай қалыппыз. Күйеуім бұрын алаңдай қоймаушы еді, соңғы кездері бала туралы әңгіме қозғайтын болды.


Мен де ойланып, баланың жоқтығына өзімді кінәлі сезініп, дәрігерге баруға бел будым. Дәрігерлер жатыр түтікшелерімнің бітеліп қалғанын, ыждағатты ем қажетін айтты. Содан былай қарай дәрігердің айтқанымен жүріп-тұратын болдым. Медицина дамып жатқан кез, онша алаңдай қоймадым. Бірақ нәтиже шыға қоймады. Сонда барып баласыз өмірдің түкке тұрмайтынын ұқтым. Күні-түні бала туралы ойлайтын болдым. Бұрын байқамаушы едім, енді құрбыларым өз балалары туралы әңгіме айта қалса, күйзеліске шалдығып қалатын болдым. Күні-түні құдайдан сұраймын. Бармаған емшім, кірмеген дәрігерім қалмады. Құдай менің тілегімді қабыл алып, дүниеге шекесі торсықтай ұл бала келді. Күйеуімнің қуанышында шек болмады.


Бастапқы кезде кеудемізді қуаныш кернеп, бала бағудың қиындығын елемедім. Бара-бара оның жаялықтарын жуу, түнде баланы қарау кәдімгідей қиын болып кетті мен үшін. Бір күні бір сіңілім, екінші күні екіншісі көмектеседі. Анам көмектеседі. Одан соң балама күтуші жалдап қойдым. Өзімнің денемнің толысып бара жатқаны, күтімсіз жүргеніме алаңдай бастадым. Баланы көбінесе күтушіге қалдырып, тренажер залдарына барып жаттығып, салондарға барып бетімді әрлеумен болдым.


Баламды соңғы уақытта енем алып кететін болған. Ол да сол үйге үйреніп, тіпті біздікіне келгісі келмейтін болды. Арасында қыдыртып, шомылдырып, бірақ уақытты бірге өткіземіз. Сосын негізінен сол әжесінікінде болып жүрді. Мен үшін бақытсыздық ойламаған жерден басталды.


Бір күні құрбыларым маған біздің қалада қас-қабақты әрлейтін керемет маман барын айтты. Соңғы жылдары сәнқой әйелдің бәрі қастарын жұлдыртып тастап, орнына татуаж сыздыратын болып кетті емес пе. Менің негізі қасым бұрыннан әдемі болған. Соған қарамастан, құрбыларыммен еріп әлгі әйелге бардым. Ол әйел жұмысын үйінде атқарады екен, ешбір салонда істемейді. Келісілген уақытта үйіне бардым. Ол менің көзімнің айналасына, қабағыма жансыздандыратын жақпамай жағып, қабағымды сызып, көзімнің жиегін де кескіндеп, бірнеше сағат бойы жұмыс істеді. Бір кезде орнымнан тұрғызды. Көзімді ашайын десем, көз алдыма қара түсті мата іліп қойғандай, бәрі бұлдырап көрінеді. Дереу айнаға қарадым. Сөйтсем, көзімнің қарашықтары сыртқа шығып кетердей үлкейіп кеткен. Неге бұлай десем, шебер әйел: «Мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Дегенмен, біраздан соң басылуы керек», - деп, тыныштандырды. Бірақ үйге келген соң басылған ештеңе жоқ. Көзіме шоқ түсіп кеткендей ауыртып, аурудан шыдай алмай, біресе далаға шығамын, біресе үйге кіремін. Айғайлап, жер тепкілеп, қабырға соққылаймын. Шыдатпай әкетіп барады. Содан «жедел жәрдем» шақырдық. Мені дереу емханаға жатқызып, көзіме екпе жасап, ем қолдана бастады. Бірақ көзімнің ауруы шыдатпайды. Үнемі жансыздандырып, ауырғанды басатын дәрінің күшімен жүрдім. Бара-бара көзім көрмейтін болып қалды.


Содан бері талай дәрігерді шарлап, талай аурухананы тоздырдым. Бірнеше ота жасалды. Менің су қараңғы болғанымды көтере алмай, әкем жүрек талмасынан өліп кетті.


Дәрігерлердің айтуынша, қас-қабақты әрлейтін әйел менің көзіме сапасыз жақпамай жағып, ол майдан көзімнің ең маңызды мүшелері зақымданыпты. Кезінде шалқып өмір сүрген мен қас қаққанша сорлы болып қалдым. Қазір кезекті операцияға әзірленіп, Ресейге жол жүргелі отырмын. Дәрігерлердің айтуынша, жанарымды қайтаруға болады екен, бірақ солай болған күннің өзінде көз жанарым әлсіз болмақ. Шамамен, 10-15 пайызға ғана көру үміті бар.


Менің соқыр кейпімнен қатты шошып, күйеуім шешесінің үйіне кетіп қалды! Мен енді мүлдем жалғыз қалдым.


Жанарымнан айырылғаннан бері өмір жайлы көп ойланамын. Ең бірінші есіме түсетіні – өзім тастап кеткен бірінші жігітім. Одан кейін – балам. Осы екеуінің қадірін біліп, өмірімді арнай алмадым-ау деймін. Соның салдарынан жалғыз қалып отырмын.


Өмірім, қарап отырсам, мағынасыз өткен сияқты. Қатты қуанып, қатты ренжімеппін де. Әйтеуір әдемі киініп, сайрандап жүргеніме ғана мәз болыппын. Тіпті балама да аналық мейірімді төкпеппін ғой.


Бұл хатты жаздырғандағы менің айтайын дегенім – ешқашан өз бастарыңызды бірінші орынға қойып, өзгелердің өмірін ойыншық көрмеңіздер. Алла бала берсе, Алла сізді сүйетін адамды жіберсе, соған бар махаббатыңызды арнаңыз. Өмірдің бәрі жылтырақтан тұрмайды.


Ең бастысы, денсаулыққа жетері жоқ екен ғой. Осындай қарапайым қағидаларды білмей, шын байлықты бағаламай, басқа бір арзан байлықтың буына піскен менің өмірімді қайталамаңыздар. Шалқып жүрген кезімде мүгедек және жоқ-жітік жандарға бұрылып қарап, садақа да беру ойыма келмепті ғой.


Менің ендігі тағдырымды кезекті операция шешеді. Ол ойдағыдай болса, өмірді басынан бастар едім, шіркін-ай...


Индира Байтекова, Ақсу


alashainasy.kz/ 




Көрілген: 1826    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 02.01.2018, 11:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан 2017
    Кек қуған әйел (оқиға)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31