Отбасы - ошақ қасы

Өзіңді сүймеген адамды дуалап, күнәға батпаңыздар!

  • Өзіңді сүймеген адамды дуалап, күнәға батпаңыздар!

    Өзіңді сүймеген адамды дуалап, күнәға батпаңыздар!

 Қымбатты қыз-келіншектер, амансыздар ма! Мен бүгін өзімнің көптен бері ойымда жүрген дүниені жазайын деп шештім. Кейінгі кезде қыз-келіншектердің жігіттерді дуалап өзіне қаратуы жиілеп кеткенін естіп жүрмін. Айтайын дегенім,ойды ой қозғайды дегендей, жақында бір келіншектің өзәін енесі дуалағаны туралы айтқанын естіп қалдым. Ондайға бұрын-соңды сенбеуші едім.Т ек өзім қызмет бабымен ақыл-есі кем жандардың емделу орталығына жұмысқа орналасқаннан бастап расында да дуалайтындардың көп екеніне көзім жетті.

Қысқартып айтсам, таяуда біздің орталықта бір жігіт емиделді. Өзі келбетті жан екен. Оны әйелі өзімнен басқа ешкімге қарамасын деп дуалаған екен. Дуаның күші соншалық, әлгі әйелдің күйеуі таңнан қара кешке дейін  қашан шаршап құлағанша әйелінің атын айтып айғайлап, көз алдына келгенше қоймайтын болыпты. Соңында əйелі шаршап, күйеуінен өзі әрең қашып құтылыпты.


Сондықтан ешқашанда ешкімге жамандық жасап, жақсылыққа қарық боламын деп ойламаңыздар. Дуаны жасаған ада соңында өзі зардабын тартады. Адамдар асыққанмен, Алла асықпайды. Ертелі-кеш,алдыңнан болмаса ұрпағыңның алдынан шығары анық. Қадірлі қыз-келіншектер, өз жүрегімен сүймеген ер адамдарды оқытып ұстаймын деу өте қате пікір.Тыныштықта, алаңсыз өмір сүргілеріңіз келсе, ата-енеге адал болып, сүйген жарларыңызды дуа мен емес, адал ниет, жұмсақ алақан, мейірімді жүрекпен ұстауға тырысыңыздар.Себебі дуаны жасатқанда,жасалған адамның тартар азабы өте ауыр .Ал артық азаптың сіздерге қажеті қанша? Бір күн болса да,тыныш ұйықтап, алаңсыз өмір сүргенге не жетсін.


Аноним 




Көрілген: 1896    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.10.2018, 10:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30