Отбасы - ошақ қасы

Өзінің тойында толғатқан келіншек

  • Өзінің тойында толғатқан келіншек

    Өзінің тойында толғатқан келіншек

Жасыратыны жоқ, бүгінде ақ босағадан пәк боп емес, аяғы ауырлап аттайтын келіншектер көп.


Бұған ата-аналар да көз жұма қарайтын болған. Жігіт жағы да, қыз жағы да қысылып-қымтырылмай, ішінара «дайын боп келген екен ғой» деп сыбырласып, беташар жасап, той-құдалығын өткізе береді. Бұрынғыдай келіннің абыройын тексеріп жатқан ешкім жоқ.


Былтырғы жылдың қарашасында ауылымыз­ға келін түскен болатын. Оның аяғы ауыр екені сол күні-ақ ауыл-елге мәлім болды. Бұл жайлы бәрі білсе де, ешкім жастарға: «Сендердің некесіз төсекке барғандарың дұрыс емес, неге асығыстыңдар?» – деп сұрақтың астына алып, ұялтқан жоқ. Түк болмағандай беташарын өткізіп, жас келінді ағайын-туыс, көрші-қолаңға таныстырды. Бірақ той жасайтындай жағдайлары жоқ еді. Қыздың ата-анасы той жасайсың деп талап қойса керек, үйдегі жұмысқа жарамдыларының бәрі, оның ішінде жаңадан үйленген жас жұбайлар да жапа-тармағай Алматы мен Астанаға жұмыс іздеп кетті. Сөйтіп қыстың суығына қарамастан жұмыс істеп, наурыздың соңында үйлеріне қайтты. Дәрігерлер келінді сәуірдің ортасына қарай босанады деген екен, соған дейін тойымызды өткізіп үлгеруіміз керек деп тойхана, асаба, әншілер іздеп жанталасты.


Той болатын күн де келді. Шақырылған соң бәріміз бардық. Келіннің айы-күні жетіп тұрғаны білініп тұр. Ауыр қозғалады. Тойы болып жатқанда жүзі қуаныштан бал-бұл жайнап тұруы керек еді, керісінше келіннің қабағы қатыңқы, ара-тұра астыңғы ернін тістелеп қояды. Оның осылай қиналып тұрғанын көрген бір әйел енесіне: «Келінің толғатып тұр ғой. Той үстінде туып қалмасын», – деп еді, ол жақтырмай: «Сен де айтады екенсің», – деді. Әлгі әйелдің айтқаны айнымай келіп, той ортасына жетпей жатып, келіннің толғағы қатты қысып, тойханадан перзентханаға жөнелтті.


Тойға жиылған жұрт әрі-сәрі. Той жалғаса ма, жоқ әлде қайта салу керек пе? Енесі мен шешесі келінмен бірге кеткен. Күйеуі тойда қаларын да, келіншегімен бірге перзентханаға кетерін де білмей жүгіріп жүр. Айтып-айтпай не керек, бір ыңғайсыз жағдай болды.


«Жүре берсең көре бересің» дегендей, осындай жағдайды да көрдік. Күйеуінің табалдырығынан аттамайынша абыройыңды сақта деп қыздарымызға, алатын жарыңды ақ неке қиылмай төсекке сүйреме деп ұлдарымызға айтып отыру әр ата-ананың міндеті ғой негізі.


Тазалық болмаған жерде тегіміз құритынын жастарға айта жүрейікші.


Л. НҰРБАҚЫТ.


zamana.kz




Көрілген: 2447    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 03.09.2017, 18:02

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
18 Қыркүйек, 09:26
Қыз күнінде бәрі жақсы...
15 Қыркүйек, 10:29
Енем мені менсінбейді
7 Қыркүйек, 10:48
Мұғаліміме ғашықпын...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30