Отбасы - ошақ қасы

Өзінен 25 жас үлкен әйелді алған жігіт

  • Өзінен 25 жас үлкен әйелді алған жігіт

    Өзінен 25 жас үлкен әйелді алған жігіт

 ...Шынар осы сәтті көп жыл күтті, тіпті күні-түні армандады, сондықтан жігіттің құшағына оп-оңай кіріп кетті.

Кәрімнің кеудесінен шыққан ып-ыстық леп тұла бойын ысытып жібергендей. Ол бетін қыздың самайына басты.

-Не ойлап тұрсың?

-Ештеңе. Тек табиғаттың сұлулығына тамсанып тұрмын...

-Шынар, менікіне барайықшы...

-Бірақ...

-Тш...

Кәрім саусағымен Шынардың ернінен басып «үндеме» деді де, жұмсақ ернін қыздыкіне тигізіп, тас қып құшақтап алды. Шынар да Кәрімнің бетінен қысып ұстай алып, ернінен, маңдайынан шөлпілдетіп сүйе берді... Ххххх..

Көлік Шынар анада көріп тамсанған үш қабатты зәулім үйдің қасына келіп тоқтады. Екеуі қымбат тастан жасалған баспалдақпен көтеріліп, ішке кірді. Шынар биік талғам, қымбат жиҺаздармен жасауланған үйге таңдана қарады.

-Бұл жақтың ауасы өзгеше. Әсіресе, айнала қыста әдемі, сыртқа шықсаң, бейнебір ертігелер әлемінде жүргендей боласың. Саған үй ұнай ма?

-Әрине,-деді Шынар таңданысын жасырмай.

-Не ішесіз, мадмозел? Бүгін сен-қожайын, мен-қызметшің болайын,-деп Кәрім орнынан ұшып түрегелді.

Жан-жаққа абдырай қарап, терең ойда отырған Шынар оны естімегендей...

-Шынар, не ойлап кеттің?

-Қалай десем екен... Мына үлкен үй қаншалықты әдемі болса-іші соншалықты құпияға толы сияқты... Сұрақ көп...

-Қойшы енді. Бұл өмірде сұрақтың бәріне жауап беру міндетті емес шығар? Тек өзің бақытты, үлде мен бүлдеге оранып өмір сүрсең болды емес пе?

-...

-Мәселен, бақыт құсы өзге емес, менің қолыма кеп қонды. Сонда мен оған «неге келдің?» деп ұшырып жіберуім керек пе?

-Сансыз сұраққа жауап болмаса, оның қандай құс екенін пенде қайдан біледі?

Кәрім бір сәт үнсіз отырып қалды.

-Шынар, мен сені ұнатып қалған сияқтымын. Өмірімде алғаш рет... бұл бір керемет сезім екен.

Ол қызды құшақтауға ұмтылып еді, Шынар оның қолын сыпайы түрде итеріп, көзіне тік қарап тұрып:

-Сұрақты төтесінен қояйын. Сен кімсің, Кәрім? Мына зәулім үйді, көлікті қалай алдың? Қандай қызметте істейсің?

-...Жақсы. Білгің келсе, ештеңе жасырмай айтайын. Одан кейін мені көрмей кетсең, еркіңде,-Кәрім көңілі қаламайтын әңгімені тістене әрең бастады,-Сен сұрап отырған мына зәулім сарай, сыртта тұрған қос көлікті, және банк шотымдағы ақшаларды танымал тұлға сыйға тартты...

-Не үшін?

-Ол әйел мені сүйеді.

-Сен ше?

-Жоқ! Сүймеймін! Мен оны жек...

-...

‑Сананы тұрмыс билеген заманда, қазір адам ақша үшін бәріне дайын. Ал «ар-намыс, ұят» деген ұғым екінші қатарда қалып қойды. Мен қарапайым отбасыда дүниеге келдім. Балалық шағымда спортқа әуес болдым. Мектептен кейін медициналық колледжге түстім. Бірақ кейін мамандығым бойынша жұмыс істей алмадым. Көптеген қызметтерді ауыстырдым: құрылысшы, күзетші болдым. Кейін қаладағы белді мейрамханада даяшы боп жүргенімде, «онымен» таныстым. Өзімнен 25 жас үлкен әйелді бірден таныдым, теледидардан жиі көретін «апай». Алғаш танысқан күннен бастап‑ақ ол қыр соңымнан қалмады. Қайда барсам да алдымнан шығады. Тіпті қашып, басында ауылға да кетіп қалғам...

Кәрім бір сәт үнсіз қалып, терең күрсінді.

-Мені тыңдап отырсың ба?

-Иә...-деді Шынар, жылауға шақ отырғанын білдірмей тістеніп.

-Ол әйел намыс дегенді білмеді, отбасы бола тұра, қайда барсам да, мерседесімен мені аңдитын болды. Мені сүйетінін қайталай беретін. Жұмыс істеп жүрген жерімнен шығарып алады. Жолымды жауып тастады. Себебі оның құрығы ұзын болды, қолынан бәрі келеді. Қолыма пішендеп ақша, астыма көлік, үстіме зәулім сарай берді. Солай... бара-бара мен оның жекеменшік қуыршағына айналдым. «Тек мен келгенде үйде болсаң болғаны. Сенсіз өмір сүре алмаймын» дейді...

-Қолыңа қонған бақыт құсың сол ма?

-Мен бақытсызбын, Шынар... Өзімді жалғыз сезінем... Бірақ мына рахат өмірден де айырылғым келмейді. Ақшасыз қалсам-жағаға шыққан балықтай шарасыз күйде қалатын сияқтымын...

-Ха! Мұның бәрін маған не үшін айтып отырсың?

-Өзім де білмеймін... Менің тіпті айыбымды мойымдап, сырымды айтатын адамым да жоқ екен... Бірақ дұрыс түсін, ақталып отырған жоқпын, тек ішіме сияр емес...

Шынар аз-кем ойланып отырды да:

-Менімен неге кездестің, Кәрім? Мында неге әкелдің мені?



«Сен соны әлі түсінбей отырсың ба?» дегендей, Шынарға таңдана қарады.

-Мен саған ғашық боп қалдым, Шынар. Сенімен кездесу, сырласу – арманым еді. Бес жыл бұрын сен бала едің, өзім екіұдай ойда жүргендіктен, саған сезімімді білдіруге болмайтынын білдім. Бірақ сол кездегі тәтті қиялым маза бермейтін...

Кәрім орнынан тұрып, Шынардың қасына келіп, құшағына алды.

-Сен менің арманым болдың... Мен сені тіпті сүйіп қалғандаймын. Бүгінгідей бақытты сәтті басымнан ешқашан өткермеппін. Ешқашан...

Кәрім Шынардың ернінен қадала ұзақ сүйді... Өз-өзін ұмытып, қыздың әппақ тамағынан иіскей бастады.

Манағы әңгімені естімегенде, бұл түннің немен аяқталары белгілі еді. Бірақ Кәрімнің ішкі сыры Шынардың жалындап жанған сезімін баяғыда-ақ өшіріп тастағандай, қыз орнынан түрегелді. Бір-екі аттап басып, оң жақтағы диванға отырды. Кәрім де жанына келіп, қыздың санына басын қойып, аяғын созып ұйықтап кетті.

Шынардың сол отырған күйі көзі ілініп кетіпті. Арайлап атқан ақ таңның жарығы бетіне түскенде бір оянды. Басын санына қойып ұйықтап жатқан Кәрімді оятып алмайын деп, аяғының ұшымен басып, бөлмеден шықты. Шығып бара жатып, қымбат белорустық шкафтағы суретке көзі түсіп кетті. Кәрім мен бөтен әйелдің құшақтасып түскен суретіне жақындап келіп, дұрыстап қарады.

Бұл әйел әлгі... Иә, теледидардан жиі көрінетін таныс «апай». Үнемі «пәлсапа» соғып отыратын ше... Әрі сайлауға түсіп жатыр. Суреттері көшеде самсап тұрған әлгі... Қанша жас көрінгісі келіп, бетіне пластикалық операция жасатса да, Кәрімнің қасында тым кәрі көрінеді. Тап анасындай!

Әйелдің көздері... Шынарға шегірейе қарап: «Мен жоқта үйіме келіпсің... Мұндай үйді, жиҺазды өңің түгілі, түсіңде де көрмеген боларсың?! Ұстап көр тым болмаса, ха-ха! Менің «жекеменшік» дүниеме көз салушы болма, ұқтың ба? Дәметпе де! Бейшара, мұғалім! Егер жолымды кес-кестейтін болсаң, тұқымыңмен құртам! Енді үйімнен көзіңді жоғалт!» деп тұрған сияқты.

Шынар тәтті ұйқыда жатқан Кәрімге бір, суретке бір қарады. Сосын аяғының ұшымен басып барып, Кәрімнің маңдайынан соңғы рет қимай иіскеп тұрып «Қош!» деді.

 Түнде байқамай тап болған мынау белгісіз әлемнен тезірек сытылып шыққысы келді. Тіпті ағасының коттеджіне де барғысы келмеді. Жүрегі өзінің жалдап тұратын бір бөлмелі ұясына ұмтылғандай... Еңсесін басқан зәулім үйден шығып, көліктер әрлі-берлі жүрген трассаға шыққанда барып, тордан бостандыққа шыққан құстай, кеудесін кере тыныс алды...

«Гүл әдемі болған сайын, одан жұпар иіс аңқымайды» деген рас екен... Шынар күні кеше арманындағы Кәрімді көргеніне сондай қуанып еді, ал бүгін керісінше, өкініп қалды. Себебі оны кездестірмегенде, Кәрім кейін де қиялындағы «ханзадасы» боп қалатын еді... Сол қиялындағы тұлғаны жүрегінде пәк күйінде сақтап, әрі қарай өмір сүре берер еді. Тіпті өзімен бірге қабірге әкетер ме еді, кім білсін... «Өмір-қиял емес, қиял-өмір емес» деп күбірлей берді Шынар. Енді адырдағы алдамшы сағымдай елеске ұмтылмай, тіршіліктегі шынайы болмысқа тез көшу керегін сол сәтте ұқты...


Ж.Бақыт


 


 




Көрілген: 1388    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.01.2019, 10:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28