Өзін сүймеген жігіттің қорлығына көнген әйелдің махаббаты

Өзін сүймеген жігіттің қорлығына көнген әйелдің махаббаты

Сексенінші жылдар.
Мақсат автобус жүргізушісі, бойы ұзын, өте келбетті жігіт, көп қыздың арманы. Эльзаның есімін естіген адамдар, оны қай ұлттың қызы екен деп ойлайтын. Көп балалы отбасының үшінші қызы Эльза нағыз қазақтың қара қызы. Есімін əкесі қойған.

Эльза мектеп бітіріп, қалаға оқуға түсу үшін, автобусқа мінеді. Автобус жүргізушісіне бірден көзі түседі. Мақсат та Эльзаға жымия қарайды. Осы бір кездесу Эльзаның өмірін түбегейлі өзгертеді. Эльза Мақсатқа ғашық болып қалады. Көп қыздың арманы болған Мақсат, бір жылдан соң Эльзаға үйленеді.

Мақсаттың ауылы Эльзаның ауылынан алыс еді. Тойдан кейін екі жас бөлек үй алады. Сүйікті жігітіне тұрмысқа шыққан Эльзаның қуанышында шек жоқ еді. Кішкентай сіңлілері де жезде деп мəз болады. Мақсат рейспен Эльзаның ауылына келген сайын, балдыздарына кампит əкеліп, балалардың ең сүйікті жездесі болатын. Эльза өз ауылына өте сирек келетін.

Мақсат пен Эльза ұлды болады. Сіңлілері каникулда əпкесінің ауылына барады. Мақсат рейстен келеді. Үйде балдыздарының барына қарамастан, араққа сылқия тойып алып, Эльзаға қол көтереді. Жезделерінің бұндай қылықтарын көрген балдыздары, қорқып, келесі күні өз үйлеріне кетеді. Ата-аналарына жездесінің істегенін айтып береді. Эльзаның əкесі жолға шығады.Мақсат рейсте еді. Эльза əкесіне Мақсатты жақтап, бұл бірінші жəне соңғы рет болғанын жəне бұған Эльза өзінің кінəлі екенін айтып, шығарып салады.

Осылай жылдар өтіп жатады. Эльза мен Мақсаттың үш баласы бар. Эльзаның 25 жас туған күніне тосын сый жасаймыз деп,торт пісіріп, сыйлық алып, ата-анасы, сіңлілері Эльзаның ауылына жол тартады. Үйге кіріп келген кездегі Эльзаның түрін көрген , туысқандары жылап жібереді. Бір көзі көгерген, екінші көзі ісіп, жабылып қалған, аузы-мұрнының барлығы қан болған Эльза, ыңырсып полда жатыр. Əкесі Мақсатты іздей бастайды. Бірақ Мақсат үйде жоқ еді. Араққа тойып, əйелін ұрып, ары қарай ішуге достарының үйіне кеткен болатын.

Ата-анасы Эльзаны, үш баласын алып өз ауылдарына алып кетеді. Бір ай бойы Мақсаттан хабар болмайды. Эльза ата-анасына өз ауылына жіберуін өтінеді. Мақсат жақсы адам, мен онсыз өмір сүре алмаймын деп жалынады. Бірақ əкесі жібермейді.

Бір ай, бір апта дегенде Мақсат келеді. Кешірім сұрап, енді арақ ішпейтінін айтып, уəде беріп, отбасын алып кетеді. Бір жылдан соң төртінші балалары дүниеге келеді.

Эльзаның ата-анасы өткендегі жағдайдан кейін қызына айтпай, барып тұруды əдетке айналдырады. Қашан барса да, Мақсат үйде жоқ. Эльза ылғи Мақсат рейсте деп айтатын. Əкесі бұған күмəндəнə бастайды. Таныс жігіттер арқылы Мақсаттың рейсте емес екенін біліп алады. Эльзаны төрт баламен жиі жалғыз қалдырып, өзі басқа əйелдермен сайран салып жүргенін, үйде айына бір-екі рет ғана келетінін біледі. Қызын алып кеткісі келеді. Бірақ Эльза отбасына араласпауларын өтініп, ата-анасын шығарып салады.

Қызын алып кетпесе де, əкесі қызына жиі келіп, немерелеріне азық-түлік əкеліп, көмектесіп тұрады. Бір келгенінде, Эльзаның төсекте жатқанын көреді. Ешкім ұрмаған, бірақ өзі жүре алмай қалған. Дереу Эльзаны ауруханаға жатқызады. Дəрігерлер диагноз қоя алмай, ұзақ жүреді.

Əкесі қызын емшілерге апарады. Үш емші бір ауыздан Эльзаға бір орыс əйел дуа салғанын айтады. Эльза ол əйелдің кім екенін бірден түсінеді. Мақсат үш жыл бойы сол əйелдің үйінде еді. Бұны естіген ата-анасы, Эльза мен Мақсатты заңды түрде ажырастырып, төрт баланы өздері бағады.

Əкесі қанша тырысса да, Эльзаны аман алып қала алмайды. Отыз жасқа жаңа ғана толған Эльза, ауыр дерттен ауруханада көз жұмады.

Жастықтың астынан хат тауып алған мейірбике, əкесіне береді. Еркектер жыламайды дейді, бірақ хатты оқып отырған əкесінің зар жылаған дауысын барлығы естиді.

Хатта Эльза əкесіне өзінің соңғы тілегін жазған еді: "Əкешім, анашым, мен сіздерге өте ризамын. Сіздей ата-анасы бар мен бақыттымын! Əкетай, менің азғана ғұмырым қалғанын білемін. Сіздерден өтінерім, менің Мақсатыма ренжімеңіздерші. Оның ешқандай кінəсі жоқ. Ол мені ешқашан сүйген жоқ. Ол маған тек аяғым ауыр болып қалғаным үшін үйленді. Ол менімен тек өз балалары үшін ғана тұрды. Ол мені сүймейтінін күнде айтатын. Бірақ мен оны қатты жақсы көремін, əке! Мақсатыма өкпелемеңіздерші… Балаларды одан ажыратпаңыздаршы. Ол керемет əке, балалар оны жақсы көреді. Əкетай, сізден өтінерім, балаларды Мақсатқа беріңіздерші. Эльза. 1996 жыл».

Əкесі өзінің ең сүйікті қызы Эльзаның соңғы тілегін орындайды. Қазір 2017жыл. Мақсат екінші əйелі Надеждамен бақытты отбасы, шетелде тұрады, алты баланың əкесі, арақ ішпейді, кəсіпкерлікпен айналысады, Эльзадан туған төрт бала шетелде оқу бітірді. Эльзаның балалары нағашыларымен тек əлеуметтік желі арқылы араласады. Осы уақыт ішінде Эльзаның зиратына тек ортаншы баласы ғана келіп кетті.

P.S.: Қыздар, сүйгенді сүйіңдер, сүймегенге жалынбаңдар! Ер адамды он баламен де ұстап тұру мүмкін емес. Ер адам тек сүйіктісін бақытты қылады!

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста